Салаларды басқаруды ұйымдастыру тұжырымдамасы
Автор: Asemasem96 • Декабрь 11, 2018 • Лекция • 1,353 Слов (6 Страниц) • 775 Просмотры
Салаларды басқаруды ұйымдастыру тұжырымдамасы
Елдің экономикалық дамуы жаңа ақпараттық, инновациялық технологияларды ендіруге негізделген және өмір сапасының, заманауи демократиялық қоғам құрылысының жаңа стандарттарына көшуді қамтамасыз ететін көп құрылысты әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономика негізінде мүмкін болады. Алайда, инновацияның дамуына кедергі келтіретін көптеген мәселелер бар, мысалы, машина жасау кәсіпорындарының басым көпшілігінің дағдарыстың жағдайы басқарудың тиімсіз жүйесіне, қанағаттанарлықсыз қаржылық жағдайға, аса көп шығындарға, бәсекелестік ортаның дамымағандығына, қондырғылардың тозуының жоғары дәрежесіне, және соның салдары ретіндегі сол салалар ұйымдарының тиімсіз жұмыстарына, сонымен қатар ресурстарды көптеп жоғалтуға негізделген. Салалар дамуының экономикалық потенциалын жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу мен нарықтық өзін-өзі реттеуіштердің экономикалық әдістерінің оңтайлы қабысу механизмін енгізу қажет.
Заманауи жағдайларда бәсекеге қабілетті экономика ғылыми сыйымдылықты өндірістер мен тиімді технологияларды ендіру жолымен ғана қалыптастырылуы мүмкін. Мысалы, бәсекеге қабілетті өнімдіжаппай өндіруді басқару елдің әлеуметтік-экономикасының жақсы дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда иновациялық дамуды басқарудың тұжырымы (1- сурет) салалардың, кәсіпорындардың, ғылыми ұйымдардың, университиеттердің, шағын кәсіпорындардың салаларының дамуы үшін басқарушылық шешім қабылдауда сараптамалық негіздемені қарастырады.
[pic 1]
1 – Сурет. Иновациялық дамуды басқарудың тұжырымы
Ол кәсіпорынның дамуы үшін тәжірибелік қолдануларға мақсатты түрде бағытталған, ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген иновациялық жобалар мен бағдарламаларды құрастыру мен жүзеге асыруға негізделген.
Ғылыммен алынған білім материалды ағымдарды басқару саласында дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдерді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін нақты әрекеттер қажет. Сондықтан да анықтамалардың басқа тобы логистиканы шаруашылық қызмет ретінде қарастырады: логистика - өндіріс және айналыс сфераларындағы материалды ағымдарды басқару болып табылатын шаруашылық қызметтің бағыты.
Өз кезегінде бұл мәселелер өсім «локомотиві» болатын және барлық шаруашылық жүйеде сапалы өзгерістер енгізу үшін қосымша құралдар құрылатын, машина жасауды дамытуды мемлекеттік белсенді қолдау мен техникалық қайта жарақтандыру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Экономиканы қайта құрылымдау үшін ресурстардың тұрақты түжырымы үшін салалардағы барлық шаруашылық қызмет етуші субъектілер өздерінің даму перспективаларын құрулары қажет.
Кәсіпорында өнеркәсіптік өндірісті кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржылық сауықтыру негізінде әрі қарай дамыту үшін өндірістің техникалық жабдықталу деңгейі мен технологиялық деңгейін арттыру, өнімнің бәсекелі және тиімді нарықтарын қалыптастыру қажет.
Трансұлттық корпорацияларда кәсіпорынның интеграциясы жүргізіледі, ішкі және сыртқы нарықтарда кәсіпорындардың бәсекелестік орындары нығайтылады. Экономикалық өсім үшін жекелеген инвестициялардың қолдауы, жинақталған құрылымдық деформацияларды (шығынды кәсіпорындарды қайта құрылымдау, жаңа жұмыс орындарын құру) түзету есебінен инвестициялық тартымдылықты жақсарту қажет. Инвестицияны біртіндеп ұлғайту өндіріс көлемін арттыруға, салалардағы инновациялық үрдістерді белсенді етуге мүмкіндік береді[1].
Логистиканың тұжырымдамалық жағдайлары.
Тұжырымдама – құбылыстардың, үрдістердің түсініктері көзқарастарының жүйесі (шет елдік сөздер сөздігі).
Шаруашылық қызметті материалдық ағындарды басқаруды ұтымды ету жолымен жетілдіру логистиканың тұжырымдамасы болып табылады. Оның негізгі ережелерін сипаттап өтейік.
Жүйелік тәсіл қағидасын жүзеге асыру.
Экономикадағы материалдық ағындар әрқайсысы өзінің жекеменшік мақсатын көздейтін көптеген қатысушылардың әрекеттері нәтижесінде жинақталады. Егер қатысушылар өз әрекеттерін басқарудың бірлескен нысанын – тура материалдық ағынды ұтымды ету мақсатымен келісімге келе алса, онда олар барлығы бірге айтарлық экономикалық ұтысқа ие болады.
...