Бақылау және басқарудың бір жылдық жоспарын құрастыру
Автор: Nazerkeem • Май 18, 2022 • Реферат • 695 Слов (3 Страниц) • 517 Просмотры
[pic 1][pic 2]
Бақылау және басқарудың бір жылдық жоспарын құрастыру
Мақсаты: Педагогикалық ұжымды басқару әдісімен стилін жүзеге асыру,бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша оқу-тәрбие процесін нақты талдауды қамтамасыз ету.
Осы бөлімді жоспарлау барысында балабақша педагогтарының қызметін бақылау үшін төмендегі бақылау түрлерін қолдануға болады.
Олар: Фронтальді
Тақырыптық.
Салыстырмалы.
Ескерту.
Бақылаудың басты міндеті: ол педагогтарға дер кезінде көмек беру, қателіктерін түзету және алдын алу, озат педагогикалық шеберлікті шолу және тарату болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде инспекторлық тексеру ұсыныстарына, педагогикалық кеңес шешімдеріне, балабақша бұйрықтарына, бағдарламаның барлық бөлімдерінің орындалуына бақылау және басқарудың жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлу керек. Топтарда балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс, мектеппен байланыс, қауіпсіздік техника және еңбекті қорғау, жарақаттанудың алдын алу жұмысы үшін жағдай жасау керек.
Жоспарда бір топтың жұмысына фронтальді тексеру (қажеттілік бойынша) қарастыру керек болса онда бұл бақылау 1 күнге немесе бірнеше күнге созылуы мүмкін.Мұндай тексеру тәрбиешінің топпен және әрбір баламен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын, балаларды не қызықтыратынын, бағдармалық материалды қалай меңгергенін, балалардың дағдысы мен танымының деңгейін, тәрбиешінің балаларды қабылдауын, ата-аналармен қарым-қатынасын, ҰОІӘ-ін өткізу шеберлігін, балалардың ойыны мен еңбегін қалай басқаруын, күн тәртібінің сақталуын, балалардың өмірі мен көңіл сергітуін ұйымдастыруын бақылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тәрбиешінің жұмысындағы қиыншылық туғызатын мәселелеріне керекті көмек беруді қамтамасыз етеді. Фронтальді тексерудің қорытындысы педагогикалық кеңесте немесе өндірістік кеңесте қаралады.
Тақырыптық бақылау мектепке дейінгі мекемелерде кең тараған бақылаудың түрі. Бұл бағдарламада көрсетілген белгілі бір тақырыптың шеңберіндегі тәрбиешінің жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.Педагоги калық шеберлігі жоғары жұмыс істейтін топтарда тақырыптық тексеру озық тәжірибиені үйрену мақсатында жүргізіліп, таратылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде салыстырмалы бақылау ерекше орын алады.Бұл бақылау - екі тәрбиешінің жұмыс іс-әрекетін салыстырмалы түрде тексерумен ерекшеленеді.Салыстырмалы тексеру екі параллель топта өткізіледі.Бағдарламалық материалдардың топтардағы балалардың меңгеруін, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің дамуын, ҰОІӘ-дегі балалардың өз алдына жұмыс істеу қабілетін, тәрбиешінің балаларды оқыту әдістемесін салыстырады.Бұл тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралады.Бақылау тәрбиешінің жұмысын, іс-құжаттарын тексеру бойынша жүргізілуі мүмкін.Тәрбиешілер мен әдіскер екі деңгейде өткізіліп жатқан жұмыстардың ең тиімді түрін бірлесе қабылдайды.Бақылаудың бұл түрі алдыңғы қатарлы іс-тәжірибиелерді есепке алуға және оқу тәрбие процесінің жақсаруына әкеп соғады.
Жас тәрбиешілер жұмыс істейтін топтарда ескерту бақылауы жүргізіледі. Ол тәрбиешілердің іс-әрекетіне бақылау түрінде немесе тәрбиешілермен әңгіме түрінде жүргізіледі. Педагогтың жұмыс күніне дайындығы, озық іс-тәжірибені енгізуі, оқу тәрбие әдісін меңгеруі ескерту бақылауының негізі.Салыстырмалы бақылаудың ең басты мақсаты- педагог жұмысының қателіктердің алдын алу, жұмысын жандандыру.
Жүйелі бақылау
Күнделікті бақылауды талап ететін мәселелер:
1.Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықтың орындалуы.
...