Өндiрiстiк практика есебi ТОО “Агрохолдинг Қызылорда”
Автор: zhibeka002 • Октябрь 9, 2021 • Отчет по практике • 4,281 Слов (18 Страниц) • 354 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
«Технология және биоресурстар»
факультетінің деканы
________________Б.Буралхиев
«____»_________2021ж.
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Практика жетекшісі: А.Алмағанбетова
Өндірістегі практика жетекшісі: А.Еспанов
Орындаған студент: Ж.Абаева
ТПП-304К
Алматы, 2021
Мазмұны
I Кіріспе..................................................................................................................3
II Негізгі бөлім........................................................................................................5
2.1ТОО “Агрохолдинг Қызылорда” тарихы...............................................5
2.2 Өндірістегі қауіпсіздік техникалық және санитарлық гигиеналық ережелермен танысу................................................................................................6
2.3 Өндіріс орнының жұмыс істеу принципі..............................................8
2.4 Күрішті сақтау тәртібі...........................................................................14
2.5 Күріш сақтау кезінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.....15
III Қорытынды......................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізім.........................................................................18
Кіріспе
Күріш – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Біздің заманымыздан бұрынғы 2000-3000 жылдары-ақ күріш қолмен егіле бастапты. Қазір күріш өсіру мәдениетімен бес құрлықтың, нақтырақ айтсақ, 112 елдің диқандары жақсы таныс. Негізінен, бұл дақылдың бастапқы Отаны – Оңтүстік Шығыс Азия болып саналады. Күрішті егіп, өсіруге байланысты ең көне деректерді ғалымдар біздің заманымызға дейінгі бесінші мыңжылдықтың орта тұсынан, Тайланд жерінен тауып отыр.
Бұл күндері күріштің жиырмадан астам түрлері Оңтүстік Шығыс Азия мен Африка, Америка, Австралия құрлықтарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсірілуде. Кезінде Орталық Азияда да күріш өсірілген. Мұны ежелгі грек географы Стробан мен тарихшы Геродоттың еңбектері айғақтайды. Жалпы, Оңтүстік Шығыс Азия халқы үшін күріш басты тағам. Буддадан қалды деп саналатын «Күріш дегеніміз - өмір» атты сөз халық көп шоғырланған осы Оңтүстік Шығыс Азияға арнап айтылған көрінеді.
Күріштің Оңтүстік Азияға жеткені жөнінде деректер әрқилы. Оңтүстік Азия диқандары күріш дәнін Қытайдан жасырын түрде алып шығып, еккен екен деген де әңгіме бар. Кейбір деректерде Еуропаға бұл дақылдарды Александр Македонскидің алып барғандығы айтылады. Басқа деректерде Еуропаға күріш дәнін апарғандар – арабтар. Еуропада күріш өсірілмейтін Англия, Финляндия, Норвегия тәрізді елдердің өзінде XVIII ғасырда бұл дақыл кең тараған. Ал, Ресейге күріштің жеткен кезі – бергі 200 жыл шамасында. Қазақстанның Сыр бойына күріш өсіру кәсібінің ерте кезден-ақ келгені Ұлы Жібек жолымен тығыз байланысты. Ол уақытта қазақ даласындағы ең ірі сауда және мәдениет орталығы – Отырар қаласы болып, Ұлы Жібек жолы сол жерді басып өткен еді. «California Rice Commission» деректері бойынша дүние жүзінде 40 000-нан астам түрі бар көрінеді. Жүйелі қоректенудің ажырамас бөлігіне айналған күріш — құрамында зиянды май, холестерин секілді зиянды ештеңе болмауы арқылы денсаулыққа өте пайдалы азық түрі.Қан қысымы: Құрамында натрий өте әлсін ғана кездесетіндіктен жоғары қан қысымымен байланысты дерті барлар үшін ең жақсы азықтардың бірі. Альцгеймер: Алцгеймер дертінің алдын алу мақсатында, мамандар бұл дертке шалдыққандар үшін пайдалы болып табылатын нейромедиатор тұрғысынан қанық келетін күңгірт түсті күрішті тұтынуға кеңес береді.Қант диабеті: Аминқышқылдар қатарына жататын лейцин тұрғысынан қанық келетін күріш қандағы шекерді жүйелендіріп, күш береді және жаралардың жазылуына септігін тигізеді.Ас қорыту: Ас қорытылмауының алдын алатын күріш іш өтуіне қарсы әсерлі келеді.Қатерлі ісік: Күңгірт күріш қатерлі ісіктің алдын алуға ықпал ететін ерітілмейтін талшық тұрғысынан қанық келеді.Дәрумендер мен минералдар қоры: Күріш D, B дәрумені, фолий қышқылы, кальций, ферум, магний секілді минералдарды қамтиды. Жасушалардың жаңалануын қамтамасыз етеді. Күріште көмірсу мөлшері мол болатындықтан денеге күш-қуат беріп, мидың қалыпты жұмыс істеуіне көмекші болады.
...