Танысу практика есебi
Автор: Anara033 • Май 19, 2022 • Отчет по практике • 9,397 Слов (38 Страниц) • 273 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ТІЛ КОЛЛЕДЖІ
[pic 1]
ТАНЫСУ ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Т102-19 Туризм топ студенті,күндізгі бөлім
Мамандығы: 0511000 Туризм (салалар бойынша)
Біліктілігі: 0511032-Турист агенті
БАҚТИЯРҚЫЗЫ АНАР
Практика жетекшісі:Әкімбек Жанаргул
Алматы 2020 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Танысу практикасында өтілген материалдар ................................................4
1.1 Туристік жорықтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері ..............................4
1.2 Туристік кәсіпорындардың құрылымы...............................................................6
1.3 Қонақ үй жұмысымен танысу..............................................................................8
1.4 Туристік көрмелер жұмысымен танысу............................................................10
1.5 Кәсіпорынның турагенттік және туроператорлық қызметтері.......................13
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................16
Кіріспе
Мен 11.05.2020ж.-16.05.2020ж аралығында танысу практикасы Алматы қаласындағы карантин жағдайына байланысты қашықтан өттім . Танысу тәжірибесі оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл оқу процесінде алған білімдерін бекіту мен кеңейтуге көмектеседі, алған жаңа тәжірбиені болашақта қолданып, өз ісінің шебері болуға зор пайдасын тигізеді.
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.
Тәжірибенің мақсаты - оқу барысында алған теориялық білімді практикалық шоғырландыру, туризм саласында бұрын алған теориялық білімдерін одан ары машықтау және жеке өз бетімен білімдерін толықтыру. Теорилық алынған білімде көрсете білу.
Тәжірибенің негізгі мақсаты - бос уақытты белсенді өткізудің негізгі қағидаларымен танысу, туристік қызметтерді ілгерілету үшін ұйымда қолданылатын маркетингтік құралдарды талдау, қажетті құжаттармен танысу және сонымен қатар практикада нұсқаушы дағдыларын қолдану, мәдени қызметтерді зерттеу, ұйымның жеткізушілермен, тұтынушылармен, бәсекелестермен байланысын зерттеу. салық қызметі, диссертация жазу үшін материалдарды таңдау және талдау.
Тәжірибие кезеңі карантин жағдайында өткендіктен, менің туристік агентікке барып, оқу кезеңінде алған теориялық біліміді іс жүзінде көрсете алмадым. Дегенмен, мен өзімнің теориялық білімді одан ары толықтырып, өз профессиямның басқа да сыр қырларын білдім. Бұл практикадан менің күтетінім көп және осы практика кезінде өзіме қойған талаптарым бар. Яғни, түсіндіре кететін болсам, практика кезеңінде ізденіс арқылы өз білімді толықтыру және туристі кәсіпорынның жұмысымен тереңірек танысу болды.
1. Танысу практикасында өтілген материалдар
...