Өндірістік практиканын есебi
Автор: Gulnur5555 • Март 17, 2021 • Отчет по практике • 7,174 Слов (29 Страниц) • 527 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ФАКУЛЬТЕТІ
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ » КАФЕДРАСЫ
5В072100 – «ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ ЕСЕБІ
ХТОВ-18-1 тобының күндізгі бөлімінде білім алушы (бакалавриат, магистратура, докторантура) 2 курс студенті
Хайпбаева Г.
Университет тарапынан
практика жетекшісі:
Демичева Е.А.
Ақтау 2020ж.
Кіріспе
Аммиак селитрасы негізінен таза күйде немесе басқа қоспалармен де тыңайтқыш ретінде қолданылады. Аммиак селитрасының тыңайтқыш ретіндегі әсері өте ұзақ уақыт сақталады, өйткені оның құрамындағы NH4+ пен NO3- өсімдіктермен бір уақытта сіңірілмейді. Егер жерді бірнеше жыл қатарынан аммиак селитрасымен тыңайтса, жердің қышқылы көбейіп, ауыл шаруашылық өнімдерінің түсімін төмендетеді. Бұндай құбылысты болдырмас үшін жерге утас, бор, және тағы басқалар себу керек. Ол азот қышқылын нейтрализациялайды. Сол сияқты аммиак селитрасын жарылғыш заттар дайындауға да пайдаланады (аммоналдар). Парафин май қышқылын және темір тұздарын қосу арқылы суда ерімейтін аммиак селитрасы алынады, ол сазды жерде, өзендерде және теңіздерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланады. Аммиак селитрасы аз мөлшерде медицинада «күлдіргі газ» азот қышқылын алуда пайдаланылады (наркотикалық зат).
Аммиак селитрасы немесе аммиак селитрасы NH4NO3 – құрамында аммиак және нитратты түрінде 35% азоты бар, ақ түсті кристалды зат. Аммиак селитрасындағы азоттың екі түріде - аммонилы және нитратты – өсімдіктермен жеңіл сіңіріледі. Ол физиологиялық қышқыл тыңайтқыш болып табылады. Түйіршікті аммиак селитрасын үлкен аумақты егістік себерде және үстеме жемнің барлық түріне қолданады. Аз көлемде аммиак селитрасы жарылғыл заттарды өндіру үшін қолданылады.
Өндірістік шығарылатын аммиак селитрасы (техникалық аммиак селитрасы) сарғыш реңді ақ түсті, құрамында 34-34, 65% азоты бар зат. Ол суда жақсы ериді және үлкен ылғал тартқыштылығымен ерекшеленеді. Жоғары сапалы Аммиак селитрасы алу үшін құрамындағы азот 34,6%, ылғал 0,4%, суда ерімейтін қоспа 0,1% болуы тиіс. Аммиак селитрасы тиімділігі жағынан азот тыңайтқыштарының арасында 1-орын алады. Құрамындағы нитрат ионы шайылып кететіндіктен Аммиак селитрасын күзде пайдалану тиімсіз. Ал жауын-шашын аз жауатын тәлімі аймақта күзде себіледі. Суғармалы аймақта Аммиак селитрасы басқа тыңайтқыштармен бірге қолданылады. Аммиак селитрасының өсімдікке әсері қолдану әдісіне, мерзіміне, мөлшеріне байланысты болады. Ол дақыл түріне, топырақ құрамына, климат жағдайына қарай өзгереді. Аммиак селитрасын егістікке шашар алдында ұнтақтайды, тор көзінің диам. 2 – 3 мм електен өткізеді.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушыларды арзан әрі жоғары сапалы минерал тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, әрі тұрақты өндірісті қолдау. Аммиак өндірісіндегі негізгі шикізат – табиғи газды «ҚазАзот» АҚ өзінің «Шағырлы-Шөмішты» кен орнынан алады. Қазір ішкі нарыққа өнімнің 60%-ы жеткізіледі. Дайын өнім ел аумағымен қатар, алыс-жақын шет елдерге де сатылады. Негізгі импорттаушылар: Түркіменстан, Украина, Грузия, Әзірбайжан, Балтық елдері, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Болгария, Америка Құрама Штаттары және т.б. Түйіршіктелген аммиак селитрасы мен сұйық аммиак тұтынушыларға темір жол және теңіз арқылы жөнелтіледі.
2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАзот» қазақстандық аммиак селитрасы нарығының 58%-ын қамтамасыз етті. Кәсіпорын жобалық қуаттылығына шыққаннан кейін ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібінде пайдаланылатын өнімнің шамамен 60%-ын ішкі нарыққа, қалған 40%-ын - экспортқа Қырғызстанға, Украинаға, Түркіменстанға, Өзбекстанға және Ресейге жөнелтеді.
Айтар болсақ, ірі экспорттық келісімдер жасалған компаниялар қатарында: «Трейдинвест Украина» ЖШҚ (Украина), «Селена» ЖШҚ (Украина), «Агроферта» ЖШҚ (Украина), «Либера» ЖШҚ (Грузия), «Юлита» ЖШҚ (Қырғызстан), «Борей» АҚ (Ресей) және басқалары
...