Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекет - саяси институт ретінде

Автор:   •  Декабрь 1, 2021  •  Реферат  •  2,508 Слов (11 Страниц)  •  940 Просмотры

Страница 1 из 11

Дәріс № 9.  Мемлекет - саяси институт ретінде.

  1. Мемлекет ұғымы және шығу теориясы.
  2. Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері.
  3. Мемлекеттік басқару формалары.

Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.  Бұл ретте  саяси  жүйенің  өз ішінде  саяси  рөлдер бөлініп  отырады.  Мемлекет саяси билікті жүргізудегі  ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен өте ерте замандарда пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі, ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезінумен тығыз байланысты.

«Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Кең мағынасында - оны ел, қоғам деп түсінуге болады. Ол белгілі бір территорияда орналасқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған біртұтас ағза. Өзінің тар мағынасында, мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым.

Мемлекеттің қызметі және түрі мен дамуы туралы негізінен екі бағыт бар. Олар: табиғи – мемлекеттік және классикалық мемлекеттік.

Қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы концепциялар көп. Соның ішінде кең таралғандары, олар: патриархалдық, теократиялық, қоғамдық келісім, жаулап алу және әлеуметтік – экономикалық.

Патриархалдық теория - мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялардың еркін жинауы,  осының негізінен - мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп қарастырады.

Келісім концепциясы (көрнекті өкілдері Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк т.б.) мемлекеттің пайда болуын - басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру мақсаты мен келісімі арқылы пайда болған деп түсіндіреді.

Күштеу теориясы- ол мемлекетті тікелей саясаттың әсері – ішкі немесе сыртқы күштеудің, жаулаудың нәтижесі деп жариялайды.

Әлеуметтік – экономикалық концепция  мемлекеттің пайда болуын -  қоғамдағы  еңбек бөлінісі, экономикалық қызығушылық, әлеуметтік қайшылықтар мен пайда болуы секілді факторлардың әсерімен байланыстырады.

Негізінен мемлекетті  құрастыратын компоненттерге қарап,  оны белгілі бір  елдерде өмір сүретін  саяси билік ұйымы деп қарастырады. Осы тұрғыдан территория, халық және саяси билік мемлекеттің негізгі құрамдас бөліктері болып келеді.

Территория – ол жағрапиялық кеңістік, мемлекеттің физикалық негізі.

Тұрғындар – ол мемлекет территориясында тұратын, оның билігіне бағынатын және ұлттын немесе елін құрайтын адамдар жиынтығы.

Саяси билік – ол «ұйымдасқан азшылықтың»,  яғни саяси элита және халықтың арасындағы үстемдік пен бағыну қарым-қатынасы.

Мемлекеттің негізгі белгілері: территория бірлігі,  салықтың жиналуы, халқының болуы, ұлттың өзін анықтауы, тәуелсіздігі.

Қоғам ішінде тұрып және оны бақылап отыратын белгілі бір саяси жүйе - қоғам өмірінің негізгі саласымен басқарылып отыратын жария биліктік бар болуымен анықталады. Құқықтың болуы, яғни халық билігімен орнатылған және санкцияланған міндетті мінез-құлық тәртібі.

Салық -  ол жария  билік арқылы мемлекеттің қызметін жүзеге асыру кезіндегі пайда болған шығындарын жабу және толтыру үшін азаматтар мен коммерциялық ұйымдардан алынатын міндетті төлеу.

Тәуелсіздік – ол мемлекет биліктің ешбір елге  тәуелсіз жүзеге асуы.

Жоғарыда айтылған  тұжырымдардың негізінде мемлекетке осындай анықтама беруге болады. Мемлекет – ол материалдық-қаржы ресурстары және қоғамдық келісім механизмінің көмегімен құқық негізінде  басқарушылықтың жүзеге асатын, әрі анықталған территорияда ұлттың немесе көпұлттың қатысуымен қалыптасатын саяси ұйымның ерекше түрі.

...

Скачать:   txt (36.8 Kb)   pdf (115.7 Kb)   docx (19.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club