Кәсіпорынды басқарудағы өндірістік есептің рөлі
Автор: Saule040404 • Февраль 21, 2024 • Статья • 949 Слов (4 Страниц) • 203 Просмотры
Өндірістік есеп – бухгалтерлік есептің басқаруға арналған бөлігі. Басқару есебі жүйесін ұйымдастыру барысында ең алдымен өндірістік есепке көңіл бөлген жөн.
Өндірістік есептің басты мақсаты – өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын калькуляциялау. Менеджерлер сату бағасын, табысты есептеу, босалқы қорларды бағалау кезінде, т.б. оның ақпаратын пайдаланады.
Өндірістік есеп жүйесінде материалдық өндіріс қорының құнын бағалауға арналған өндірістің шығындары анықталады. Өндірістік есеп өнім кұнына баға беру үшін өндірістің шығындары туралы мәліметтер жинақтайды. Негізінен, өндіріске жұмсалған шығын сомасы мен өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау мақсатында есеп-қисап амалдарын өндірістік есеп жүргізеді. Өндірістік шығындар мен фирманың табысын бақылаумен қатар, заманауи өндірістік есеп өндірістің рентабельділігін арттыру мүмкіндіктерінің резервін анықтау үшін де қажет.
Айта кету керек, қазіргі кезде шетелдік және отандык экономикалық әдебиеттерде «өндірістік есеп» (betriebsabrechnung - нем.), «басқару eceбi»(managementaccounting - англ.), «контроллинг» (con-troleing - англ., нем.) терминдеріне бірмәнді ұйғарым берілмейді. Кез келген кәсіпорында өндірістік үрдіс негізгі болып табылады, сондықтан шығындарды есепке алып өнімнің (жұмыс, кызмет) өзіндік құнын калькуляциялайтын өндірістік маңызды және басқарушылар үшін қажетті есеп түрі болып табылады. [1]
Өндірістік есеп - бұл басқару аппараты жоспарлау, бақылау және шешімдер қабылдау кезінде пайдаланатын ішкі есептілікті жасау. Өндірістік есептің негізгі мақсаты Ч. Т. Хорнгрен мен Дж. Фостердің пікірлері бойынша – өнімнің, қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау. Олардың пікірі бойынша «өндірістік есеп» - бұл басқару есебі қосу қаржылық есептің кішігірім бөлігі». Заманауи өндірістік есептің негізгі бөлімдері мынадай:
- шығындарды түрлері бойынша есепке алу, ол есепті мерзімде өнімді өндіру кезінде кәсіпорында қандай шығындар тобы пайда болғанын көрсетеді;
- шығындарды пайда болу жерлері бойынша есепке алу, oл шығындарды кәсіпорынның бөлімшелері арасында таратуға мүмкіндік береді;
- шығындарды шығын тасмалдаушылар бойынша есепке алу, бұл бір бірлік өнімнің өзіндік құнын есептеуге мүмкіндік туғызады.
Өндірістік есеп қай салада болмасын мынадай функциялар атқарады:
- шығындарды тіркеу және акпараттарды ұсыну;
- шығындар көлемін есептеу және бағалау;
- құнды басқару (менеджерлерге баға белгілеу кезінде өнімнің өзіндік құны туралы сенімді ақпарат ұсыну);
- шығындарды талдау (шығындар туралы ақпаратты зерттеу және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде ұсыну).
Шығындар – қойылған мақсатқа жету үшін өндірістік процесске экономикалық ресурстарды тарту қабілеттілігі.
Шығындарды жоспарлау – бұл өндірістік талаптарды қою мен орындау нәтижесінде жалпы кәсіпорын мен оның бөлімшелері бойынша мақсаттарды белгілеу. Жоспарлар сметаларда нақтыланады. Мысалы, шығындар сметасы - бұл күтілетін шығындар жоспары; болашақ кірістер сметасы - бұл болашақ мерзімнің кірістері мен шығыстар жоспары. Кез келген смета бойынша бақылау жүргізуге (нақтылы шығындарды жоспар мен салыстыру арқылы), ауыткуларды анықтап оларды талдауға болады. [2]
Бақылау үрдісінде алдымен шығындардың нормативтері белгіленеді, мысалы, қорлардың нормативтік шығындары. Бұл мәліметтер негізінде тиімділік көрсеткіштерін есептеуге болады. Содан соң нақтылы және жоспарлы көрсеткіштер арасындағы айырмашылықтар анықталады. Бұл келеңсіз жағдайларды, олардың себептерін анықтап болашақта болдырмау жолдарын енгізуге мүмкіндік береді.
Құнды басқару стадиясында шығындар жөнінде ақпаратты бағалау және шешімдер қабылдау үшін алынған ақпаратқа талдау жасалады.
Құнды басқару жүйесі басқарушыларға оңтайлы шешімдер қабылдауға көмектеседі: жаңа өнімдерді шығару; баға белгілеу; маркетингтік ізденістер жүргізу; ассортиментті кеңейту немесе азайту т.с.с.
...