Кәсіпорының энергетикалық шаруашылығының негізгі міндеті
Автор: Касымxан Султан • Январь 8, 2019 • Реферат • 7,772 Слов (32 Страниц) • 1,016 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….3
1. КƏСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………5
1.1 Негізгі құралдардың мəні, түрлері жəне жіктелуі…………………5
1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді…………………………………………………………………...
1.3 Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.................................................................................................
2.1 Кәсіпорының энергетикалық шаруашылығының негізгі міндеті.....................................................................................................................
2.2 Кәсіпорынның өнімін шығару жоспарының әдістері. Кәсіпорында энергияны тұтынуды жоспарлау әдістері...........................................................
2.3 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындарын жоспарлау..........................................
3.«ЭНЕРДЖИ ТАРАЗ» ЖШС-ДЕ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Энерджи Тараз» ЖШС-нің технико.экономикалық сипаттамасы
3.2 Энергия тарату жүйелерін дұрыс таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................32
КІРІСПЕ
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тəуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дəлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді жəне əрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтын бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын əлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кəсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кəсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары сапалы өнім шығару үшін жаңа технологиямен жасалған негізгі құралдарды тиімді пайдалану керек.
Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Кез-келген кəсіпорын өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын жəне пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені кез келген уақытта негізгі құралдардың құрамын, жағдайын біліп отыру арқылы оның тиімділігін арттырудың жолдарын табуға болады жəне де егер де кез-келген оқыс жағдай болса, оның кəсіпорынның жұмысына кері əсерін тигізбестен бұрын алдын алуға болады. Сол себептен де кəсіпорынның негізгі құралдарын тиімді пайдалану əрбір кəсіпорынға маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нəтижесінде өндіріс көлемі азаяды жəне сол кезекте кіріс азаяды, əрине ол табысқа кері əсерін тигізеді.
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Осы жазылғалы отырған курстық жұмыс нақты осы өндірістік кəсіпорындарының негізгі құралдарының тиімділігін талдау жайлы болмақ.
Себебі олар - өндірістік кəсіпорынның тиімділігіне тура əсерін тигізеді жəне оның жоғарылауына немесе төмендеуіне əкелуі мүмкін.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық – заттақ құндылықтар ( ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал – саймандар, өндірістік жəне шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жəне өнім беретін мал, жəне тағы басқалар). Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді жəне субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте – бірте тозады жəне өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте – бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады ( мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады). Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың жəне қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына əкеліп соғады.
...