Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы

Автор:   •  Ноябрь 20, 2021  •  Контрольная работа  •  3,869 Слов (16 Страниц)  •  639 Просмотры

Страница 1 из 16

 1 Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегі

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді. «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Өмір көпвекторлық ұстанымын толығынан ақтап шықты, республиканың өзінің ұлттық мүдделерін тиімді жақтай отырып, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуына мүмкіндік берді. Бірде Француз Республикасының Президенті Жак Ширак Қазақстан туралы былай деген болатын: «Франция 1991 жылы болған өзгерістерді маңызды және шешуші деп бағалайды. Белгісіз және күрделі жағдайда Сіздің еліңіз мемлекет құрудың қайтпас жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтарына және ұзақ тарихына адалдықпен қатар демократия мен құқықтық мемлекеттің жалпыадамзаттық ұстанымдарын. жақтайтындығын мәлімдеді. Қазақстан 15 жыл ішінде тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды». Н.Ә.Назарбаев алдын кеңінен шолып, халықаралық өмірдің негізгі мегатрендтерін практикалық саясатында ескеріп, ұрымтал сәттерді өзіне тән сезімталдықпен байқап отырады. Кейбір бұрынғы кеңестік көшбасшылар біздің Президенттің 1994 жылғы наурыздың 29-ында ММУ-да сөйлеген кезіндегі айтқан еуразиялық бастамасын дер кезінде ұғынып, бағамдай алмады. Алайда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың одан кейінгі бүкіл даму қисыны еуразиялық идеяның өміршеңдігін қуаттады. 2000 жылғы қазанның 10-ында Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғызстан және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды, ол бүгінгі таңда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең табысты және тиімді ықпалдастық жобалардың бірі болып табылады. Н.Ә.Назарбаевтыің беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық ықпалдастықтың локомотивтерінің біріне айналды. Ресейлік сарапшылардың атап көрсетуінше, Қазақстан қазіргі кезде Ресейдің тең дәрежедегі стратегиялық әріптесі болып қана қоймай, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі оның табиғи бәсекелесі болып отыр. Сонымен қатар мамандар ЕурАзЭҚ бойынша әріптестерімен бірге, Қазақстан ГУАМ елдері - Грузиямен, Украинамен, Әзірбайжанмен және Молдовамен қатынастарды ойдағыдай дамытуда. ҚР-ның бұл жолдағы маңызды жеңісі әзірге Ресей, Беларус және Қазақстан кіріп отырған Кеден одағының құрылуы болып табылады. 2010 жылдың басында бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Үш елді бірыңғай кеден аумағына біріктірген нағыз одақ жақында ғана шындап жұмыс істей бастады. «Әртүрлі күрделі жағдайларға қарамастан, біз ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне шықтық, - деп мәлімдеді жақында РФ Президенті Дмитрий Медведев. - Бұл аса күрделі келіссөздердің нәтижесінде туған өте маңызды, көптен күткен оқиға болды». Нұрсұлтан Назарбаев көпполярлы әлемге кәміл сенген жақтаушы. 1992 жылдың өзінде өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасу және даму стратегиясы» деген еңбегінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық қауіпсіздігін құруға ұмтылады деп айқын мәлімдеген болатын. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ЕҚЫҰ маңызды рөл атқаруы тиіс, оның әлеуеті әлі де түгесілген жоқ. Ішкі және сыртқы саясат саласында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсынары да жеткілікті, сондықтан да біздің еліміз осы беделді Ұйымға төрағалыққа өзінің кандидатурасын ұсынды. Бүгінде бұл төрағалық нақты шындыққа айналғаны белгілі. Ол жөніндегі шешім Қазақстанның демократиялық қоғам және ырықтандырылған нарықтық экономика құрудағы нақты жетістіктерін тану болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануы Батыс пен бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасындағы өзара қарым-қатынастардағы бетбұрысты алғашқы қадам болып табылады деп санайды. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режімін нығайтуға да елеулі үлес қосты. КСРО тарағаннан кейін Қазақстанның иелігінде әлемдегі төртінші әскери ядролық арсенал қалды. Н.Назарбаевтың қажымас жігерінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыздану жолына ерікті түрде және белсенді қосылды. 1991 жылғы тамыздың 29-ының өзінде Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды, ал 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасын ратификациялап, ядролық қаруы жоқ ел ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға міндеттендік. 1993 жылғы желтоқсанның 13-інде Қазақстан Ядролық қаруды таратпау шартын ратификациялады, ал 1994 жылғы ақпанның 14-інде МАГАТЭ мүшесі болды. Өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы тұрақты диалогтың қажеттігін Н.Назарбаев басқалардан гөрі терең сезіне отырып, оның белсенді жақтаушысы болып келеді. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 46 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Үш жылда бір рет мұнда ғаламшардың «ыстық нүктелеріндегі» дінаралық шиеленісті бәсеңдету тетіктерін қалыптастыру және өзара түсіністікті іздеуге жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуде. 2003 жылы АҚШ Президенті Джордж Буш: «Өзі де көпұлтты және көп конфессиялы ел болып табылатын Құрама Штаттар үшін мұндай кездесулер демократия негіздерін қалыптастыратын толеранттық пен құрмет құндылықтарын алға жылжыту үшін Орталық Азиядағы достарымызбен ынтымақтастықтың маңызын атап көрсетеді», деген еді. Еліміз Президенті жүргізіп отырған ішкі саясат та ойдағыдай болып отыр. Соның арқасында 90-жылдардың басында да Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Басқалар, әсіресе көбіне дамыған мемлекеттердегі сияқты қазіргі экономикалық дағдарыстың салдарын да біз аса көп сезе қоймадық. Біз экономика өсімі қарқынының шұғыл бәсеңдеуіне және отандық қаржы жүйесінің дағдарысына жол берген жоқпыз. Екінші деңгейлі банктерді мемлекеттік қолдау елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді, ал мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізі болды. Мемлекет екінші деңгейлі банктердегі халықтың барлық салымдарын кепілдендірді, стресстік активтер қорын құрды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті: елдің барлық аймақтарында азық-түліктік бидай, күріш, өсімдік майы, құрғақ сүт, ет пен сары май бойынша тұрақтандыру қорлары құрылды. Құрылыс нарығының проблемалары табысты шешілді, үлестік тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау үшін бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлінді. 2010 жылғы қаңтардың 29-ында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда былай делінген: «Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ». Мемлекет басшысының айтуынша, біз ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгілеген барлық міндеттерді шештік. Президент 2009 жылы көптеген дамыған елдер рецессияны бастан кешіріп жатқанда, Қазақстанда экономика өсімі 1,1 пайызды, өнеркәсіпте - 1,7 пайызды құрағанын еске салды. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. «Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Таяудағы онжылдықтағы бүкіл елдің жалпыхалықтық міндеті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына қатысты Президент әңгіме жалпы көлемі 6,5 триллион теңге инвестицияны құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру жайында болып отырғанын атап өтті: бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайыздан астамын құрайды. Мұның бәрі Қазақстанға таяудағы үш жылдың ішінде 200 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазақстанның саяси жүйесін дәйекті жаңартуда таяудағы ондылдықтағы құқықтық реформа маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде елеулі жұмыс атқаруға тура келеді, оның негізгі бағыттары Елбасының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлығында белгіленді. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2010 жылдан бастап аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырма берді. 2020 жылдың соңына дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан бизнес ахуалы ең қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. «30 елдің қатарына кіру міндетін де алдымызға қоюға болады, өйткені ол да қолымыздан келетіні кәміл», - деп атап өтті Н.Назарбаев. Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы жобаларын қаржыландыру үшін Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян және ресей компанияларынан жалпы сомасы 20 миллиард доллар инвестициялар тартылатын болады. 2010 жылғы сәуірдің 1-інен бастап бюджет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақыларын және жоғары оқу орындары студенттерінің стипендияларын арттыру басталды. Президент балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуге тапсырма берді. Жоғарыда айтылғандарды қорытып айтар болсақ, нақ Қазақстанның сындарлы көпвекторлы сыртқы саясаты, сондай-ақ сарабдал ішкі саясаты және орнықты экономикалық дамуы бүгінде әлемде біздің еліміздің жоғары беделін қамтамасыз еткенін айтуға тиіспіз.

...

Скачать:   txt (58.9 Kb)   pdf (145.1 Kb)   docx (23.5 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club