Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен кәсіпкерлік пәнінен нені үйрендім?

Автор:   •  Январь 2, 2022  •  Эссе  •  262 Слов (2 Страниц)  •  210 Просмотры

Страница 1 из 2

Бахытқызы Назерке

Эссе. Мен кәсіпкерлік пәнінен нені

 үйрендім?

Мен кәсіпкерлік пәнінен алғашқы сабақтарда кәсіпкерліктің даму эволюцияларын,яғни кәсіпкер деген кім? Оның қызметтері мен қағидалары қандай? Кәсіпкер болу үшін адамның бойынан табылуы керек қасиеттер қандай? деген сұрақтарға жауап алдым. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік нысандарға яғни,компаниялар,зауыттар,тб.талдау жасадық. Кәсіпкерлік ортаның мәнін, әлеуметтік кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қатынастар, сондай-ақ әлеуметтік процесстердің маңызын ұғындым. Ары қарай біз белгілі бір кәсіп ашу үшін кәсіпкерге бизнес жоспар құру керек екенін,бизнес жоспарсыз кәсіп ашу мүмкін емес екенін түсіндік. Яғни, кәсіптің алға басуы немесе құлдырауы сол бизнес жоспардың қаншалықты дұрыс жасалынғанына байланысты болатынын білдік. Сонымен қатар кәсіпкер үшіе ең маңызды қыщметтердің бірі- кәсіпорын персоналдарын басқару болып табылады.Әрбір қызметкердің өз міндеттерін дұрыс орындауы, жұмысын тиянақты атқаруы, біліктілігі кез келген кәсіпорын үшін өте маңызды. Кәсіпорын үшін өте маңызды тағы бір нарсе ол іскерлік этика мен эстетиканың болуы. Этика мен эстетиканы сақтау кәсіпорын үшін ғана емес кез келген жеке тұлға үшін міндетті қағида. Өзін ортада дұрыс ұстауы, әдепті сөйлеуі, сыртқы имиджі барлығы да сол ортаға сай болуы керек. Мәселен іскерлік ортаның өзіндік стилі, жеке имиджі болады.

Ары қарай біз франшиза, франчайзинг, франчайзер терминдерін қарастырдық. Шет елдік үлкен алпауыт компаниялардың өзіміздің отанымызда франшизалары болатынын, олардың айтарлықтай айырмашылығы болмайтынын, оның пайдасын т.б түсіндік.Сонымен қатар кәсіпорындарға қатысты заң кодекстерімен таныстық. Яғни салықтың дұрыс төленуі, кәсіпорында заң бұзушылықтардың болмауын бақылайтын белгілі бір заңдар бар екенін білдік. Қорытындылай келгенде мен кәсіпкерлік сабағынан өзіме көптеген білмеген,білсем де маңызды деп таппаған ақпараттардың шын мәнісінде өте маңызды екенін үйрендім.Сабақ барысында біз топтық тапсырмалар арқылы, Перизат Қалмырзақызының дайындаған түрлі ойындары, тапсырмалары арқылы сабақты өте жақсы меңгердім деп айта аламын.Сабақ өте ерекше,креативті болып өтті. Сол үшін өз алғысымды білдіремін.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (39.2 Kb)   docx (7.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club