Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері
Автор: gulmiratoigulova • Ноябрь 16, 2021 • Реферат • 1,053 Слов (5 Страниц) • 417 Просмотры
Тойгулова Гулмира «Жібек жолы» ЖОМ информатика пәні мұғалімі
Мерзімі : 05.10.2019 жыл.
Уақыты : 8:30
Сыныбы : 5 «А» сынып
Пән атауы : Информатика
Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері
және обьектілері.
Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері
және обьектілерімен таныстыру, түсінік қалыптастыру. Операциялық жүйені
басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілерімен жұмыс жасауды меңгерту.
Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері
және обьектілері мүмкіндіктерін пайдалана отырып жұмыс
жасауды үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларда операциялық жүйе туралы түсінік қалыптасады. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілерін қолдана алады және обьектілерін ажыратады. Әрбір обьектінің атқаратын қызметін біледі және оларды баптай алады. Топтасып жұмыс істеуге дағдыланады, бір-бірін құрметеуге және пікірлірін тыңдауға үйренеді.
Кіріктірілген модульдер: Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер, Сынитұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқытуды басқару және көшбасшылық, Оқытумен оқуда АКТ-ны пайдалану.
Әдіс-тәсілдер: «Мозайка» әдісі , «Фишбоун» әдісі, «Зигзаг» әдісі, «Ассоциация» әдісі
Көрнекігілі : Сызбалар , слайдтар, бағалау парақшасы, стикерлер, маркерлер.
Уақыт өлшемі | Жоспар мазмұны | Мұғалім іс әрекеті | Оқушылардың іс әрекеті | Оқытудың нәтижесі |
1 мин | І. Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды психология лық дайындау. Өзін -өзі реттеу. | Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу. «Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып жылы лебіздерін білдіру) ұйымдастыру | Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді. Бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. - Бүгінгі күніне сәттілік тілейді. | Оқушылар бір- бірін сыйлауға, өзін және құрдастарын құрметтеуге үйренеді |
3 мин | Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу. | Оқушыларды топқа бөлу барысында: Топтастыру стратегиясын негізге ала отырып компьютердің негізгі құрылғыларының суреттері бейнеленген қағаз қиындыларын ұсыну | Оқушылар берілген үлестірмелі қағаздарды алып, шағын 3 топқа бөлінеді . 1 топ. Монитор 2 топ. Жүйелік қорап 3 топ. Пернетақта | Оқушылар берілген тапсырманы топтаса отырып орындауға дағдыланады. |
6 мин | Үй тапсырмасын пысықтау | Мұғалім «Фишбоун» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтайды. Мұғалім оқушыларға балықтың қаңқасын салуларын айтады. Салынған балық қаңқасының үстінгі қабырғаларына үй тапсырмасына берілген тақырып бойынша сұрақтар жазуларын түсіндіреді. Қаңқаның төменгі қабырғаларына екінші топ жауап жазатындығын айтып өтеді. | Берілген флипчартқа оқушылар Балық қаңқасын салады. Салынған балық қаңқасының үстінгі қабырғаларына сұрақтар жазады.
| Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып сұрақтар қоюға дағдыланады, бірлесе отырып келісімге келуге үйренеді, бір-бірінің пікірлерін құнды деп есептеуге дағдыланады. |
15 мин | Жаңа сабақ | «Зигзаг» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту. Мұғалім үш топқа «Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері.» тақырыбын мәтін арқылы бөліп береді. 1 топ. Операциялық жүйе 2 топ. Операциялық жүйенің обьектілері 3 топ. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері
| Әр топ «Зигзаг» әдісі арқылы « Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері» туралы әр топ оқып, жұпта, топта талқылайды және постер жасайды. Постерді топ спикері қорғайды. | Операциялық жүйе туралы түсінік қалыптасады.Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілерін қолдана алады, және обьектілерін ажыратады. Әрбір обьектінің атқаратын қызметін біледі және оларды баптай алады. |
2 мин | Сергіту сәті | Оқушылардың миын тынықтыру, демалдыру мақсатында психологиялық музыка қойылады. | Оқушылар музыка тыңдап, өздерін еркін сезініп, бойларын сергітеді. | Оқушылар сергіту сәтінің нәтижесінде миларын тынықтырып демалады |
10 мин | Жаңа сабақта пысықтау | Мұғалім проектордың көмегімен компьютердің жұмыс үстелін экран бетіне шығарып сол жердегі әрбір орналасқан белгішелерге байланысты сұрақтар қою арқылы және «Ассоциация» әдісі арқылы жаңа сабаққа қорытынды жасау | «Ассоциация» әдісі арқылы оқушылар шеңбер сызып ортасына тақырып атауын жазып, сол тақырып бойынша өздері білетін ақпаратты жазады. | Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындау барысында жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін жәнеде, өмірде қалай қолданылатындығы жөнінде өз ойларын айтады |
1 мин | Бағалау. | Сабақ барысында мұғалім оқушыларды « Бағалау тақтасы» арқылы бағалайды. Әрбір оқушының берген жауаптыран тақтаға 1 балмен бағалап отырады. | Әрбір оқушы бағалау тақтасына қарап өзінің қанша баға лағанын біледі. | Оқушылар өздерін- өздері бағалай біледі. Оқушылардың мотивациясы артады. |
1 мин | Үйге тапсырма | . Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері. | Операциялық жүйе. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдеріжәне обьектілері және мүмкіндіктері жайлы мәлімет алып келу. | Жаңа тақырыпқа байланысты « Синквейн» әдісі арқылы бес жолды өлең құрап келеді. |
1 мин | Рефлексия. | Оқушыларға стикерлер таратып, кері байланыс жасады.
- Не білгің келеді? | Оқушылар стикерлерге берілген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады | Оқушылар өз ішкі сезімдерін қағаз бетіне түсіруді үйренеді. |
...