Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тоқыма материалтану пәнінің басқа ғылымдар саласымен байланысы

Автор:   •  Май 19, 2018  •  Лекция  •  8,055 Слов (33 Страниц)  •  1,851 Просмотры

Страница 1 из 33

Лекция №1 Кіріспе. Тоқыма материалтану пәнінің басқа ғылымдар саласымен байланысы. Тоқыма материалдардың анықтамалары. Тоқыма материалдардың жалпы жіктелуі.

Тоқыма материалтану – тоқыма материалдардың құрылысын, қасиеттерін және оның сапасын бағалауды оқып зерттейтін ғылым саласы. Тоқыма материалдарға талшықтар мен жіптер, олардан жасалған бұйымдар жатады. Олардың барлығы полимерден – жоғары молекулалық қосылыстардан тұрады.

Тоқыма талшықтар – созылыңқы, иілгіш және берік, жіңішке, көлденең өлшемдері өте кіші, ұзындығы шектелген, бұйымдар жасауға лайықты денелер.

Тоқыма жіптер – берік, жіңішке, бірақ ұзындығы шектелмеген, бұйымдар жасауға лайықты денелер. Ұзындық бойымен бұзылмай бөлінбейтін бір қабат жіптер қарапайым (элементарлық ) жіптерге жатады. Элементарлық жіптер бөлек талшықтарға бөлінбейді. Элементарлық жіптер көбінесе комплекстік жіптердің құрамы болып саналады. Өйткені комплекстік жіптер ұзыннан қосылған бірнеше элементарлық жіптерден тұрады. Тоқыма бұйымдарға маталар, трикотаж жаймасы, дайын трикотаж бұйымдары, тоқылған заттар, беймата материалдар жатады.

Текстиль талшықтары мен жіптері барлық текстиль материалдарының негізгі құрылыс элементі болып табылады. Жіптер – бірлік немесе элементарлы (монокапрон) және комплексті немесе филоментті (бірнеше элементарлы жіптен тұратын) болып бөлінеді. Жасанды және синтетикалық жіптердің қысқа кесінділерін (35-150 мм) штапель талшығы деп аталады.

Тоқыма материалтану пәні физика, химия, әсіресе полимерлердің физикасы мен химиясына кең негізделеді. Өйткені барлық текстиль материалдар ЖМҚ тұрады. Материалтануда математика, әсіресе ықтималдылық теория және математикалық статистика, сынақ нәтижелерін өңдеу үшін есептеу әдістері, түрлі сипаттамалардың арасындағы байланыстарды анықтау қолданылады. Материалтанушылардың зерттеулері технологтарға шикізатты, жартылай өңделген заттарды және бұйымдардың сапасын анықтаудың дұрыс әдістерін қамтамасыз етеді.

        Тоқыма материалдардың жалпы жіктелу принципі олардың құрылым ерекшеліктеріне негізделген. ТМ жалпы классификациясы үш негізгі бөлідерді қамтиды:

  1. бастапқы материалдар (талшықтар, қарапайым жіптер, моножіптер және жолақтар;
  2. алғашқы және екінші немесе туынды жіптер;
  3. түрлі тоқыма бұйымдар.  

Олардың арасында әртүрлі жартылай өңделген заттар орналасады, бірақ олар материалдардың аралық түрлері, сонымен қатар  бірінен соң бірі өтетін өңдеу процестерінде аз уақыт ішінде болатындықтан оларды жіктеуге енгізбейді. Оларды сәйкесті технологиялық пәндерде қарастырады.

Әдебиет

  1. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение (исходные текстильные материалы). М. Легпромбытиздат,1985 г. Стр.3-32.
  2. Сұлбалар

Лекция №2  Тоқыма талшықтар мен жіптердің жіктелуі. Жіктелу принциптері. Табиғи және химиялық талшықтар. Иірілген жіптер. Біртекті, аралас, құрама, текстураланған, ширатылған, фасонды жіптер. Талшықтар мен жіптердің геометрилық қасиеттері мен сипаттамалары.

Тоқыма талшықтардың бірнеше жіктелуі бар. Барлық жіктеулер негізінен екі принципке бағынады – табиғи талшықтар үшін олардың тегі, ал химилық талшықтар үшін – олардың негізгі заттарының құрамы.

Бастапқы тоқыма материалдардың жіктелу сұлбаларын жасау принциптері:

Классификациялық категориялар

Берілген категория нені сипаттайды

Типі

Бастапқы материалдарды алу әдістерін және тегін анықтайды

Типтер ішінде

Бастапқы материалдарды алу әдістерін және тегін анықтайды

Сынып (класс)

Материалдың негізгі заттары қандай химиялық заттарға жатады

Сынып ішінде (подкласс)

Материалдыдардың негізгі заттарының химиялық ерекшеліктерін нақтылайды

Топ

Материалдыдардың негізгі заттарының химиялық ерекшеліктерін нақтылайды

Топшалар

Материалдыдардың негізгі заттарының химиялық ерекшеліктерін нақтылайды

Тегі

Материалдың негізгі заты (немесе материалдың өзі) қандай шикізат түрінен алынатынын нақтылайды және материалдың текстильдік құрылымын анықтайды – яғни ол талшық , қарапайым жіп, моножіп түрінде алына ма

Түрі

Материалдың ТМД мемлекеттерінде қолданылыстағы атауларын береді

Түртүрлері

Қасиеттік ерекшеліктерін, әртүрлі мемлекеттерде қабылданған фирмалық атауларын көрсете отырып ұқсас материалдарды тізеді

 

...

Скачать:   txt (104 Kb)   pdf (362 Kb)   docx (90.7 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club