Генератордың құрылысы
Автор: Murat2023 • Май 23, 2023 • Контрольная работа • 2,151 Слов (9 Страниц) • 319 Просмотры
Ф-БЕ-10/11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ЖОЛ – КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ
ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА
Тақырыбы: _Генератордың құрылысы
Орындаған: _Шулдақбаев М
07161300арнайы
пәндерциклдік комиссиясында
талқыланып, қаралған.
Хаттама № _ «__» _____2022ж.
Төрағасы ________Б.Торыжанов
(қолы) (аты-жөні)
Шымкент 2022ж.
Кріспе
Генератор қондырғысы автомобильдегі негізгі электр энергиясының көзі болып табылады. Ол қозғалткыш жұмыс істеп тұрған кезде барлық электр тоғын тұтынушыларды электр тоғымен қоректендіруге және аккумулятор батареясын қуаттандыруга арналған. Қазіргі автомобильдерде айнымалы ток генераторлары орнатылған. Генератор қозғалтқышка бекітіледі және иінді білікпен жалғанган белбеу арқылы козғалыска түседі. Белгілі дәрежеде генератордын кернеуін тұрактандырып тұру үшін түйіспелі сақиналары жағындағы какпағында кернеу реттегіш бекітілген. Автомобиль әр 15 мын шак. жол жүргеннен кейін генератордың жағдайын тексеріп және керек болған жағдайда бекітілген жерлерін тартады. Со-нымен қатар генераторға кернеу реттеуішке және аккумулятор батареясына жалғанған жерлеріндегі сымдардың ұштыктарынын тазалығы мен бекітілісінің сенімділігін тексереміз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде генератор қуаттандыру тоғының жок екенін аспаптар панелінде орналасқан бақылау шамы көмегімен аңықтай аламыз, ал бұл генератор жетеп белдігінін, генератордың өзінің іштен шығуына (түйіспелі сақиналарының ластануынан, шеткалы түйінінін істен шығуынан, генератор элементтерінің электр тізбегінің үзілуінен немесе түйыкталуынан), ал сонымен қатар аккумулятор батареясының қуатталу тізбегінің бұзылуынан болады.
Автомобиль қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде оның электрлік жабдықтарын қажетті қуатпен қамтамасыз ететін — генератор.
Ол негізгі қозғалтқыштан алынатын механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина.
Ол үшін генератордың іске қосатын шкиві қозғалтқыштың иінді білігіне белдікті беріліс арқылы жалғасады.
Генератор құрылысы
- Генератор дегеніміз – автомобиль жұмыс істеп тұрған кезде оның электр жабдықтарын қажетті қуатпен қамтамасыз ететін құрал. Ол негізгі двигательден алынатын механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина.
Автомобильдердің электр жүйесінде екі түрлі генератор қолданылуы мүмкін: тұрақты ток және айнымалы ток тудыратын генераторлар.
Генератор түрлері:
- Тұрақты ток генераторы
- Айнымалы ток генераторы
Айнымалы ток генраторлары екіге бөлінеді:
Контактілі және контактісіз.
Тұрақты ток тудыратын генераторлардың тозатын бөлшектері көп болады. Себебі, ондағы пайда болған токты сақиналы коллектормен жанасып тұратын щеткалар арқылы алады, ал жұмыс кезінде коллектор айналып тұрады да, онымен жанасатын щеткалар қозғалмайды. Сөйтіп, олар үйкеліс әсерінен тез тозады. Оның үстіне оларды үнемі тазалап отыру қажет.
Осындай кемшіліктерінің әсерінен кейінгі кездерде айнымалы ток генераторлары қолданылады. Мұндай генераторлардан алынған айнымалы ток арнаулы түзеткіштің күшімен тұрақты тоққа айналдырылып, электр жүйесіне тарайды.
Айнымалы ток генераторы екі түрлі болады: контактілі және контактісіз. Олай бөлінуінің себебі, олардың қоздыру орамына токты қалай жеткізілетіндігіне байланысты.
Айнымалы ток генераторы негізгі екі бөліктен тұрады: айналмалы қозғалысқа келетін ротор жоне қозғалмайтын статор. Статорда магниттілігі күшті темірден жасалған бөліктерге өткізгіш сым оралған және олар өзара үш топқа біріктірілген. Роторда да магнитті өзекше сым оралып, олар да өзара біріктірілген. Осы ротордағы сым орамдары "қоздыру" орамдары деп аталады. Оларға сырттан ток келтіріледі де, оның айналасында магнит күші пайда болады. Осындай генераторды контактілі генератор деп атайды, өйткені сол ротордағы қоздыру орамына щетка мен айналатын сақина арқылы ток беріледі.
...