Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Автор:   •  Октябрь 21, 2019  •  Реферат  •  6,968 Слов (28 Страниц)  •  991 Просмотры

Страница 1 из 28

Кіріспе

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Электрондық тұжырымдамасы билік органдарының ісін неғұрлым көрсетілген, азаматтарға пайдалануға ыңғайла болуы үшін құру қажеттігі туындады. Бұған дейін, әрбір мемлекеттік органның басқа органдармен байланысы болмай, оқшауланып тұруда. Азаматтарға әр түрлі құжаттар, анықтамаларды және өзге де қағаздарды жинауы үшін көптеген инстанцияларды өтуге тура келетін. Осы себепті, бір қызметті пайдалану үшін көптеген мекемелерден өту қажет болатын. Қазіргі таңда бұл жағдай электрондық үкімет жобасының арқасында түбегейлі өзгерді.

Өндірістік тәжіребие есебін жазудағы мақсат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының халыққа қызмет көрсету  кезінде құжат айналымын оңтайландыру жолдарын талдау.

Берілген мақсатқа сәйкес жұмысты жазуда төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Халыққа қызмет көрсету орталығымен көрсетілетін қызмет түрлерін айқындау;
  • Еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету саласының статистикасын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасына талдау жасау;
  • “Азаматтарға арналған үкімет”  мемлекеттік корпарациясындағы құжат айналымын оңтайландыру жолдарын ұсыну.

Бұл өндірістік практикадан есеп беру кіріспеден, негізгі бөлімнен және қортындыдан тұрады.

Бірінші бөлімде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының дамуы кезеңдері зерттеліп, қызметі сараланады.

Екінші бөлімде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясыеың қызмет көрсету саласының статистикасы, Ақтөбе облысы бойынша қызмет түрлері, оны реттеудегі заңнамалар талданады.

Үшінші бөлімде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының жетілдіру жолдары мен ұлт жоспары реформасы  қарастырылады.

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының атқаратын қызметтеріне шолу

1.1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының пайда болу тарихы

Қазіргі заман талабына сай дені сау, жақсы жұмыспен қамтылған,  қамсыз тірлікте өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалған қоғамның ажырамас бөлігі мемлекет болып табылады. Азаматтардың қамын ойлайтын және әлеуетін неғұрлым арттыруға мүмкіндік тудыратын да мемлекет. Олардың заңды құқықтарының қорғалуына және қалуына кепілдік беретін де мемлекет болып табылады. Сондықтан да мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас қарапайым, түсінікті, қолжетімді және азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған болуы керек.

Еліміздегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, осы пікірлерді негізге ала отырып құрылып, әлі де даму үстінде екндігіне кепілдік бере алады. Яғни, азаматтар мен мемлекет арасындағы әрекеттестіктің қарапайым, пайдалануға ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.

Халыкка қызмет көрсету орталықтар 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілдік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды. Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басты оң қасиеттеріне айналды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылы оларды электрондық үкіметтің инфрақұрылымымен біріктіру, ал кейін толық жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде клиенттерге қызметтер көрсету уақыты қысқарды, қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді, сондай-ақ орталыққа бару уақытын электрондық үкімет порталы арқылы броньдау мүмкіндігі іске асырылды.

Бұдан басқа, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға баса назар аударылды, әр Халыққа қызмет көрсету орталықтары оларға арналып құжаттарда қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, пандустар мен шақыру батырмалары орнатылды.

...

Скачать:   txt (113.9 Kb)   pdf (329.8 Kb)   docx (56.6 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club