Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылжымайтын мүлік нарығы мəні, құрамы

Автор:   •  Февраль 11, 2021  •  Лекция  •  2,406 Слов (10 Страниц)  •  569 Просмотры

Страница 1 из 10

Жылжымайтын мүлік нарығы мəні, құрамы

Жылжымайтын мүлік нарығы жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты қарым-қатынастар жиынтығы. Бұл нарық жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, несие, жалға беру сияқты операцияларды жүзеге асыру барысында туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жүйесі. Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі сегменттеріне жер нарығы, тұрғын үй нарығы, тұрғын емес үйлер нарығы жатады. Объектілердің функционалдық міндеттеріне байланысты табыс əкелетін нарық бөлінеді, оған сауда-саттық бағытындағы нарық объектілері, өндірістік-қойма бағытындағы нарық объектілері, офис мақсатындағы нарық объектілері сегменттері  енеді. Əдебиеттерде қонақ үй қызметтері нарығы жəне аяқталмаған өндіріс объектілері нарықтары бөлінеді. Аяқталмаған өндіріс объектілері нарығында объектілерді бағалау, сату кезеңдерінде ерекше процедуралар қолданылады жəне оған мемлекеттік реттеу, салынып болмаған объектіні мақсатты пайдалану жəне салынатын құрылыстың алғашқы жоспары əсер етеді. Сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім объектісі ретіндегі жылжымайтын мүлікке заңды құқығына байланысты сатып алу-сату нарығы жəне жалға беру нарығы бөлінеді. Сатып алу-сату нарығында сəйкес эквивалентке меншік құқығы толығымен беріледі, ал жалға беру нарығында келісім объектісі ретінде, иелік ету құқығын болдырмайтын  құқықтың белгілі бір бөлігі ғана саналады. Қазақстан Республикасында қалыптасқан заңдар мен нормативтерге,  жекелеген жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктеріне байланысты жылжымайтын мүлік нарық сегменттері дербес дамиды.

Жылжымайтын мүлік нарығына келесі  ерекшеліктер тəн:

 – сатып алу-сату келісімдерін мемлекеттік тіркеу қажеттілігі;

– жылжымайтын мүлік иелігіне  жыл сайынғы салық төлемдер;

 – жылжымайтын мүлікті күтіп ұстау шығындары;

– жылжымайтын мүлік объектілерінің өзара алмастырылу деңгейінің төмен болуы;

– маусымдық өзгерістер мен ауытқулардың əсер етуі;

– объектілердің тұрған жерін  өзгерту мүмкіндігінің жоқ болуына байланысты, олардың бір жердің шеңберінде болуы.

Жылжымайтын мүлік нарығы сұраныс, ұсыныс, баға жəне инфрақұрылым көрсеткіштері жүйесімен сипатталады. Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі функциялары:  

– баға, сұраныс жəне ұсыныс туралы ақпаратты қалыптастыру;

 – делдалдар мен тұтынушылар, сұраныс жəне ұсыныс аралығында байланысты қамтамасыз ету;

– жылжымайтын мүлік объектілеріне еркін баға қалыптастыру жəне меншік құқығын қорғау;

– жылжымайтын мүлік объектілеріне инвестицияларды бөлу;

 – еркін кəсіпкерлікті дамытуды  қамтамасыз ету.

Жылжымайтын мүлік нарығы  құрылымы жылжымайтын мүлік нарығы  объекті субъектілерінен жəне жылжымайтын мүлік нарығы инфрақұрылымынан қалыптасады. Жылжымайтын мүлік нарығы  инфрақұрылымына жылжымайтын мүлік объектілерін қалыптастыруға жəне оның  пайдалы қасиеттерін тұтынуға, сонымен қатар оны нарық ортасына бөлуге əсер ететін жылжымайтын мүлік нарығының кəсіби жəне институционалдық қатысушылары жатады.

Инфрақұрылымның əртүрлі деңгейі болады. Олар: халықшаруашылықтық деңгей, аймақтық деңгей, жергілікті деңгей, объектілік немесе микродеңгей түрлеріне бөлінеді. Халықшаруашылықтық инфрақұрылым республикалық макро-деңгейдегі инфрақұрылымның қалыптасуын, ал аймақтық жекелеген аймақтағы жылжымайтын мүлік нарығы инфрақұрылымының қалыптасуын көрсетеді.  Жылжымайтын мүлік нарығының жеке секторлары бойынша инфрақұрылымының дамуы жергілікті деңгей инфрақұрылымы арқылы көрінеді. Микродеңгейдегі инфрақұрылым арқылы жекелеген жылжымайтын мүлік объектісі инфрақұрылымы  жағдайы сипатталады. Жылжымайтын мүлік нарығы инфрақұрылымын қалыптастыруда инженерлік-технологиялық, трансакциондық, əдістемелік, əлеуметтік тəсілдердің маңызы зор. Инженерлік-технологиялық тəсіл көзқарасынан қарастырғанда жылжымайтын мүлік нарығы инфрақұрылымы дегеніміз, бұл əртүрлі категориядағы тұтынушылар  арасында жылжымайтын мүлік объектілері туралы дұрыс ақпаратты тарату мақсатындағы кəсіби қызмет механизмдерінің жиынтығы.

...

Скачать:   txt (37.7 Kb)   pdf (111.8 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club