Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабындағы сұхбат алу шеберлігін айқындау
Автор: Qyrmyzy • Февраль 1, 2023 • Эссе • 580 Слов (3 Страниц) • 243 Просмотры
Скендирова Қырмызы
Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабындағы сұхбат алу шеберлігін айқындау
Журналист – тек ақпаратты беріп, кейіпкердің сөзін жеткізуші емес, сонымен қатар психолог. Ол өзара диалог үстінде аңғарылып қалады. Жазушы сұрақ қоярдың алдында Бауыржанның қас-қабағына көбірек қарап, шырт етпе мінезіне кездесіп қалмауды көздейді. Себебі оның бұрын-соңды орынсыз сұрақтар қойған немесе қазақылыққа жат мінез көрсеткен журналистерді зекіп тастағанын біледі. Автор оның осы мінезін ескеріп, өзін тек ақпараттармен емес, моральдық тұрғыдан да дайындап барған. Кейіпкер мінезіндегі тік әрі құбылмалы мінезін жазушы романда бүкпей, жасырмай ашқан.
Журналистикада «айтары бар адамнан сұхбат алып, оны сөйлете білу – өнер» деп жатады. Журналист осындай айтары мол, бірақ сөйлету қиын ұлы тұлғадан сұхбат алудың қаншалықты жауапты іс екенін түсінеді. Оның өз шығармаларын, ол туралы жазған еңбектерді бұрыннан білсе де, оларды қайта оқып, жұрт аузынан ол туралы аңыз-әңгімелер сұрастырған. Қ.Шамахайұлы айтпақшы, «Иә, жоқ деген сұрақты қою – тілші атына сын». Александр Бек сияқты тұлғалар Бауыржан образын, ерлігін ашқаннан кейін ол оны басқа қырынан ашу керек. Алғашында ол кейіпкерден «сіз туралы не жазатынымды сұрап алғым келеді?»- деп ептеп, оның пікірін білгісі келеді. Кейін өзі дайындап әкелген сұрақтар қояды.
Адам көп зерттеген сайын көп нәрсе білгісі келеді. Сол сияқты тілші де Момышұлының өз шығармаларында айтпай кеткен нәрсені табады. Яғни «Біздің семья» кітабы мен «Москва үшін шайқас» кітабындағы сабақтастық. Осы екі аралықтағы өмір кезеңін, яғни шәкірт шағын баяндауын өтінеді. Бауыржан Момышұлының ерлік істері, соғыс кезіндегі оқиғаларынан жеткен аңыз көп. Ал автор оны басқа қырынан ашуды көздейді де, оның осыған дейін оқыған кітаптары туралы сұрайды. «Адам нені оқыса, іші сонымен толысады», осындай бір сұрақ арқылы кейіпкердің қызығушылығы мен зейінін, өмірге көзқарасын түсінуге болады. Яғни ол бала күнінде оқыған еңбектерін айтып, білімге деген құштарлығын баяндайды. Соғыста жүріп те, қалай кітап оқыған оқиғаларымен бөліседі.
Тек дайындап келген сұрақты емес, кенеттен сұрақ қоя білу де керек. Осы шеберлікті шығармадан байқаймыз. Автор дайындап келген сұрағының кейбіріорынсыз екенін түсініп, кенет ауыстырады. Сұхбат алаңы – бір майдан болса, сұрақты ауыстырып беру де – тактика. Себебі ол Бауыржанды өте қатал, тіпті балаларды сүймейтін адам деп ойлаған. Бірақ жиенін мәпелеп отқанын көріп, оның балажан екенін түсінеді. Сөйтіп сұрағын бала күніне ноқталайды. «Балдырған кезіңізде қандай үй жануарларын жақсы көрдіңіз?» дейді. Бұл аса маңызы жоқ сұрақ боп көрінсе де, жауабы арқылы Бауыржан атамыздың іштей сезімталдығы басым екенін түсінеміз. Себебі қозысын сойып жегені үшін әлі күнге дейін ет жемейтін адамға айналады. Сұрақ қойғанда ақылды болып көрінуге тырыспау керегін ұқтым. Расымен еш жерде айтылмайтын, тосын сұрақтар да кейіпкер образын ашуда үлкен рөл атқару мүмкін.
...