Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тауарлы-материалдык корлардын есебi

Автор:   •  Март 14, 2020  •  Творческая работа  •  668 Слов (3 Страниц)  •  333 Просмотры

Страница 1 из 3

ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ  ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

 2.1. ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР,  ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ Кәсіпорындардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін алған тауарлары, жолдағы тауарлары, аяқталмаған өндіріс, қосалқы бөлшектер, отын, ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар сол ұйымның тауарлы – материалдық қорлар (ТМҚ) түріндегі ағымдағы активтері б.т. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.  Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері: 1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару 2. Материалдардың қоймадағы және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау 3. Материалдық қор қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау 4. Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау 5. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылғанн материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу. Материалдың түгел және дұрыс сақталуы, ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін мыналар жасалуы тиіс:

  Материалдық қорларды сақтайтын қойма болуы қажет, материалдардың белгілі түрін сақтауға арналған болуы керек  Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқан соң қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей орналастырылуы қажет Ұйым басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдарды белгілеп, олармен шарт жасайды.  Еңбек заттары біртекті емес, өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Материалдар өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай:  Шикізат  Негізгі материал  Көмекші материал  Жартылай фабрикат және т.б бөлінеді Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар. Қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары тб. есептеледі.

 

2.2. МАТЕРИАЛДАРДЫ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ,  МАТЕРИАЛДАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ

Шоттар жоспарының 2- бөлімінде «Материалдар» есебі мына шоттарда жіктеледі:

  Шикізат пен материалдар-1310 шот

  Сатып алынған жартылай фабрикаттар-1311шот

  Отындар-1312 шот

  Ыдыс және ыдыстық материалдар-1313шот

  Қосалқы бөл-1314шот

  Басқалай материалдар-1315шот

  Өңдеуге берілген материалдар-1316 шот

  Құрылыс материалдары-1317 шот Шикізат пен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын шикізат пен материалдардың ұйымдағы есебі, кірісі мен шығысы есептеледі

Сатып алынған жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды қажет ететін жартылай фабрикаттардың кәсіпорындардағы есебі жүргізіледі. Отындар шотында тасымалдау құралдарына пайдаланылатын, энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланылатын (мұнай өнімдері мен газ, көмір т.б) отындардың қалдығы кірісі шығысы есептеледі Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың бар түрінің кірістелуі мен шығысталуы жүргізіледі. Қосалқы бөлшектер шотында ұйымның пайдаланудағы машиналар мен жабдықтарды жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы қалдығы есептеледі Басқалай материалдар шотында өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, пайдалануға жарамсыз есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдар есебі жүргізіледі. Сонымен қатар ауылшаруашылық кәсіпорындарына қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен дәрідәрмектерді т.б материалдарды есептейді Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа кәсіпорындарға берілген материалдар есептеледі. Құрылыс материалдары шотында тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына пайдаланылатын материалдар есептеледі. Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс. Материалдардың номенклатурасы - өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы басқада көрсеткіші бойынша жасалатын жіктеу тізімі. Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, номенклатуралық номері мен өлшем бірлігі, әр материалдың бухесепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды Сауда кәсіпорындары мен дайын өнім өндіретін кәсірпорындардың негізгі табыс көзі, ол тауар сату болып табылады.  

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (172.8 Kb)   docx (141.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club