Салық ұғымын толықтай зерттеу
Автор: St W • Февраль 16, 2022 • Реферат • 950 Слов (4 Страниц) • 176 Просмотры
Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар, азаматтар мемлекет кірісіне міндетті түрде төлеуі қажет төлемдер.
Қазіргі әлемде салықтар мен салық жүйесі бюджеттік түсімдердің көздері ғана емес, сонымен қатар нарықтық экономиканың маңызды құрылымдық элементтері болып табылады. Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірмейтін және тиімді бюджет саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін ұтымды салық жүйесін құрмай, Қазақстан экономикасын толыққанды қайта құру мүмкін емес екенін байқаймыз.
Бұл тақырып қазіргі экономикалық дағдарыс кезеңінде ең өзекті болып табылады, өйткені салық жүйесі мемлекетке кәсіпорындардың, әртүрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметін бақылауға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшін мемлекеттік бюджетті толықтыруға көмектеседі.
Салық ұғымын толықтай зерттеу
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салық тарихы ежелгі дәуірден бастау алады. Қалай болғанда да, олардың табиғи төлемдер түрінде болуы туралы құжаттық дәлелдер б.з. д. V ғасырда кездеседі.Адамзат қазіргі салық негіздемесіне бірден келген жоқ.Бастапқыда сыйлық идеясы басым болды-азамат жаулардан қорғағаны үшін ризашылықпен билеушіге сыйлық жасады. Содан кейін ол үкіметтің халыққа ұлттың ортақ міндеттерін шешу үшін қолдау көрсету туралы кішіпейіл өтініші идеясымен алмастырылды. Бұл идея азаматтардың өз үкіметіне ақшалай көмек көрсету қажеттілігі туралы идеяға айналды.
Жеткілікті ұтымды салық жүйесі ХVII-ХVIII ғасырлар тоғысында, Еуропа елдерінде негізінен бюрократиялық аппараты бар әкімшілік мемлекет болған кезде пайда болды.Теорияны жасаушы- XVIII ғасырдың ғалымы, көрнекті шотланд экономисі Адам Смит. Ол – «салық» салық төлеуші үшін құлдықтың емес, еркіндіктің белгісі екенін жеткізгісі келген. Алтын Орда кезінде (1243-1480) негізінен жиналмалы әдіспен алынатын әр түрлі салықтар мен алымдар болған.Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістердің негізгі көзі жеке тұлғалар мен ұйымдардың кірістеріне салынатын салықтар болды. Алғаш рет қазіргі заманғы табыс салығының прототипі Англияда 1799 жылы Наполеонмен соғысуға ақша табу қажеттілігіне байланысты енгізілді.
Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
...