Химия пәнінен ауыз суды зарарсыздандыру әдiстерi мен технологияларын окыту әдiстемесi бойынша окушылардын зерттеу жумыстарын уйымдастыру
Автор: Айым Ташкенбай • Июнь 23, 2023 • Реферат • 975 Слов (4 Страниц) • 147 Просмотры
ХИМИЯ ПӘНІНЕН АУЫЗ СУДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Студент: Ташкенбай Айым Омарқызы
Жетекші: Досмагулова Қаламгүл Капеновна
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Аннотация
Исследовательская деятельность стала одной из самых востребованных в педагогическом сообществе, так как именно она в наибольшей степени способствует подготовке учащихся к жизни в современном мире, давая им возможность сформировать и развить основные ключевые компетенции (информационную, проектировочную, оценочную, коммуникативную). При правильной организации и своевременной обученности учащихся основам научно-исследовательской деятельности позволит овладеть фундаментальными знаниями в различных областях, смешанных с экологией, но и научиться эффективно использовать полученные знания, развивать самостоятельность и коммуникативные умения.
Annotation
Research activity has become one of the most in demand in the pedagogical community, since it is it that most contributes to the preparation of students for life in the modern world, giving them the opportunity to form and develop the main key competencies (information, design, evaluative, communicative). With proper organization and timely training of students in the basics of research activities, it will allow them to master fundamental knowledge in various fields mixed with ecology, but also learn how to effectively use the knowledge gained, develop independence and communication skills.
Ключевые слова: профильное обучение, питьевая вода, этап становления, экологический тренинг, самостоятельная работа
Key words: specialized training, drinking water, stage of formation, environmental training, independent work
Ауыз судың сапасын бағалау бойынша білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу процесінде білім алушылардың ауыз судың сапасын зерттеуге дайындық деңгейіне зерттеу жүргізілді, білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру мен іске асыруды, зертханалық жұмысты жүргізуді, әдістемелік қолдауды қамтитын ауыз судың сапасын бағалау бойынша білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бағдарлама әзірленді және іске асырылды. Сондай-ақ іске асырылған бағдарламаның тиімділік дәрежесі анықталды, ол үшін арнайы әзірленген әдістеме бойынша білім алушыларға қайта диагностика жүргізілді. Алғашқы зерттеу оқушылардың ауыз су сапасын зерттеуге дайындығының өте жоғары емес деңгейін көрсетті, онда бұл деңгейдің айтарлықтай өсуі байқалды, бұл оқушылардың ауыз су сапасын бағалау бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әзірленген және іске асырылған бағдарламаның тиімділігінің жоғары дәрежесін көрсетеді.
Химия пәнінен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру дербес білім беру бағдарламаларын құрудың маңызды құралы болып табылады, өйткені мектеп оқушысының білім беру мазмұнының элементтерін өзінің қабілетіне, қызығушылығына, болашақ жоспарларына байланысты таңдауына неғұрлым көп мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мазмұны пәндердің базалық тақырыптарын тереңдету мен кеңейту есебінен құрастырылады, сонымен қатар:
- оқу пәндерінің базалық мазмұнына;
- білім беру мекемелерінің бейініне;
- оқушылардың жеке тілегіне, қоғамның сұранысына және оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық «коммуникациялық желілерге шығу» деп жазылған.
Қазіргі заманда білім саласында болып жатқан модернизация пән мұғаліміне жаңа талап пен міндеттерді жүктейді. Химия ғылымына деген жалпы қызығушылық мектеп қабырғасында химия пәнінің оқытылуына әсерін тигізеді. Өзіндік жол табуға ізденеді. Химия пәнін оқытуда биология, физика, математика пәндерін білмейінше, қазіргі кездегі химия негіздерін меңгеру мүмкін емес, ал жаратылыстану пәндерінде химияны білмей, толық түсіне алмайды. Олай болса, химия пәнінен алған сапалы білім, жалпы оқушы көзқарасының қалыптасуына әсер етеді.
...