Әлемдегі саяси ойдын дамуы
Автор: limbetmereilim • Сентябрь 21, 2022 • Реферат • 1,234 Слов (5 Страниц) • 210 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі»
Кафедрасы: «Бизнес – Технология »
СӨЖ
Тақырыбы : «Әлемдегі саяси ойдын дамуы»
Орындаған: Қаныбетова А.Ж
Тексерген: Инкарбаев Е.Т
Алматы
Қазіргі заманның саяси ойы бірқатар идеологиялық-теориялық дәстүрлердің үздіксіз дамуы мен өзара байланысының нәтижесі. Адамзат өркениетінің тарихында әр түрлі елдердің ойшылдары қоғамның саяси өмірінің мәселесін ой елегінен өткізді, мемлекеттің мәнін ашуға талпынды.Сонымен қатар бәрінің көкейтесті « Ең жақсы мемлекет қандай болу керек? » сынды сұрағына жауап беруге тырысты. Ойшылдар саяси процестерге тікелей немесе жанама әсер еткен халықтардың тарихи тәжірбиесі негізінде саяси теориялар құрды. Ежелгі заманнан бері адамдар саяси процестердің мәнін,билік жүйесінің қалай жүзеге асатынын және оның қандай заңдар аркылы жүзеге асатынын ашуға тырысқан.
Ең алдымен ежелгі заманның саяси ойына тоқталсақ. Адамзат саясатының сан қырлы сырын,құбылмалы құбылысын өте ерте ғасырдан түсініп білгісі келген. Саяси идеялар Батыс елдері ішіндегі Ежелгі Грекияда қарқынды дамыды.Батыс елдеріндегі қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда пікірлері бір біріне қарама-қарсы келеді . Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрылды . Саяси өмір қызу өрбіді, ал ол өз кезегінде саяси сана теориясының қалыптасуына әкелді. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің ,саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімнің басшылығында ,құбылыстың қандай түрлері бар және ең жақсымен үздігін ,халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар діни-аңыздыұ бағытта болғаны белгілі. Себебі ертедегі адамдар жер бетіндегі өмір құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік тәртіптің бір ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалыға айтатын болсақ Ежелгі Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда сол кездегі аңыздарға сүйенсек,басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп,бақылап отырады. Көне Қытай аңызы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де,ал оны жүзеге асырушы импертор болады деп есептелгінген. Әрине діни көзқарастар ғылыми болып саналмайды,бірақ біз бұл жағдайды жоққа шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағын негізге алсақ,мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше.
Енді ежелгі заманның ойшылы Платонға тоқталсақ. Платон- антикалық заманның ғана емес,барлық философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдарының бірі. Платон мінсіз мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әрбір жеке тұлға өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардын әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындығы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қалыптастырды. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды.Себебі ол қоғама қайшылықтар , жан-жалдар шығарады деді.
Платонның шәкірті Аристотель тұңғыш рет саяси ғылымы туралы талдау жасады.Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен адами этиканың дамығанын көрсетеді деп қарастырған. Аристотель саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды , мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жету деп білді. Бірақ ол құл иеленушілікті қолдады, ерікті кедейлермен құлдарға саяси құқық бергісі келмеді . Оның ойынша мемлекет-қауымның дамыған түрі , ал қауым өз кезегінде отбасының дамыған түрі деп санады. Мемлекетте адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді деп есептеді.
...