Лекции по "Управление качеством"
Автор: Otunshieva • Март 14, 2019 • Курс лекций • 38,558 Слов (155 Страниц) • 577 Просмотры
1.
Сапаны басқарудың тарихы...................................................................................7
2 . Сапа туралы түсінік.............................................................................................11
3. Сапаның негізгі көрсеткіштері............................................................................13
4. Тіршілік цикілінің барлық кезеңдерінде өнім сапасын бақыла.......................16
5. Сапа пирамидасы. Сапа аймағындағы жетістік пирамидасы..........................25
6. Сапаны басқаруды жүйелік зерттеу әдістемесі. Сапаны басқару әдістемесінің ерекшелігі .................................................................................................................29 7.Өнім сапасына талаптар. Сапа бойынша өнімнің градациясы..........................32
8. Сапаны басқаруының даму сатылары. Сапаны басқарудың негізгі даму кезеңдері....................................................................................................................35
9. Сапаны басқарудың қазіргі заманға сай концепциясы.....................................40
10. Бақылау түсінігі. Бақылауды ұйымдастыру. Бақылау объектісі...................42
11. Кәсіпорындардың кіріс бақылауын жүргізуінің дұрыстығын бақылау........49
12.Сапаны тотальды басқару (TQM).......................................................................51
13. Сапа менеджмент жүйелеріне қажеттілігінің дәлелденуі...............................60
14. Сапа және сапаны басқарудың эвалюциясы.....................................................65
15. Сапаны басқарудың Батыстық моделі……………………………………...…69
16. Сапаны басқарудың Ресейлік моделі……………………………………….....72
17. Сапаны басқарудың Азиялық моделі………………………………………....76
18. Сапаны басқару бойынша халықаралық стандарттар және олардың сапаны басқару моделінің өзгеруіне әсері...........................................................................79
19. Сапаны басқару әдістемесі .Сапаны басқарудың әдістерінің классификациясы......................................................................................................82
20. Сапаны басқарудағы процесті қадам ………………………………………...85
21. Сапаны басқару және менеджменттің Интернет – технологиялары……….88
22. Сапаны басқаруды диверсификациялау……………………………………...91
23. Cапаның экономикалық категориялары……………………………………...96
24. Сапаны басқаруды қамтамасыз етудің және тиімділігін анықтаудың шығындары................................................................................................................99
25. Сапа жүйесін бағалау........................................................................................100
26. Қазақстандық кәсіпорындарға сапа менеджмент жүйесін жасау және ендіру маңызы.....................................................................................................................104
27. Сапаны басқарудың шет-елдік тәжірибелері.................................................106
28. АҚШ-ғы сапаны басқару тәжірибесі...............................................................110
29. Жапониялық сапаны басқару тәжірибесі.......................................................115
30. Европалық сапаны басқару тәжірибесі..........................................................123
Ұсынылған әдебиеттер…………………………………………………………127
Кіріспе
Кез келген кәсіптің табысы тікелей оның сапасына тәуелді. Сапаны басқара отырып, біз қорлар және жобаларды, қызметтерді және маркетингті басқарамыз. Сапа мәселесі барлық халық шаруашылығының - маңызды мәселесі болып табылады.
Енді оған тығыз өзара байланыспен қоса жаңа экономикалық көзқараспен қарау қажеттілігі туындады. Қазіргі таңда, өнім шығарушылар, өздерінің нарықтық ортаға бейімделулері мен орын алуына - ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге төзімді, сапалы өнім шығару керек екендігін түсінген кез туды. Сапа мәселелеріне назар аудармаған кез-келген кәсіпорындардың істері алға баспайды, тіптен мемлекет тарапынан бөлінген жәрдем қаражаты да дәрменсіз келеді. Нарықтық экономиканың шарттарының бәсекелестігі сапа мәселелеріне үлкен назар аударуға мүмкіндік беруде. Бәсекелестіктің орындалуы әдісі бойынша, оны бағалы (бағаның түсуі, түсіру жолымен бәсекелестікті анықтау) және бағасыз деп бөледі. Осы бойынша сол бағаға сапа параметрлері жоғары және кешенді шарттары бар басқа тауар ұсынылады, ал оны маркетинг тілімен айтқанда «ұсынылмалы тауар» - деп атайды. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі бәсекелестік, сапаны көтеру бағдарламаларын жасаумен ерекшеленеді. Кәсіпорынның өнімді қажетті сапалық сипаттамалармен шығару қабілетін бағалау үшін объективті көрсеткіштерді дайындау қажеттілігі туындады. Көптеген кәсіпорын-өндірушілер халықаралық стандарттарға сәйкес сапа жүйесіне ие. Қазіргі таңда өнімнің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестікті растайтын сертификат - өнімнің жетілдірілгенін қортындылайтын шешуші фактор болып табылады. Сапалы өнімге сәтті түрде ие болу, кез-келген кәсіпорынның өмір сүруінің басты көзі болып табылады. Сапаны басқару жүйесіндегі өндіруші түсінігіндегі сапа мен тұтынушы түсінігіндегі сапа өзара бір-бірімен байланыста болады. Олардың негізгі айырмашылығы коммандалық әкімшілік және нарықтық экономика жағдайларымен анықталады. Сапа экономикасының командалық әкімшілік шарттары өндірушінің позициясымен анықталса, нарықтық экономикасында тұтынушының позициясымен қарастырылады. Бұйымның сапасы тұтыну үрдісінде көрінуі мүмкін. Тұтынушының шарттарымен сәйкес өнімнің сапа түсінігі дәл нарықтық экономика шарттарында көрінеді. Нарықтық экономикада өндіруші мен тұтынушы нарықта бір бірін өздері табады, олардың қызметінің бағытталуы қаржылық ұтыс пен тұтынушылық тиімділікті арттыруға негізделген. Соған байланысты тұтынушы әртүрлі өндірушілердің жақсы тауарлары арасында таңдау құқығына ие. Басты тұлға болып табылатын тұтынушы өз қалауына сәйкес 7 тауарлар мен қызыметтерге ие бола отырып, өндіріс бағытының дамуын анықтайды. Сапа мәселесін көтере отырып, айта кететін жайт, бұл түсініктің артында барлық жағдайда тұтынушы тұратынын ескерген жөн. Дәл осы адам тұтынушылық құқықтардың жақсысын таңдайды. Өндірістік өнімнің қолданылу тиімділігі мен сапасы арасында тікелей байланыс бар. Жоғарғы сапа өнімнің қолданылу тиімділігі өмірлік шығындар мен нарық үлесін көтере отырып сапаның көтерілуіне сәйкес келеді.
...