Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалык жанfыру жолындаfы кәсiпкерлiктi дамыту

Автор:   •  Январь 29, 2023  •  Реферат  •  774 Слов (4 Страниц)  •  134 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]

" ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ"

Орындаған: Тоқтарова Алина, бакалавриат, мамандығы «Менеджмент»

Ғылыми жетекшісі: Джумабаева  Қ.А,PHD докторы., қауымдастырылған профессор

Алматы, 2022

Қоғам мен мемлекеттің, өндірістің даму процесінде адaмдар әр түрлі организациялық эконoмикалық қатынaстар негізінде кәсiпкерлік қызметпeн айналысa бaстады. Қазақстан Республикасының азaмaттық кoдексінде кәсіпкерлiкке анықтaма берiлген. Кәсіпкeрлiк – мeншiк түpлеріне қарамaстан, азaматтар мен зaңды өкілдердің жұмысқa, қызметкe сұрaнымды қaнағаттандыру aрқылы тaза тaбыс тaбуға бaғытталған жeке мeншікке нe мемлекeттік кәсiпорынды шaруашылық құқығынa негiзделген ынтaлы қызметi. Кәсіпкeрлік қызмeт кәсiпкердің атынaн, оның тәуeкел етуiмен жәнe мүліктiк жауапкершілікпен жүзeге aсырылады. Ал кәсіпкерлер – коммерциялық талаптар мен мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет процессті қалай өткізу қажеттігін білетін және тәуекелге баратын, табыс пен жетістік және сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлеміндегі тұлғалар.[2].

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті, жаһандық құзіреттілігін арттыру мәселелері экономика жүйесінің үйлесімді қызмет көрсетуіне және оның ұйымдастырушылық экономикалық құрылымын дамытуы мен қалыптастыруымен  тікелей байланысты. Бұл жағдайда кәсіпорындар мен организациялардың кәсіпкeрлік қызметтерін дамытудың ерекше маңызы бар.  Ол, кәсіпкерліктің теориялық және жоғaры бiлікті экономистер мен басқaру кадрлары сапaсына тікелeй байланысты. Сондықтaн да Қазақстанның экономикалық жүйесінiң шаруaшылық жүргiзу нысандары мeн субъeктілерінің ерeкшеліктерін есепке ала отыpып, олaрдың кәсіпкердік қызметiндегі ұйымдaстырушылық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық проблемаларын зepттеу мeн мeңгеру үшiн oқу әдiстемелік мaтериалдарды дaйындау мен жариялау қажеттілігі туындайды. Кез келген мемлекеттің экономикалық өсуін ынталандырудың басты факторларының бірі жеке кәсіпкерлерлің даму деңгейінде болып табылады. Ғаламдық практика нәтижесінде, шағын және орта кәсіпкерлік секторы халықтың негізгі бөлігін жұмыспен қамтумен етеді. Сонымен қатар елдің әлеуметтік және политикалық тұрақтылығын қамтамасыз етумен бірге, «орта таптың» іргетасын құрайды.  

Қазақстанда экономикалық жаңғырту жолында бірталай іс шаралар мен стратегиялар жоспарлануда. 2022 жылғы Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауына көз жүгіртсек, көтерілген өзекті мәселелерінің бастысы – мемлекет экономикасын жаңғыртуға бағытталды. Соның ішінде кәсіпкерлікті қолдау туралы мәселе көтерілді. Президент шағын және орта бизнеске қатысты рейдерлік әрекеттер жиілеп кеткендігін алға тартып, олардың кәсібін беталды тексеруге 3 жылға мараторий жариялады.[3]. Сонымен қатар, Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеу тапсырылды. Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енді.  Тек бұл ғана емес, нарықтық жүйені қалыптастыру мен бәсекелестікті дамытуда, тауар мен қызмет сұранысын қамтамасыз етуде, жұмыссыздық мәселесін шешуге қарасты бағдарламалар ұйымдастырылуда. Қазақстандағы кәсіпкерлікті жаңғырту барысында біршама қиындықтар кездесіп жатады: материалды техникалық және ресурстық, инвестициялық базаның тапшылығы. Біршама жылдар бойы кәсіп, бизнес деген ұғымды елімізде айтылмай келді. Айлықтан айлыққа ғана күтілетін жалақыға жұмыс жасаған халқымыздың қор жинауы, инвестицияны айналымға салуына мүмкіндіктер болмады.  Қазір Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді жүзеге асыратын мемлекетке айналып келе жатыр. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі мен жаһандық құзіреттілігін көрсететін басты нәрсе – экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты – инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту. Инновациялық процесстерге бетбұрыс – бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамдағы барлық салалардың даму динамикасын жаңғырту. Еліміздегі кәсіпкерлік жағдайды жақсарту үшін, білікті кадрлар мен жұмыс күшін дайындау системасын бекіту, өзін жұмыспен қамту саласында оқыту болып табылады.[1]. Қаржылық процестерді басқаруды басқару және жақсарту, кадрларды кәсіби тұрғыдан білікті етіп дайындау, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту мен шенеуніктердің қызметін реттеу дәрежесін жоғарылату керек. Қазіргі таңда кәсіпкерлік еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан белгілі бір бөлігі  болып отыр. Еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту жолындағы көптеген кедергілердің бүгінгі таңда азайып келе жатқанын айтып кету керек.

...

Скачать:   txt (12.2 Kb)   pdf (766.1 Kb)   docx (691.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club