Эргономика ұғымы
Автор: aikerim.87 • Сентябрь 26, 2018 • Практическая работа • 1,510 Слов (7 Страниц) • 2,877 Просмотры
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1 бөлім. Компьютерлік жүйелер мен желілер | Мектеп: №10 жалпы орта мектеп |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шойнбаева Айкерим |
Сынып: 6 | Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Эргономика ұғымы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.1.1-эргономика міндеттерін ойластыру және шешу (жоғары деңгейде жайлы және тиімді болу үшін) |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Эргономика ұғымымен танысу, қауіпсіздік эргономикасын ұйымдастыру және шешу; Басым бөлігі: Эргономиканың даму тарихын білу, эргономика міндеттерін ойластырып, практикада қолдану; Кейбір оқушылар: Эргономика міндеттерін шешу жолдарын білу, қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдау; |
Бағалау критерийі |
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Білу, түсіну, қолдану, талдау |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар істей алады: Эргономика ұғымын біледі және жұмыс орны эргономикасын ұйымдастыра алады. Эргономиканың талаптарын ажыратады. Пәндік лексика мен терминология: эргономика, қауіпсіздік техникасы, көз жаттығулары, электр тогы Диалог/жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестері:
|
Құндылықтарға баулу | Дұрыс қарым - қатынас жасау, айналасындағыларға қамқорлық, көмек көрсету. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуді насихаттау және 7-ші құндылығы ұлттық қауіпсіздік |
Пәнаралық байланыс | Биология, Дене тәрбиесі, Математика, Өмір қауіпсіздігі негіздері |
Алдыңғы білім | Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 8 минут «Орман ағашы» әдісі 2 минут «Жалғыз аяқ жол» 2 минут «Сиқырлы таяқша» әдісі. 2 минут 1 минут Топқа біріктіру. 1 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Алдыңғы білімді жаңғырту. 1. «Жалғыз аяқ жол» әдісі арқылы оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру. Оқушыларды көпір күйінде екі қатарға тұрғызу. Ортадағы жалғыз аяқ жолдан оқушылар кезек кезегімен компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережелері туралы білгендерін айтып, жол соңына дейін жүріп өтеді. 2. «Сиқырлы таяқша» әдісі. Оқушылар шеңбер құрады. Шеңберде тұрып, мұғалім алдыңғы тапсырмаға қатыспаған қажеттілікті талап ететін оқушыға сиқырлы таяқшаны ұсына отырып, сұрақ қояды. Оқушы сұраққа жауап беріп, таяқшаны мұғалімге қайтарады. Осылайша 2-3 сұраққа дейін жалғасады. (Мақсат: «Жалғыз аяқ жол» тәсіліне шықпаған оқушыны (қажеттіікті талап ететін) іс-әрекетке қатыстыру). Сұрақтар:
Бағалау. Оқушылардың алдыңғы білімдерін ауызша кері байланыстар беру арқылы бағалау. ІІІ. Қызығушылықты ояту: Топқа біріктіру. Тәтті бәліштер арқылы топқа біріктіру. Онда амандық, денсаулық, өмір сөздері бейнеленген. Сол сөздер бойынша топтасады. Топтық ережені еске түсіріп, бағынады. Топ басшысын сайлайды. | https://infourok.ru/saba-zhospari-tairibi-betti-lshemderi-erneuleri-zhatti-basip-shiaru-1656925.html Сиқырлы таяқша Керемет, тамаша, ғажайып, жақсы сөздері Тәтті бәліштер |
Сабақтың ортасы 30 минут 2 минут 3 минут 5 минут 1 мин 3 минут 2 минут 3 минут 1 минут 2 минут 3 минут 1 минут 3 минут | ІV.Жаңа сабаққа кіріспе. «Бұл не?» тәсілі. Оқушыларға сабаққа қатысы бар суреттерді ұсынып, «Сендердің ойларыңша бұл не? Оның бүгінгі сабақ тақырыбына қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?» деп сұраймын. Оқушылар суреттерге қарап, әрекеттерді атайды, бүгінгі сабақ тақырыбына қатысын анықтайды. [pic 1] [pic 2] [pic 3] [pic 4] [pic 5] Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлаймын. V.Жаңа сабақ. Мағынаны тану. «Джигсо» әдісінің бір элементі «Үш қадамдық сұхбат» арқылы жаңа тақырыпты оқушыларға бөліп беру. Топта талқылау. ЖАДА орнату. Оқушылардың тақырыпты меңгергендіктерін тексеру мақсатында сұрақтар ұсыну. Осылайша, әр топ тапсырмасымен танысу. 1-топқа:
2-топқа:
3-топқа:
Дескриптор
ҚБ: Ауызша кері байланыстар беру.
«Қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушылардың өз бетімен алған білімдеріне тоқталу және жаңа тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Эргономиканың даму тарихы мен алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне жеке-жеке тоқталамын. VI.Дәптермен жұмыс. Талқылауға салған сұрақтардан түйген негізгі ойларды дәптерге түртіп алу VII.Практикалық жұмыс. 1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Әр топқа бір үлгіде жеке-жеке сұрақтары бар тапсырма ұсыну.
1-топқа:
[pic 6] 2-топ тапсырмасы: 1) Эргономиканың екі міндетін жазыңыз. 1.______________________________________________ 2. ______________________________________________ 2)Сөйлемдердің мағынасына қарай көп нүктенің орнына «болады» немесе «болмайды» сөзінің тиістісін қойып, тапсырманы орындаңыз. [pic 7] 3-топ тапсырмасы:
__________________________________________
[pic 8] Дескриптор:
ҚБ: Тапсырманың дұрыс жауабын слайд арқылы ұсынамын. Жұптық бағалауды қолданамын. Жұптар сағат тілімен бір-бірінің жұмысын тексереді, смайликтер арқылы бағалайды. [pic 9] [pic 10] [pic 11] [pic 12] 2-тапсырмасы. Жеке жұмыс «Дұрыс немесе бұрыс» ойыны. Жабық сұрақты тапсырмамен жұмыс. [pic 13] Дескриптор:
«Неліктен?» ойыны. Аса қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылатын ашық сұрақты тапсырма. Оқушылар «Дұрыс не бұрыс» ойынында ұсынылған ақпараттардың неліктен дұрыс не бұрыс екендігін дәлелдеп атайды. [pic 14] Дескриптор.
ҚБ. Топ басшы бағалауы. Топ басшысы топ мүшелерінің жұмыстарын тақтада ұсынылған дұрыс жауаптармен тексеріп, жұлдызшалар арқылы бағалайды. 3-тапсырма. Топтық жұмыс. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты іс-әрекеттердің реттілігін жазыңыз. 1-топқа: Электр тогымен зақымданған жағдайда ... 2-топқа: Күйген кезде ... 3-топқа: Талып қалғанда ... Дескриптор:
ҚБ: Топтық бағалау. Топ жұмыстарын сағат тілімен ауысады, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұмыстарға кері байланыс береді. ХІІІ. Сергіту сәті. Оқушыларға нұсқау бере отырып, төмендегі әрекеттерді орындатамын.
ІХ. Сабақты бекіту мақсатында үш топқа топтық жұмыстар тапсыру. «Менің ойымша ...» тәсілі. Суреттегі адамға денсаулығына тиетін зиянды алдын алу үшін екі ұсыныс беріңіз және жұмыс жасау барысында осы қауіпсіздікті бұзу салдарын атап өтіңіз. 1-топқа: [pic 15]
2-топқа: [pic 16]
3-топқа: [pic 17]
Дескриптор:
ҚБ:Топ жұмыстарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын. | Слайд көрсетілімі Оқулық, сұрағы бар парақшалар Слайд көрсетілімі Дәптер Таратпалы тапсырмалар Смайликтер Слайд көрсетілімі, таратпалы парақшалар А3 парақшасы, маркерлер Таратпалы материалдар |
Сабақтың соңы 3 минут 1 минут 2 минут | Х. Үйге тапсырма беру: §1 тақырыпты қайталау 6-8 беттер. 9-беттегі «Себебін анықтайық» тапсырмасына дайындалу. ХІІ. Кері байланыс. «Бір сөзбен» әдісі. [pic 18] [pic 19] Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерді қажетті көңіл-күйді білдіретін суретке орналастыру арқылы сипаттайды. | Суреттер, таратпалы материалдар Слайд көрсетілімі, стикерлер |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
«Жалғыз аяқ жол» әдісі арқылы оқушыларда ескі білімді жаңғыртамын, «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы қажеттілікті талап ететін оқушыларды сабақ үдерісіне тартамын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, әрі жаңа тақырыпқа сай «Денсаулық», «Амандық», «Өмір» бәліштерімен топқа біріктіремін. «Бұл не?» тәсілі арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасап, Джигсо әдісі арқылы тақырыпты меңгеруді оқушыларға тапсырамын. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау мақсатында топтарға сұрақтар ұсынамын. Аса қабілетті оқушылар топта қажеттілікті талап ететін оқушыларға көмек көрсетіп, талқылау, үйрету арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтап, қолдау көрсету арқылы өзім толық ақпаратпен қамтамасыз етемін. Оқушылардың тақырыпты меңгеру және теорияны практикамен ұштастыру қабілеттерін тексеру мақсатында жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұсынамын. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталады. «Дұрыс немесе бұрыс» ойыны арқылы қажеттілікті талап ететін оқушыларға дайын түрдегі пікірлерді ұсынамын. Оқушылар пікірлердің дұрыс, бұрысын анықтайды. Ал аса қабілетті оқушылар осы «Дұрыс немесе бұрыс» ойынында ұсынылған пікірлерді дәлелдеп береді. Компьютер сыныбында жасалатын жаттығуларды еске түсіру, әрі оқушыларды серпілту мақсатында «Дене қимылы» сергітуін ұйымдастырамын. Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға эргономикалық міндеттерді шешу үшін «Менің ойымша ...» тәсілін ұсынамын. Аса қабілетті оушылар идея табады, басқа оқушылар қорғау жұмыстарын іске асырады. | Жұптық және топ басшы бағалауы, смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау, ауызша кері байланыстар беру, топтық бағалау, «Бас бармақ» және «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы кері байланыс беру, \сабақ соңында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мақсатында «Бір сөзбен» кері байланысын аламын. | Компьютер сыныбында, компьютермен жұмыс жасау ережелерін сақтай отырып, жұмыс жасау. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | ||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
...