Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсiби мамандарды даярлаудаfы өндiрiстiк тәжiрибенiн рөлi

Автор:   •  Январь 6, 2021  •  Доклад  •  520 Слов (3 Страниц)  •  333 Просмотры

Страница 1 из 3

 

КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ РӨЛІ («АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ МЕН АЭРОДРОМДАР ҚҰРЫЛЫСЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША)

Жақсыбаева М.М.

           «Жол құрылысы және автомобиль көлігін пайдалану» кафедрасының меңгерушісі

 Жоғары көлік және коммуникация колледжі  

 

Мемлекеттің негізгі стратегиялық басымдылықтарының бірі - бәсекеге қабілетті, іске деген шығармашылық қарым – қатынасы жоғары, еңбексүйгіш, өзін-өзі үздіксіз дамытатын және әрдайым кәсіби өсуге талпынатын мамандарды даярлау. Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы ғана өз ісіне әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпөн қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп сапасына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі жайт. 

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарының алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік және техникалық білім беруде өндірістік тәжірибенің маңызы өте зор

Бәрімізге белгілі, тек өндірістік тәжірибе ғана болашақ мамандардың кәсіби деңгейін арттырады, оларға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Өндірістік тәжірибенің мақсаты - студенттерге күрделі және жауапкершілігі жоғары өндірістік процесстерді игеруге, кәсіби өсуге, жеке құндылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік жасау.

Студенттер өз тараптарынан үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдануды және болашақ мамандықпен байланысты ережелер мен міндеттемелерді уақытылы және жауапкершілікпен орындауды үйренеді.

«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша студенттердің негізгі өндірістік тәжірибе өту базасы болып көбінесе Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының жол мекемелері табылады. Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «КазЖолҒЗИ» АҚ филиалы, «MEGA ROAD» ЖШС, АҚ  «Қазавтожол» Астана қаласы филиалы, Ақмола облысы бойынша «ҚазақЖолҚұрылыс» ЖШС, Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен оқу жоспарына сәйкес, оқу орнымен және барлық студенттермен келісім шарт рәсімделініп, өндірістік тәжірибені өту үшін мол мүмкіндік қамтамасыз етілген. Осы аталған мекемелердің ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әлеуметтік серіктес мекеме «КазЖолҒЗИ» АҚ филиалының алатын орнын ерекше атауға болады. 

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (139.8 Kb)   docx (61.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club