Шошка өсiру кушендерiндкегi дератизациянын казiргi заманfы әдiстер
Автор: orken99 • Апрель 14, 2020 • Курсовая работа • 1,453 Слов (6 Страниц) • 316 Просмотры
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ ГИГИЕНА КАФЕДРАСЫ
ШОШҚА ӨСІРУ КЕШЕНДЕРІНДКЕГІ ДЕРАТИЗАЦИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕР
РЕФЕРАТ ЖҰМЫС
Орындаған:6В09102-«Ветеринариялық санитария»
мамандығының 3 курс 314 топ студенті Үмбет Өркен
Тексерген:Алимов Айтбай Айткенұлы,в.ғ.к.,доцент
АЛМАТЫ 2020
Жоспары:
- І.Кіріспе.........................................................................................................................3
- ІІ.Негізгі бөлім.............................................................................................................4
2.1. Дезинфекция жалпы түсінік.........................................................................................4
2.2. Дератизация жалпы түсінік.........................................................................................5
2.3. Шошқа шаруашылығы нысандарындағы дезинфекциялау және дератизациялау......................................................................................................................6
- ІІІ.Қорытынды............................................................................................................9
- IV.Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................10
І.Кіріспе
Дератизация — егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жер телімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады. Ал санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты — тұрғын үйлерде, қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет. Кеміргіштерді жою шаралары механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүргізіледі. Механикалық шараларға әр түрлі қақпандар мен ұстағыштар жатады. Қақпандардың серіппелі үлкен (егеуқұйрықтарға арналған) және кішкене (тышқан қақпан) түрі коп қолданылады. Химиялық тәсілге уланған жемді пайдалану жатады; у ретінде көбіне зоокумарин қолданылады. Ал биологиялық тәсілмен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдаланады.
II. Негізгі бөлім
2.1. Дезинфекция жалпы түсінік
Дезинфекциялау - патогенді және шартты патогенді микроорга- низмдерді жоюға бағытталған әртүрлі ветеринариялық-санитарлық шаралардың жиынтығы. Мал қораларын дезинфекииялау бірінен соң бірі жүретін екі сатылы - тазалау және дезинфекциялау ертіндісін пайдалану шаралардан тұрады. Мал қораларын тазалау механикалық тәсілдермен (күрекпен, транс- портерлермен, сыпырғыштармен т.б.) және гидравликалық (сумен) жолдармен жүргізіледі.
Механикалық тазалау арқылы химиялық заттардың микроорганизмдердің денесіне кіруіне жол ашады. Мұқият жүргізілген тазалау дезинфекциялауды жеңілейтіп оның сапасын арттырады. Дезинфекциялауды малдар мен құстардың қораларына, әртүрлі жабдықтарға, ауаға, ферма территориясына, ветеринариялық-санитарлық объектілерге, сиыр сауатын орындар мен құрылымдарға, мал орындарына, күрек-сайман т. б. жабдықтарға жүргізеді. Дезинфекциялау кезінде дәрі себілетін беттің құрғақтығы, су тұрмастай жылтырлығы немесе су сіңіргіштігі, конструкциялардың сырт беттерінің өңделіп, қапталған материалдары т. б. еске алынуы қажет.
...