Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ес туралы жалпы ұғым

Автор:   •  Май 13, 2018  •  Реферат  •  1,479 Слов (6 Страниц)  •  2,126 Просмотры

Страница 1 из 6

                                   Ес туралы жалпы ұғым.

Сигналдың әсері тоқталғаннан кейін информацияның сақталуын анықтауға болады. Мұндай анықтау естің биологиялық пен түрлерімен шектелмей, жалғасу құбылысын жалпы түрде анықтама беруге мүмкіндік жасайды.

Адамның нерв жүйесінде екі түрлі ақпарат сақталады. Оның бірі –эвалюцияның мыңдаған жылдары жиналған, шартсыз рефлекстер , соқыр сезім ретінде беріледі. Естің бул түрі туа пайда болады.Ол гендер арқылы беріледі.

Екінші түрі- әр адамның жеке өмірінде ие  болатын ақпарат. Естің бұл түрі шартты рефлекстер болуына негізделген. Сонымен айтылғанға байланысты естің екі түрі болады: тұқым қуалаған түр-тұқымдық және өмірде ие болатын жеке бастық ес.

  Ес бір – бірімен байланысты үш үрдістен құралған: ақпаратты есте қалдыру, оны сақтау мен еске түсіру.

   Есте қалдыру (запоминание) сыртқы не ішкі әсерлерді ми қыртысында сақтау. Сақтап қалу еріксіз не ерікті түрде болады. Есте сақтау мерзімі қойылған мақсатқа байланысты өзгеріп отырады.

   Есте сақтау (сохранение) – дегеніміз адамның миында толығынан не бөлшектенген түрінде қабылдаудан кейінгі еске түсіруге дейін ақпаратты ұстап қалу. Ақпаратты сақтау үрдісі мен адамның ойы, оның өмірлік тәжірибесіне, ықыласының кеңдігіне байланысты.

   Еске түсіру (воспоминание) – бұл мидағы қоймадан қазіргі керекті ақпаратты бөліп шығару. Еске түсіру естің басқа үрдістерімен салыстырғанда белсенді және творчествалық құбылыс болып саналады. Аристиотельдің айтуы бойынша ес барлық жануарлар әлеміне тән қасиет, ал еске түсіру тек адам баласының қасиеті. Еске түсірген кезде адамның миында бұрынғы ақпарлар қазіргі қабылданған мәліметтермен салыстырылады. Еске сақтауға қарама – қарсы құбылыс- ол ұмыту.

                                                Ес түрлері.

     Мәліметтердің есте қалуына байланысты естің қысқа және ұзақ мерзімді түрлері болады. Қысқа мерзімді естің ұзақ мерзімдіге ауысу жолдарын табуға болады. Мысалы: бір телефонның нөмірі аз уақыттан кейін ұмытылады. Егер бір телефон нөмірімен ұзақ уақыт пайдаланылса, ол есте қалады.

    Адамның ес қабілеті оның жасына, денсаулығына, құштарлығына, дағдылануына байланыты. Есті механикалық және мағыналық етіп екіге бөледі. Жақсы механикалық не нақтылық естің арқасында фамилиялар, мекен-жайлар, телефон нөмірлері күні-айлар, өлеңдер оңай ойда қалады.

    Мағыналық не сөз- логиқалық ес арқылы құбылыстар меноқиғалардың ішкі байланысы, дәлелдер ойда сақталады. Естің бұл түрі әр адамға көрнекті орын алатын абстракті-логикалық деп аталады.

Абстакті- логикалық ес естің ең жоғарғы түрі бола тұрып, біліміміздің бас тірегі және жасқа байланысты емес.

    Ерекше бөлінетін естің түрі –эмоционалдық. Естің осы түрі арқылы ойда қуаныш, қайғы, шошығандық, шабыт сақталады.

Сезім мүшелерінің қатысуына байланысты естің келесі түрлері болады: көру, есіту, иіс сезу, дәм тату, қозғалу және жанасу.

   Жақсы эмоционалды есі бар адам болған жерін, кісілердің түрін еске сақтап , ол жерді оңай табады.мТаң өаларлық, жарқын көру есін эйдетизм  дейді.

     Моторлық ес.Моторлық есі бар адамдар спорттық жаттығуларды, билеуді жылдам үйренеді. Естің моторлық түрінде оқыған мәліметтер жазылса, жүру және қимылмен ере жүрсе жақсы түрде ойда қалады.                                  

      Ес процестері.

   Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.  Ес-күрделі  психикарық процестердің бірі. Ес есте қалдыру қайта, жаңғырту, тану, ұьыту секілді процестерден турады. Ес өте күрделі процес, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (195.7 Kb)   docx (109.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club