Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік басқаруды құқықтық және ақпараттық қамсыздандыру

Автор:   •  Май 7, 2018  •  Лекция  •  1,464 Слов (6 Страниц)  •  939 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет

Мемлекеттік емтихан бағдарламасы

5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын

бітіруші студенттер үшін

Қызылорда, 2018 жыл

Мемлекеттік емтихан бағдарламасын құрастырушы «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының аға оқытушысы Ұ.Д.Берікболова

Бағдарлама «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару»  кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында  қаралып, бекітілді

Хаттама № ____     ____     ________________   2018 жыл

«Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарының жетекшісі _______э.ғ.к.Бекхожаева А.Қ.

Бағдарлама  «экономика және ақпараттық технологиялар» факультетінің «экономика және бизнес» бағыты бойынша академиялық кеңесінде   талқыланды

Хаттама № ____     ____     ________________   2018 жыл

Кеңес төрайымы        ________ э.ғ.к. Г.Ж.Рысмаханова

 

5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті» басқару мамандығын бітіретін түлектердің білімділігіне қойылатын жалпы талаптар:

Түлек төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • әлеуметтік-экономикалық және гуманитарларық ғылымдар облысындағы негізгі ілімді біліп, әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен үдерістерді ғылыми талдауға қабілетті болып, осы ғылымдардың методологиясы мен әдістерін кәсіпқойлық қызметте пайдалана алу;
  • адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қатынастарын реттеуші этикалық және құқықтық нормаларды біліп, оларды экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жобаларды жасауда пайдалана білу;
  • экономикалық күрделі динамикалық жүйе екендігі туралы толық білімінің болуы;
  • кәсіпқой қызметтерін іске асырумен байланысты мақсатты қойып, міндеттерді қалыптастыра білу, осыларды шешу үшін үйренген ғылымдарының әдістерін пайдалана алу;
  • өзінің кәсіпқой қызметінің түрлері мен мінездерін өзгертуге әдістемелік және психологиялық дайын болу;
  • өмірдің салауатты бейнесі туралы ғылыми түсінігі болып, физикалық өзін-өзі жетілдірудің қабілеттері мен дағдыларын меңгеру;
  • ойлау мәдениетін игерген, оның жалпы заңдарын білетін, оның нәтижелерін жазбаша және ауызша түрде дұрыс жеткізе алу;
  • ғылымның даму мен өзгермелі әлеуметтік тәжірибе жағдайында жинақталған тәжірибені бағалау, қазіргі ақпараттық білім технологиясын пайдалана отырып, жаңа білімдерді игеру;
  • ақпараттық жүйелерді құрып, пайдаланып, қолдап және дамытып, ақпараттық менеджмент пен маркетингті іске асырып, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпаратты жинау, хабарлау, өңдеу және берудің компьютерлік әдістерін меңгеру.

Мемлекеттік басқару теориясы

1.Мемлекеттің қоғамдық процестерді басқару субъектісі ретінде

Мемлекеттің пайда болуы, мәні мен негізгі сипаттамалары. Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның негізгі бағыттары және оны басқару тәртібі, мемлекеттік құрылымы және саяси режимі бойынша жіктелуі. Мемлекеттік құрылымдағы унитарлық пен федеративтілік. Президенттік және парламенттік басқару тәртібі. Монархияның, аристократияның және демократияның мәні мен ерекшеліктері. Мемлекетті басқарудың объективті қажеттілігі. Басқару жүйесі қоғамдық-экономикалық даму институты ретінде. Мемлекеттің негізгі қызметтері және мемлекеттік басқарудың әртүрлі жүйелерінің сипатталамары.

2.Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері

Мемлекеттік басқару ісінің теориялық астары және оның құрамдас бөліктері. Азаматтық қоғамда мемлекеттік саясаттың маңызы мен қалыптасуы. Мемлекеттік саясатты іске асырудың ресурстарын, әдістері мен механизмдерін таңдау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі тікелей, кері және жанама байланыстар.

Мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілері және олардың жүйелері. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және оларды дұрыс анықтаудың маңызы. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері және белгілі бір тарихи кесімді уақыт ішінде олардың басыңқылығының проблемалары. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-саяси, моральдық-этикалық және т.б. әдістері. Мемлекеттік басқару әдістемесінің түсінігі және оны ұдайы жетілдіріп отыру қажеттілігі.

...

Скачать:   txt (25.8 Kb)   pdf (149.2 Kb)   docx (19.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club