Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үй шаруашылығының қаржысы

Автор:   •  Март 22, 2022  •  Лекция  •  1,067 Слов (5 Страниц)  •  485 Просмотры

Страница 1 из 5

9 Тақырып.  Үй шаруашылығының қаржысы

  1. Үй шаруашылықтары қаржысының мәні мен қызметі
  2. Үй шаруашылығының қаржы ресурстары
  3. Үй шаруашылығының шығыстары

          9.1  Үй шаруашылықтары қаржысының мәні мен қызметі

        Үй шаруашылығының қаржысы, жалпы қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақша қатынастары болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып табылады. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.

        Үй шаруашылықтарының қаржысының атқаратын функциялары:

  1. отбасының қажеттіліктерін ақшамен қамтамасыз ету;
  2. бөлу.

Бірінші функция бұл отбасы мүшелерінің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Тауар-ақша қатынастарының, нарықықтың пайда болуының, одан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:

  1. отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;
  2. үй шаруашылығы ақшасының жасалуы және өсуі;
  3. ақша қорының- материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.

Бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табыстарының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржы қатынастары мынадай топтарды кіріктіреді:

  1. жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б түріндегі алғашқы табыстарды жасай отырып, қаржы жүйесінің басқа да буындары арасындағы қатынастар.
  2. оқшауланған ақша қорларын жасай отырып, қаражаттар бөлінгендігі және оқшауланғандағы үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар.

Үй шаруашылығы қаржысының екі  функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.

9.2   Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары- бұл отбасы қарамағындағы жиынтық ақша. Ол, әдеттегідей, нысаналы арналымы бар оқшауланған ақша қорлары түрінде болады.

Үй шаруашылығы қаржылық ресурстарының құрамы:

  1. өз қаражаттары (еңбекақы, коммерциялық қызметтен кірістер);
  2. нарықта тартылатын қаражаттар: несие ресурстары, дивидендтер, сыйақылар;
  3. мемлекеттік бюджеттен, бюджеттен тыс қорлардан төлемдер, зейнетақы, жәрдемақылар.

        Қаржы ресурстары үй шаруашылығының бюджетін қалыптастырады.. Өзінің материалдық мазмұны жағынан үй шаруашылығының бюджеті- бұл үй шаруашылығының ақша қорын жасау мен пайдалану нысаны.

Үй шаруашылығында екі негізгі қор жасалады:

  • Тұтыну қоры, ол осы ұжымның- отбасының жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркәсіп өндірісінің тауарларын) сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және басқалары.
  • Жинақ ақшалар қоры, ол келешекте қымбат тұратын тауарларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капиталдары.

   Үй шаруашылығының тұрақты және уақытша табысын ажыратады. Тұрақты- бұл адам болжалдарына сәйкес болашақта сақталынатын табыс. Тұрақты экономикалық қоғамда табыстың бұл түріне еңбек қызметіне ақы төлеуді жатқызады. Уақытша табыс- болашақта жоғалтатын табысты айтады, мысалы, акционерлік қоғамның тоқтатылуына байланысты бағалы қағаздардан түскен табыс.

...

Скачать:   txt (15.3 Kb)   pdf (96.4 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club