Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казакстандаfы кəсіпкерліктін казiргi жаfдайы жене даму тенденциясы

Автор:   •  Июнь 26, 2022  •  Статья  •  1,091 Слов (5 Страниц)  •  178 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

Əлемдік тəжірибеге жүгінсек, дамушы елдер экономикасын дамытушы фактор ол кəсіпкерлік болып табылады. Шағын кəсіпкерлікті дамытудың басты мақсаты — ел экономикасын дамытып, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, сонымен қатар нарыққа өтімді тауар өндіру.

 Жалпы елімізде шағын кəсіпкерлік дамыса, қоғамда бəсекелестік те дамиды, қосымша жұмыс орындары ашылып, тұтыну секторы да кеңейеді. Шағын кəсіпкерлік халық шаруашылығының барлық салаларын, яғни, құқықтық, қаржы, əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қамтитындықтан, болашақта ел дамуының қайнар көзі болып табылмақ.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғышарттары қарқынды түрде құрылуда, атап айтқанда, меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асырылды, соның арқасында кәсіпкерлікті, демек тұтас қоғамды дамыту үшін берік экономикалық негіз қалануда. Ел кәсіпкерлердің, ал кәсіпкерлер өз мемлекеттерінің қолдауының арқасында өркендеп келеді.

Жалпы кəсіпкерлік  қызмет — дамушы сектор. Кəсіпкерлік секторды одан əрі дамыту үшін елімізде мынадай мəселелерді дамытқан жөн: мемлекет тарапынан кəсіпкерлікке қолдау көрсету, кəсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар санын көбейту, бизнес-инкубаторларды, маркетингтік жəне басқару саясатын, кəсіпкерлік құқықты əлі де болса жетілдіру қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Шағын бизнесті өнеркәсіп секторын әртараптандырумен (бөлумен) бірлікте дамыту "Қазақстан - 2030" стратегиясы негіздерінің бірін құрайды. Қазақстандағы шағын бизнес шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесін құрудағы  қажетті буын ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы маңызды элемент болып табылады.

Нақты осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырылды. Ол «Бизнестің жол картасы – 2020» деп аталды. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, ең алдымен, шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Соңғы он жыл ішінде Қазақстан кәсіпкерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мұны келесі фактілер де айтады: өткен жылдың өзінде шағын және орта кәсіпкерліктің саны 10%-дан астамға артып, 1,3 миллионға жетті, ал үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында шағын және орта бизнес қызметінен бюджетті толықтыру 16,6 %-ға артты. «Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында Қор бастаушы кәсіпкерлерге 20 миллион теңгеге дейін, қолданыстағы кәсіпкерлерге конкурстық негізде шағын бизнес жобаларына 180 миллион теңгеге дейін несие береді. Қазіргі жағдайда шағын және  орта бизнестің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизмін, ең алдымен, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды күшейту керек.

Әлемді жайлаған  COVID-19 пандемиясы  барлық әлем елдерінің, сонымен қатар еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, үлкен өзгерістерге алып  келді. Сарапшылардың алдын ала болжамдары бойынша, егер пандемия өрши түсетін болса, әлемдік экономикаға коронавирустың шығыны       2 трлн долларды құрауы мүмкін.

Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – оның мемлекеттің жалпы ішкі өніміндегі үлесі. 2050 жылға дейін Қазақстан шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құндағы үлесін 50%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

ҚР-дағы шағын кәсіпкерлік жаппай және салыстырмалы түрде серпінді құбылысқа айналды. Соңғы төрт жылда тіркелген кәсіпкерліктің саны 2015 жылмен салыстырғанда 45% - дан астамға ұлғайды және 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. бірлікке жетті, бұл елдегі барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санының 82 % - ға жуығын құрайды.

Ұйымдық-құқықтық нысандар бөлінісінде жұмыс істеп тұрған саны  2019 жылы жеке кәсіпкерлер 604 мың субъектіні немесе 60,4% – ды, шағын кәсіпкерліктің саны –203 мың немесе 20,3% - ды, ШҚ-194 мың немесе 19,4% - ды құрағанын көрсетеді. (1-сурет)

...

Скачать:   txt (15.7 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club