Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбекақы Табыс, пайда

Автор:   •  Июнь 10, 2023  •  Лекция  •  1,051 Слов (5 Страниц)  •  206 Просмотры

Страница 1 из 5

Тақырып 7. Еңбекақы Табыс, пайда.

1.Еңбекақы және оның түрлері

Адамдардың    материалдық және  рухани  қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белгілі мақсатқа байланысты бағытталған қызметі – еңбек болып табылады.

Еңбекті ынталандырудың негізгі тетіктері :

Мотив – бұл ішкі қозғаушы күш: тілек, бағыт, ұстаным.

Стимул – жұмыскерлердің өздерінің еңбек нәтижелеріне қызығушылығы. Стимул ретінде адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын кез келген құндылықтар болуы мүмкін.

Еңбекақы жұмыс күшінің бағасы. Оның шамасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

ҚР Еңбек кодексінде (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ) “жалақы” және “еңбекақы төлеу” түсініктері ажыратылған.

Жалақы мен еңбекақы төлеудің айырмашылығы неде?

Жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы

Еңбекке ақы төлеу – ҚР Еңбек Кодексіне және ҚР өзге де нормативтік

құқықтық  актілеріне  сәйкес,  қызметкерге еңбегі  үшін  берілетін  сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі

Еңбекақының негізгі қызметтері:

ҚР Кодексіне сәйкес, жалақының негізгі және айнымалы жалақы түрлері болады.

1. Негізгі жалақы-жалақының 75 % құрайды.

2. Айнымалы бөлігі– жалақының 25 % -на тең.

Негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі

және еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе)

еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер.

Жалақының айнымалы бөлігіне (орташа айлық жалақының 25 %  құрайды) ай, тоқсандағы жұмыс   қорытындылары бойынша белгілі көрсеткіштерге байланысты сыйақылар (ақшалай марапаттаулар) жатады.

Негізгі жалақының құрамына келесілер кіреді:

1. Оклад, тарифтік ставка, кесімді бағалама бойынша еңбекке ақы төлеу;

2. Жұмыс шарттары мен еңбекке ақы төлеу тәртібіне байланысты төлемдер:

3. Ынталандырушылық сипаттағы төлемдер (еңбек стажына, кәсіби деңгейіне, жоғары жұмыс сапасына)

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге; 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60000 теңгені құрайтын болады.

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524

теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге;

4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді

қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 2 917 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 302 теңге"

ҚР еңбекке ақы төлеуді салықтық реттеу.

Жұмыскерге есептелген жалақыдан төмендегі аударымдар аударылады:

-  Жалақыдан міндетті аударымдар:

•  зейнетақы жарналары - 10 %

•  жеке табыс салығы -10 %.

-  Әлеуметтік салық – 9,5 %.

Жалақы қоры = жұмыскерлер саны  * орташа айлық жалақы * 12 ай

2017 ж.бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

(ОСМС)   жүйесі   енгізілген.   Отандық   жұмыс   берушілер   жұмыскерлеріне медициналық сақтандыру үшін ОСМС төлеуді бастады.

Жалпы еңбек дегеніміз адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру негізінде атқарылатын жұмыстардың жиынтығы.

Қызметкер үшін жалақы – қызметкердің жеке табысының негізгі көзі. Ал жұмыс беруші үшін қызметкерлердің еңбек ақысы – бұл олардың еңбек күшін жұмсауға кеткен шығындары.

...

Скачать:   txt (15.7 Kb)   pdf (132.3 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club