Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маманды дайындау және қайта даярлаудан өткізу. Квалификациясын жоғарылату. Кадрлық резервпен жұмыс жасау

Автор:   •  Сентябрь 29, 2024  •  Реферат  •  1,627 Слов (7 Страниц)  •  37 Просмотры

Страница 1 из 7

[pic 1]

Фармация ісін басқару және ұйымдастыру кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Маманды дайындау және қайта даярлаудан өткізу. Квалификациясын жоғарылату. Кадрлық резервпен жұмыс жасау.

     

Орындаған:Мейрбекова А.С.

Тобы:ФҚБ-01-20

Қабылдаған:Шимирова Ж.К.

Шымкент 2024 ж

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Маманды дайыдау және қайта даярлаудан өткізу.

Біліктілігін жоғарылату.

Мамандарды тдайындаудағы негізгі міндеттер.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 175-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

Фармацевтикалық жүйедегі еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың басты мәселелерінің бірі – фармацевтикалық мамандардың біліктілік құрамының сапасын арттыру болып табылады. Бұл жұмыс фармацевтикалық мамандардың диплом алғаннан кейінгі дайындықтарын білім жетілдіру факультеттерінде біліктілік деңгейлерін көтеру курстарында оқу және өзберінше дайындалу жүйелері арқылы жүргізіледі. Фармацевтикалық мамандардың біліктілік деңгейлерін көтеру комплексті түрде ғылыми негізінде ұйымдастырылып, тек Республика орталығында ғана емес, басқа да шет ел мемлекеттерінде жүргізілгені дұрыс.

Қызметкерлерді дамыту деп жұмыскердің біліктілігін жоғарылатуға бағыталған іс – шаралардың жиынтығын айтамыз. Ол ең алдымен төмендегіні қамтиды:

- жалпы және кәсіби білім түріндегі қажетті білім, тәжірибе жинақтатып және кәсіпті игеруге оқыту;

- біліктілігін жоғарылату, оның мәселесі-дамушы ҒТП-ке байланысты кәсіби білімі мен тәжірибесін жақсарту;

- жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын қалыптастыруда қажет болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебінде оқыту;

- мағынасы бойынша басқа мамандықты игеру екінші білім алумен тең.

Алдыңғы қатарлы ұйымдар өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына еңбекақы қорының 2 % -дан  10%-ға дейін құрайтын айтарлықтай қаржы жұмсайды. «Дженерал моторс» сияқты компанияларда бұл сома жылына 1 млрд АҚШ долларын құрайды.

  

Кәсіби оқыту – қызметкерді дамытудың маңызды факторы.

Оқытуды ұйымдастыру мен оның мақсатына сәйкес кәсіби оқытудың екі түрін көрсетуге болады:

- нақты мамандандырусыз;

- нақты мамандандыру.

Оқытудың әдістері:

- дәріс;

- топпен талқылау;

- жағдайды қолдан жасау;

- жағдайды талдау;

- басқару ойындары;

- модельдеу.

Қазіргі замандағы ұйымдарда кәсіби оқыту деп келесі кезеңдерден тұратын кешенді үзіліссіз үрдісті айтады:

- қажеттілікті анықтау;

- жетекшілер мен мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде оқыту;

- жетекшілер мен мамандар үшін жыл сайынға оқыту;

- біліктілікті жоғарылату.

Еңбек ынтасы – бұл жұмыскерлердің еңбектік іс - әрекет арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы. Еңбек ынтасының құрамына мыналар кіреді:

- қызметкерді қанағаттандыратын – қажеттілік;

- осы қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі бар – игілік;

- игілікті алуға қажет – еңбектік іс - әрекет;

- еңбектік іс -әрекетті орындауға байланысты жұмсалған материалдық және моральдық тұрғыдан шығындар – баға.

Оқытуды жоспарлау. Қызметкерлерді оқытуды жоспарлау ұйым ішінде және сырттай оқыту немесе білім алу, өз бетінше дайындалу арқылы жүргізіледі.

Сыртқы еңбек нарығынан біліктілігі жоғары жаңа мамандарды іздемей-ақ қызметкерді оқытуды жоспарлау арқылы жұмыскердің меншікті өндірістік ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай жоспарлау жұмыскердің жұмысқа жұмылуына, ынталандыруына және тезірек бейімделуіне жағдай жасайды. Іс жүзінде ұйымда қызметкерді оқытудың екі түрі қалыптасқан: жұмыс орнында және жұмыс орнынан тыс жерде.

...

Скачать:   txt (26.6 Kb)   pdf (200.1 Kb)   docx (63.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club