Қазіргі кезеңдегі поляк-украин қатынастары
Автор: gaziza_a • Март 6, 2023 • Дипломная работа • 22,977 Слов (92 Страниц) • 181 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім беру Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ПОЛЯК-УКРАИН ҚАТЫНАСТАРЫ |
|
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«5В050500–Аймақтану» мамандығы
Алматы, 2019
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім беру Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Қорғауға жіберілді»
Халықаралық қатынастар мен
әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі
________________________________________
______________
«__»_________ 20__ ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ПОЛЯК-УКРАИН ҚАТЫНАСТАРЫ»
«5В050500 –Аймақтану» мамандығы
Орындаған _________________
Ғылыми жетекші
PhD доктор _________________
Норма бақылаушы __________________
Алматы, 2019
Реферат
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі поляк-украин қатынастары
Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың көлемі: 68 бет.
Пайдаланған әдебиеттер саны: 115.
Түйін сөздер: Польша, Украина, Еуропалық Одақ, түсті революция, еуроатлантикалық серіктестік.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі замандағы поляк-украин қарым-қатынастарын 1989-2019 жылдар ауқымында салалық негізде саралап өтіп, байланыс деңгейін анықтап, негізгі мәселелерін қарастырып, қарым-қатынастардың болашағын бағамдау.
Зерттеу міндеттері: дипломдық жұмысының мақсатына қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды:
- Поляк-украин қарым-қатынастарының қалыптасу негізін көрсетіп, өркениеттер қақтығысы контекстіндегі даму бағыттарын саралау;
- Қос мемлекеттердің қазіргі байланыстарындағы сын-тегеуріндері мен мәселелерін анықтау;
- Поляк-украин қарым-қатынастарындағы еуроатлантикалық институттар рөлін бағамдау;
- Қарым-қатынастардағы Польша мен Украинаның жекелей мүдделерін қарастыру;
- Тарихи жады мәселесіндегі қайшылықтардың негізгі проблема ретіндегі қатерін анықтап, оның шешілу нұсқаларын ұсыну;
- Қос мемлекеттің қарым-қатынастарының транформациясын талқылау.
Ғылыми-зерттеу әдістері: анализ және синтез, салыстырмалы-экономикалық, салыстырмалы-тарихи, халықаралық қатынастар және әлемдік экономикаға түсінік беру әдісі басқа ғылымды тану әдістері.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: зерттеу жұмысы қазіргі заманғы Польша мен Украина қарым-қатынастарын жан-жақты салалық негізде сараптап, басты мәселелерін нұсқап және қатынастардың болашағын бағамдауға мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыс материалдарын поляк-украин қатынастарын институционалды, мемлекеттік, еуроатлантикалық ұйымдар шеңберінде даму жолдарын зерттеуге, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардағы транформациялық мәселелерін шешу мақсатында талдау үшін қолдануға болады.
Реферат
Тема дипломной работы: Польско-украинские отношения на современном этапе
Структура дипломной работы: работа состоит из введения, двух глав, заключения, списка литературы.
Объем дипломной работы: 68 страниц.
Количество использованных источников: 115.
Ключевые слова: Польша, Украина, Европейский Союз, цветная революция, евроатлантическое партнерство.
Целью данной дипломной работы: Проанализировать нынешние польско-украинские отношения на отраслевой основе в период с 1989 по 2019 годы, выявляя уровень коммуникации, рассматривая ключевые вопросы и оценивая будущее отношений.
...