Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казақ тіліндегі анықтық-танықтық мәнінің рөлін айқындау

Автор:   •  Сентябрь 28, 2023  •  Дипломная работа  •  19,617 Слов (79 Страниц)  •  183 Просмотры

Страница 1 из 79

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Функционалды грамматикада арнайы зерттеліп жүрген категориялардың бірі - анықтық/танықтық функционалды- семантикалық категориясы. Бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде анықтық/танықтық функционалды-семантикалық категориясы арнайы зерттеу нысанына алынып, Н. Сәрсенбаева, А. Тураева сияқты зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде сөз болып келеді. Ахмет Байтұрсынұлы функционалды грамматикада мәселелері орыс тіл білімінде XX ғасырдың екінші жартысында ғана қолына алған, арнайы зерттеу орны болған. Шақ категориясын зерттеген ғалымдар өте көп.                                                   А. Байтұрсынұлы, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов,            Н. Оралбай, Н. Сауранбаев т.б. Анықтық-танықтық категориясы тілдік бірлік ретінде өте өзекті құбылыстардың бірі. Ал функционалды-семантикалық мағынасы жағынан өзге де категориялармен қатар қарастырылып жүр. Тілдік бірлік ретінде тілдік мағынасы жағынан, ұйымдасу әдіс-тәсілдері сипатталу тұрғысынан ерекшелену керек. Анықтық және танықтық категориясын зерттеуде зерттеушілер арасында бірізді пікірлер жоқ. Ғалымдар анықтық-танықтық категориясын сөздердің бір-бірімен орын тәртібі арқылы, екпін, көмекші сөздердің тіркесіп келуі арқылы да жасалатынын өз еңбегінде жазады. Бұл категорияның мағынасы жағынан ұйысуы, яғни лексикалық берілу жолдары дәл грамматикалық жасалу жолдарымен тығыз байланысты. Аталмыш категорияда анықтық-танықтық нысаны (нәрсе, зат белгісі) ұқсас болуымен де ерекшеленеді. Бұл сөйлеуші ақпаратының не анықтық, не танықтық категориясы екендігін дәлелдей түседі.  Анықтық-танықтық категориясының мағынасын анықтау жағдаят сипатымен тағыз байланысты. Бұл нысанда айтушының позициясына ерекше мән беріліп, оның тыңдаушыға әсерін, эмоциясын анықтайды. Бұл категорияның семантикалық жүйелілігі тілдік бірліктердің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Қазақ тілі жүйесініңдегі анықтық-танықтық функционалды-семантикалық категориясының құрылымы өте күрделі, әрі жасалу жолдары аналитикалық форманттар арқылы жасалады. Анықтық/танықтық категориясы тілдік категория ретінде көпаспектілі бірлік қатарына жатады. Семантикалық бірлік жүйесі арқылы сана қызметіне тікелей әсер етуі арқылы да ерекшеленеді. Қызметі жағынан ұйымдасу қағидалары арқылы жүзеге асады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тіліндегі анықтық-танықтық мәнінің шақ категориясындағы көрінісі арнайы тақырып ретінде зерттелмеген. Қазақ тіл білімінде етістіктің ең көп талас тудырып, түрліше сипатталып жүрген категорияларының бірі – шақ категориясы екені анық. Осы, өткен, келер шақ категорияларының семантикалық жүйесінде анықтық-танықтықтың көрінісі уақыт, мезгілді білдіруімен қоса үстемелік мән  мен мағынаның астарлығында жатыр. Зерттеу жұмысымызда анықтық-танықтықтың шақ категориясындағы көрінісі мен мағыналық ерекшеліктеріне байланысты топтастырылуын ғалым Т. Қордабаевтың еңбегіне сүйене отырып сараладық. Келер шақты сенімді\сенімсіз келер шақ деп топтастырады. Қазіргі грамматикада біз модаль сөзге жатқызып жүрген сөздер бар. Мысалы, келетін шығар, келетін көрінеді, келетін тәрізді. Бұл сөздерді ғалым Т. Қордабаев сенімсіз келер шақта көрсеткен. Себебі, семантикалық мағынасы жағынан сөйлеушінің айтып тұрған ақпаратынан сенімсіздік реңкі байқалып тұр.             –Ды, -ді қосымшалары сөйлеушінің ақпаратына толық сенімді екенін білдіріп, анықтық, белгілілік, сенімділік категориясының белгілеріне дәлел бола алады.  Бұл зерттеу жұмысы қазақ тіл білімі жүйесіндегі ғылыми еңбектерге қосымша жоғарғы оқу орындарында, мақала, диссертациялық жұмыстар жазуда, әдістемелік құралдар құрастыруда қолдануға болады.

Диплом жұмысының нысаны – қазақ тіліндегі анықтық-танықтық мәнінің  рөлін айқындау.

Диплом жұмысының мақсаты – етістіктің шақ категориясындағы анықтық-танықтық категорияларының мәні мен мазмұнын, қазақ тіл жүйесіндегі орнын салыстырмалы талдаулар арқылы айқындау.

Аталған мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Өткен шақ пен келер шақ категориясындағы анықтық-танықтық процесінің динамикасын білдіруі жағынан қарастыру;
  • Шақтың өзіне тән тұлғалары мен атқаратын қызметтері жан-жақты саралау;
  • Етістіктің өткен, келер шақтағы айтылу мерзіміне қарап әр тілде әр түрлі бөлушілік бар екенін анықтау;
  • Өткен шақ пен келер шақ категориясындағы анықтық-танықтық категориясына қимылдың, іс-әрекеттің өту сипатын жан-жақты қарастыру.

        Диплом жұмысының ғылыми-әдіснамалық негізі: Жалпы тіл білімі бойынша В. Виноградов, Н. Баскаков, Н.Кононов т.б ғалымдардың еңбектері, қазақ тіл білімі тұрғысынан Т. Қордабаев, Ы. Маманов, А. Ысқақов,                  Қ. Жұбанов, Қ. Кемеңгерұлы, Н. Оралбай, А. Салқынбай,  Ж. Түймебаев сынды ғалымдардың теориялық еңбектері пайдаланылды.

...

Скачать:   txt (228.5 Kb)   pdf (458.4 Kb)   docx (259.2 Kb)  
Продолжить читать еще 78 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club