Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казiргi адам күрылысынын ерекшелiктерi

Автор:   •  Февраль 23, 2022  •  Реферат  •  873 Слов (4 Страниц)  •  292 Просмотры

Страница 1 из 4

Жауабы:

ҚАЗІРГІ АДАМ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

  Адам және оның анатомиясы - жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы қоғам мүшесі. Адам табиғаты туралы ғылым тарихында негізгі екі бағыт бар. Оның бірі - идеалистік, екіншісі - материалистік бағыт. Идеалистер адамды құдай жаратты деп түсіндіреді. Олардың көзқарасы бойынша, адамның барлық әрекеті құдайдың құдіретіне бағынышты. Олар адам апатқа ұшыраса, не қаза тапса, оны құдайдың бұйрығы дейді. Материалистер адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан деп түсіндіреді. Олар адамның саналы қоғам мүшесі екенін, оның тіршілігі, дүниеге көзқарасы, рухани байлығы, келешегі сол қоғамның құрылысына, материалдық тұрмыс жағдайына байланысты болатынын дәлелдейді. Адамның жануарлардан бөлініп шығуына негізгі себеп болған - еңбек әрекеті. Өте ертедегі адамның пайда болу кезеңі оның ең тұңғыш еңбек құралдарын жасауынан басталады. Еңбек процесі адамға тіл бітуіне, оның сана-сезімінің оянуына және қоғамдық қарым-қатынас құруына жол ашты. Ф. Энгельстің айтуынша, «Ол - бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, оның үстіне біз белгілі мағынада: адамның өзін жасаған еңбек деп айтуға тиіспіз».

  19 ғасырдағы табиғат зерттеуші ғалымдар, әсіресе Чарльз Дарвин, адам тәріздес маймылдардың геологиялық қабаттардан табылған қалдықтарын зерттей келе, олардың бет бейнесінің ұқсастығын және адам сатысына өтудегі биологиялық жағдайларын анықтады. Дарвиннің бұл теориясы ғылымдағы ең жоғары табыстың бірі болды. Дегенмен, эволюциялық теория адамның маймылға қарағанда көптеген ерекшеліктері бар екенін толық ұғындыра алмады.

  Анатомиялық және морфологиялық ерекшеліктері тұрғысынан адам сүт қоректілерге, оның ішінде примат отрядына жатады. Бұған маймылдар мен шала маймылдар да кіреді. Адамның өзіне тән морфологиялық белгілері: оның екі аяқпен тік жүруі, қолының жұмысқа икемділігі, ми құрылысының күрделі де салмақты болуы, сөйлеу аппаратының жақсы жетілуі. Қазбадан табылған өте ертедегі адамның сүйектері мен қазіргі морфологиялық белгілерін және оның эволюциялық даму ерекшелігін ескере отырып, примат отрядының ішінде адам өз алдына «гоминид» (лат. һоmа адам) тұқымдасы деп аталады. Гоминидтің арғы тегі бұдан бір млн-нан астам жыл бұрын Олуоваи шатқалында (Шығыс Африкада) өмір сүрген зинджантроптан шыққан. Оның сүйек қалдықтарымен бірге тұрпайы жасанды құралдар да табылған. Мұның өзі зинджантроптардың өте қарапайым түрде болса да еңбек құралын жасай білгенін көрсетеді. Гоминид тегіне дриопитек пен австралопитектер де кіреді. Олардың қалдықтары Азияның және Африканың көптеген жерінен табылды. Бұлардан кейінірек өмір сүрген ертедегі адамдардың қатарына питекантроп (Ява аралында), синантроп (Қытайда), атлантроп (Африкада), гейдельберг адамы да (Германияда) жатады. Еңбек құралдарын жасау питекантроп сатысында-ақ ежелгі адамның мінез- құлқына әсер етіп, өзара тіл қатысу мұқтаждығын туғызған. Осыған байланысты олардың ми құрылысы да өзгерген. Мұндай эволюциялық өзгерістер ертедегі адам дәуірінде де болған. Оған Европаның, Африканың, Азияның жерлерін мекендеген неандертальдардың көптеген қалдықтары дәлел. Төртінші дәуірдің аяқ кезінде неандертальдар анағұрлым жоғары сатыға көтеріліп, қоғамдық қарым-қатынасқа ие болды. Кейінірек бұлардың орнына қазіргі адамның қазба түрі - кроманьондар келді. Бұлар ғылымда Ноmо sаріеns (лат. саналы адам) немесе адамның жаңа түрі деп аталады. Кроманьондардың жасаған құралдары неандертальдарға қарағанда анағұрлым күрделірек. Олардың дене құрылысы мен түр әлпеттерінде тұрақты морфологиялық және нәсілдік белгілер де пайда болған.

...

Скачать:   txt (12.8 Kb)   pdf (78.4 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club