Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекет - кәсіпкерлік кызмет субьектiсi ретінде ерекшещи

Автор:   •  Март 30, 2022  •  Реферат  •  3,073 Слов (13 Страниц)  •  216 Просмотры

Страница 1 из 13

Алқалық органдар ретінде:

1) басқарма (дирекция);

2) байқаушы кеңес;

3) шаруашылық қатушылардың жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімі бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкін.

Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.

Шаруашылық серіктестігінің тоқтатылуы.

Шаруашылық серіктестігі: 1) білім беру шаруашылық серіктестігінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін; 2) оны құру кезінде қойылған мақсаттар бойынша; 3) тараптардың келісімі бойынша; 4) шаруашылық серіктестігі белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған жағдайда; 5) осы Заңда, өзге де заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Шаруашылық серіктестігін тоқтату қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөліну, қайта құру) немесе тарату жолымен жүзеге асырылады. Шаруашылық серіктестігін қайта ұйымдастыру кезінде серіктестіктің құжаттарына және заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер, ал тарату кезінде-мемлекеттік тізілімге тиісті жазбалар енгізіледі.

            Толық серіктестікті немесе сенім серіктестігін акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктесттікке айналдырғанда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі, немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толық немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке кешкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиарлық жауап береді [28, 112б.]. Бұрынғы толық серіктестің өзіне тиесілі акцияларын (үлестерін) ажыратып алуы оны мұндай жауапкершіліктен босатпайды. Шаруашылық серіктестігін таратуды оған қатысушылар тағайындаған тарату комиссиясы, ал банкрот болған жағдайда- соттың шешімі бойынша сот тағайындаған тарату комиссиясы жүргізеді.

Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіп пен мерзімде шаруашылық серіктестігінің алдыға уақытта таратылатыны туралы жариялайды. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап шаруашылық серіктестігінің ісіне басқару жөніндегі өкілеттік соған көшеді. Тарату комиссиясы шаруашылық серіктестігінің қолда бар мүлкін бағалайды, кредиторларды анықтайды және олармен есеп айырысады, тарату балансын жасап, оны серіктестікке қатысушыларға табыс етеді.

Кредиторлардың наразылығын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, банкроттық туралы заң актілеріне және Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес жүргізіледі. Шаруашылық серіктестігінде қалған мүлік серіктестік қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, соның ішінде заң актілерінде көзделген өтемдік төлемдер жасау бойынша есеп айырысқаннан және бюджет пен кредиторлар алдындағы міндеттемелер орындалғаннан кейiн қатысушылардың арасында серіктестіктің жарғылық капиталындағы олардың салымына қарай немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа тәртiп бойынша тең бөлiнедi. Шаруашылық серіктестігі таратылған кезде тiркеуші органдарға тарату балансы табыс етiледi, соның негiзiнде мемлекеттік регистрге шаруашылық серiктестiгi таратылғаны туралы жазу жазылады. Занды тұлғалардың мемлекеттік регистрiне жазу жазылған сәттен бастап тарату аякталған, ал шаруашылық серіктестігі өз қызметiн тоқтатқан деп саналады.

     Азаматтық Кодексте шаруашылық серіктестiктiң төмендегідей түрлерін құру мүмкiндiгi қарастырылған:

     1) толық серіктестік;

     2) жауапкершiлiп шектеулі серіктестік;

     3) косымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк,

     4) сенім (коммандиттік) серiктестігі.

Толық серіктестік (ТС). Өзiнiң қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда соның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен біріккен жауапкершілікте болатын серіктестік толык деп танылады [28, 112б.].

Азамат тек бiр ғана толық серiктестiктiң катысушысы бола алады.

...

Скачать:   txt (47.7 Kb)   pdf (96.3 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club