Казiргi экономикадаfы коммерциялык банктердiн рөлi
Автор: Nazim Kuttimurat • Октябрь 9, 2021 • Реферат • 765 Слов (4 Страниц) • 231 Просмотры
ӘОЖ 336.716
ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІ
КуттимуратоваН. – ЭФ-18-1т тобының студенті
Уразбаева Г. Ж. - э.ғ.к., доцент
Банк ісі - бұл банк секторының мәселелерімен айналысатын экономика саласы. Банк іс жүзінде қарыз алушы мен несие беруші арасында жұмыс жасайтын қаржылық делдал болып табылады. Банк - Қазақстан Республикасының ”Банктер және банк қызметi” туралы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, банк ісі 6 түрге бөлінеді: орталық банк, инвестициялық банк, әмбебап банк, мамандандырылған банк, жинақ банк және коммерциялық банк.[1] Соның ішінде коммерциялық банктердің экономикамыздағы рөліне тоқтала кетсем. Жалпы, коммерциялық банктер – тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банк болып табылады. Коммерциялық банктер мемлекеттiң несие жүйесiнде үлкен рөль атқарады. Олар капитал нарығындағы әртүрлi секторларда қызмет ететiн ерекше кәсiпорын болып табылады. Коммерциялық банктер несие ресурстарының басым бөлiгiн шоғырландырып, өз клиенттерiне қызметтердiң бiрнеше түрлерiн (несие беру, салымдарды қабылдау, есептiк қызметтер көрсету, бағалы қағаздар мен валютаны сату және сатып алу және т.б.) көрсетедi.
Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста тұңғыш президент Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын. Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған бірінші коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' АҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.[2] Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктерге Қазақстан Халық банкі, Kaspi Bank, Forte Bank, ЦентрКредит банк, АТФ банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Bank RBK, Altyn Bank, Сбербанк, Альфа банк, Нұрбанк, Банк Хоум Кредит, ВТБ банкі жатады.[3] Осылардың ішінде экономикадамызда елеулі орын алатын Kaspi bank АҚ-ның қазіргі таңдағы жағдайына тоқтала кетсем. Каспий банк – еліміздегі ең танымал банктердің бірі.Ол экономикамызда тек коммерциялық мақсатта ғана емес, сондай-ақ қайырымдылық, спорт, білім, мәдениет салаларында да жұмыс жасап жатыр. Каспий банк өз қызметтерін басқа банктерге қарағанда халық арасында кеңінен таныта білді. Каспий банктің халыққа ұсынған қызметтерін уақыт үнемдеу, яғни үйден шықпай төлем жасау, керекті дүниелерді интернет арқылы Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. Өткен жылы Каспий банктың ұйымдастырылуымен 15-17 қараша күндері Каспий Жұма үшкіндік бүкілхалықтық сауда саттық акциясы жүргізілді. Ол акцияда барлық тауарларды (электроника, жиһаз, киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, автомобиль доңғалақтары, қысқы спорттық тауарлар) арзан бағада алуға мүмкіндік берілді. Бұл экономиканы жақсартуға бағытталған іс-шаралардың бірі де бірегейі болды. Себебі Каспий Жұма акциясы арқылы сауда күші көбірек болып, шамамен 60млрд тенгеден асып түсті. Бұл өткен 2018 жылдың қараша айына қарағанда 5 есе көп. Яғни банк бұл акцияны әр жылы өткізу арқылы бизнеске жол ашады және экономикалық өсуге қолдау көрсете алады. Бұл акция жылына 2рет жаз және күз мезгілдерінде өткізіледі. 2019 жылы қараша айында бұл шара бесінші рет өткізілді.
...