Лингвистиканың жаңа бағыттары туралы түсінік
Автор: Айгуль Имангазина • Октябрь 18, 2021 • Реферат • 12,235 Слов (49 Страниц) • 485 Просмотры
Лингвистиканың жаңа бағыттары туралы түсінік
1. Қазіргі кездегі лингвистиканың басты мақсаты
2. Антропологиялық парадигма мәселесі
3. Тоғыспалы пәндер жүйесі
Қазіргі кездегі лингвистиканың (мейлі жеке, мейлі жалпы тіл білімі болсын) басты мақсаты – тілді тіл үшін зерттеу емес, адамды тануға негізделген. Мыңжылдықтар тоғысында қалыптасқан бұл ғылыми ұстаным үшін бүгінгі заманда тілді зерттеуге қатысты жаңа талаптар туындады. Әлемдегі барлық құбылыстар адам тәжірибесі мен құндылықтары тұрғысынан қарастырылады.
Қай заманда болмасын ғылым, өнер, білім – барлығы да, түптеп келгенде, адамды тануды бірінші мақсат етіп қойған. Өмірдегі әралуан әрекеттердің жүзеге асу барысы адаммен немесе оның қасиеттерімен байланысты. Өйткені мәселелер қалай өрбісі де, бәрі айналып келгенде адам болмысына тіреле бермек. Себебі мұның бәрі адамды тану қажеттігінен туған идеялар.
Бүгінгі кезде адамтану мәселесімен көптеген ғылым салалары айналысады және оларды әр ғылым өз мақсатына қарай әр түрлі жүйелеуді ұсынады.
Тілді антропологиялық феномен ретінде тереңірек зерттеу соңғы онжылдықтағы тіл білімінің басты бір проблемасына айналып, өз шеңберінде этнолингвистика, лингвомәдениеттаным секілді ғылымдарды қалыптастырып, әрі дамытып отырған тілтану іліміндегі антропологиялық парадигма мәселесіне зерттеушілер бүгінгі таңда ерекше ықылас білдіруде. Лингвистикадағы антропологиялық әдіс тілді адам болмысымен бірлікте қарастыруды көздейді. Бұл – рухани антропологияның бір тармағы іспеттес. Соңғы он шақты жылдың төңірегінде лингвистикалық зерттеулердің антропологиялық парадигмаға ойысу барысы айқын сезілуде. Мұның мәні адам болмысы мен тіл табиғатының байланысы шеңберінде өрбитін кешенді проблемалардың күн тәртібіне қойылуымен байланысты. Тек лингвистика ғана емес, жалпы гуманитарлық пәндердің ғылыми парадигмасы бұрын үстемдік еткен сциентистік (scientific), яғни «қатаң ғылыми», әрі формальді-құрылымдық ұстанымнан бет бұрып, функционалдық, яғни антропологиялық парадигманы жетекші бағытқа айналдырды. Нәтижесінде адам өзінің «барлық құндылықтың өлшеуіші» деген бастапқы мәртебесін қайтадан иемденді.
ХХІ ғасыр лингвистикасында тіл қарым-қатынас құралы болумен ғана шектеліп қала алмайды, оны ұлт мәдениетінің айнасы ретінде қарастыратын жаңа қарқынды бағыт қалыптасуда. Бұндай тұжырымның негізгі іргетасы В.Гумбольдт, А.Потебня секілді ғалымдардың еңбектерінде қаланған болатын.
Бүгінгі таңдағы антропологиялық лингвистика ілімі негізінде жүзеге асатын, бір-бірімен өзара шарттас, әрі іштей тығыз байланысқан бірқатар ғылыми бағыттар қалыптасты. Атап айтар болсақ, олар: әлеуметтік лингвистика (социолингвистика), лингвомәдениеттаным (лингвокультурология), когнитивтік лингвистика (лингвогносеология), этнолингвистика (немесе лингвоэтнология), психолингвистика (лингвопсихология) және лингвопалеонтология (немесе тіл палеонтологиясы). Лингвистиканың басқа ғылым салаларымен қоғамдасып, интеграциялануы нәтижесінде өмірге келген бұл тоғыспалы пәндер жүйесі макролингвистиканың (немесе экстралингвистика, яки тысқары лингвистика) аясында қарастырылады. Пәнаралық ілімдердің иемденетін орнын, тоғысу нүктелерін, бір-бірімен өзара байланысар тұстарын жас тілші ғалым Ж.И.Сұлтан мынадай шартты сызба-нұсқа арқылы көрсетеді:
Түпкі төркіні ХІХ ғасырдан басталатын тіл табиғаты мен халық болмысының өзара шарттылығы кеңінен баяндалатын В. фон Гумбольдттің еңбектерінен көрініс тауып, антропологиялық
...