Мәселелердің экономикалық аспекті
Автор: abylaixankz • Октябрь 10, 2018 • Реферат • 4,602 Слов (19 Страниц) • 553 Просмотры
Жоспар:
1. Мәселелердің экономикалық аспекті. 2
2. Радиацияның адамға әсері. 4
3. Сәуле ауруының патогенезі 4
Жедел сәуле ауруы. 5
Созылмалы сәуле ауруы 5
4. Клиникалық көрінісі 8
5. Диагноз. 10
6. Емі. 10
7. Алдын алу. 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12
1. Мәселелердің экономикалық аспекті.
Иондағыш радиацияның тірі организмге әсері радиоактивті сәулелену ашылғанынан және алғаш рет қолданылғаннан бері әлемдік қауымдастықты қызықтырды. Бұл кездейсоқтық емес, себебі зерттеушілер басынан-ақ оның теріс әсерімен кездесті. 1895 жылы Рентгеннің көмекшісі В. Груббе ретгендік сәулемен жұмыс үстінде қолынан радиациялық күйік алды, ал радиактивтілікті ашқан француз ғалымы А. Беккерель радиимен сәуленуден терінің қатты күйігін алды. Атақты ғалым Мария Скдаловская-Кюри сәуле ауруынан қайтыс болды және осы уақытқа дейін оның моласы сәулеленуден қорқады.
Осы әсерден алаңдаған әлемнің барлық мамандары 20-шы жылдардың аяғында радиациядан қорғану жөнінде халықарарлық комиссия құрды (ХРҚК), ол радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережесін шығарды және шығарады. ХРҚК-ң нұсқауларын қолдана отырып, комиссияның ұлттық экспертері әр елдерде «ядролық держава» атты ұлттық нормативтерін шығарды. ХРҚК-нан басқа осы мәселелермен шұғылданатын, 1955 ж БҰҰ-ң құрамынан шыққан тағы бір халық аралық ұйым-атомдық радиацияның әсері жөнідегі ғылыми комитет (АРӘЖҒК) құрылды.
Бұл да кездейсоқтық емес, себебі АРӘЖҒК өзінің қызметінің нәтижелерін БҰҰ-ң секретариатының алдында есеп береді. Бірақ өкінішке орай қазіргі уақытта бұл баяндама тек мамандарға ғана тиімді.
Басқа жағынан АРӘЖҒК бастапқыдан-ақ шешім қабылдауға арналмаған, ол тек нұсқауларды шығара алады. Оның үстіне, осы экологиялық сипаттағы мәселелер тек соңғы кездерде ғана қоғам үшін актуалды болды.
Экологиялық аспект.
Негізінен радиациялық сәулелену мәселері біршама жоғарлаған, ал кейбір жерлерде истерияға дейін алып келеді. Чернобылдік және басқада осыған ұқсас авариялар ерекше психоәлеуметтік көрініс-радиофобияны тудырды. Бұл көріністің нағыз классикалық үлгісінен өзінің іс әрекетінде экстремизмге дейін әкелген «Гринпис» ұйымын және маңызды түрде оқу жай терістеу немесе қолпаштауға қарағанда қиынырақ екен. Аса маңызды ұйымдардың іс-әрекетінің нәтижелері бойынша, мысалы АРӘЖҒК-ң сәулеленудің негізгі бөлігін тұрғындар радиацияның табиғи көздерінен алады және бұлардың көптігі сондай-ақ, сәулеленуден қашып құтылу мүмкін еместігі анықталды. Сандар миллизиверттегі дозаның көлемін көрсетеді.
Жер дамуының барлық тарихы бойында жер бетіне сәулеленудің әр түрлері ғарыштан түседі және жер қыртысында орналасқан радиоактивті таралу біргелкі емес. Кейбір құрылыс материалдарын қолдану, тамақ дайындау үшін газды, ашық көмірлік жаровендерді пайдалану, бөлмелердің герметизациясында ұшақтың ұшуында, медициналық қызмет көрсетулерде – осылардың барлығында және көптеген басқа түрлерінде әрі өмір салтында сәулеленудің деңгейі радиацияның табиғи көздерінің есебінен артады. Радиацияның барлық табиғи көздерінің ішіндегі ең ауыры көзге көрінбейтін, иісі не дәмі жоқ ауыр газ (ауадан 7,5 рет ауыр) радон.
БҰҰ-ң АРӘЖҒК-ң мәліметтері бойынша радон өзінің құрамдас өнімдерімен бірге радиоактивті ыдырауы радиацияның жер көздерінен тұрғындардың алатын сәулеленуінің жеке эффективті эквиваленті мөлшері шамамен жылдың ¾-не жауапты және барлық радиацияның табиғи көздерінен осы мөлшердің шамамен жартысы.
Көздерінің техногенді (антропогенді) шығу тегін ескеру керек, себебі біріншіден барлық жер тұрғындарының техногенді сәулелену пайызы табиғи сәулеленуге қарағанда азырақ, ал екіншіден осы жерге басқада бірнеше жоспардағы мәселелер, мысалы экономикалық – энергетикалық мәселе кіреді. Яғни, сонымен қазіргі кезде эффектиті энергия бөлудегі басқа шынайы жобалар жоқ және атомдық энергетика осы барлық ұсынылғандардың ішіндегі мүмкін болатын және экономикалық негізделген жалғыз вариант болып табылады. Бірақ бұл басқа осындай жобаларды шығаруда және эксплуатациялауда үлкен жауапкершілікті аяқтамайды және босатпайды.
...