Нарықтық жағдайлардағы бағалар мен бағалардың қалыптасуы
Автор: 7474668324 • Сентябрь 22, 2023 • Реферат • 1,221 Слов (5 Страниц) • 164 Просмотры
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
ӘЖ-23 тобы
Нарықтық жағдайлардағы бағалар мен бағалардың қалыптасуы
Орындаған: Жанзакова Г.Д.
Тексерген: Ауелбекова А.К.
2022 оқу жылы
Мен бұл эссемді Жак-Ив Кусто деген ғалымның сөздерімен бастағым келеді: “нарықтық экономикада әр нәрсенің бағасы бар, бірақ ештеңенің құны жоқ”. Алғашында сауда қатынастарында адамдар тауарлар мен қызметтердің құнын анықтап, бағасын белгілей бастады. Басында тауар айырбасы жүзеге асырылды, ал басқа тауар тауарлық өнім ретінде әрекет етті. Мысалы: қой үшін сатушы 3 қап астық сұрады, бұл қойдың бағасы болды. Ақшаның пайда болуымен ақша бірліктері құрыла бастады. Тауардың құны көзбен есептелген.Қазіргі кезде әр дамыған адам өз елінің экономикасын білуі тиіс. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі заманда нарықтық баға – күрделі экономикалық категориялардың бірі. Баға – ол белгілі бір тауарды сататын сатушы мен сол тауарды сатып алатын клиент арасындағы күрделі байланысты тудыратын ақша. Бәріміз білетіндей күн сайын біз қажет деп санайтын тауарлардың сұраныстары артқан сайын, олардың бағалары да өсуде. Нарықтық экономикада баға басты рөлдердің бірін атқарады. Баға- нарықтық басқару механизмін басқару элементтерінің бірі болып табылады және экономика мен тауар нарығының даму заңдылықтарын көрсетеді.Баға- әрбір нақты кәсіпорын үшін ең маңызды көрсеткіш болып табылады, ол оның табысы мен пайдасын, яғни қаржылық әл-ауқатын анықтайды.Кез-келген коммерциялық қызмет әрбір өндірілген өнімнің бағасын белгілеудің құрамдас бөлігі болып табылады.Экономикалық қатынастар макро және микро деңгейде қарастырылады.
Ал енді басты тақырыпқа, яғни нарықтық экономикалық жағдайлардағы бағалардың қалыптастыру факторларын атап өтсем: өнімнің құны, өнімге сұраныс, бәсеке және мемлекеттің ықпалы, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, тауарды ақша бірлігіне айырбастау, өндіріс көлемі, пайда, салық салу.
Біріншіден, бағаның қалыптасуына өнімнің құны өз әсерін тигізеді. Өнімнің құны дегеніміз тауарды өндіруге, сатып алуға, сондай-ақ сақтау, тасымалдау, өткізу және сатудан түскен түсімдерді есепке алмайтын басқа да шығындар сомасы.Сондай-ақ өнімнің құны сатып алушы арасындағы делдалдардың санына, үй-жайды жалға алу төлем сомасының өзгеруіне, коммуналдық қызметтерге, тарифтерге, қызметкерлердің жалақысына әсер етеді.Мысалы, нақты заманауи ұйымды алайық: Рахат шоколадының өндірісі. Бұл өнімдерге сұраныс жоғары. Қазақстанда өндіріліп, басқа елдерге экспортталады.
Екіншіден, өнімге сұраныс та бағаның қалыптасуына септігін тигізеді. Өнімге сұраныс-ол сатып алушылар белгілі бір бағамен сатып алуға дайын тауардың бағасы мен саны.Мен мұны келесі мысалмен суреттеймін: Айзада балмұздақ алғысы келеді және оны алуға ақшасы бар, міне сұраныс осы. Саян күнде мерседес көліктерінің сайттарында отырады, қымбат көлікті армандайды, бірақ ақша жетпейді, арзанырақ хэндай көлігін мінеді. Саян мерседес көліктеріне қызығушылық танытады, бірақ кіріс төмен болғандықтан, сұраныс та жоқ. Тауар сұранысқа ие: егер тауар сатып алушыны қанағаттандырса, сатып алушы бұл өнімді сатып алуға дайын және қабілетті болса, төлеуге жеткілікті қаражаты болса.
Үшіншіден, бағаның қалыптасуында бәсекенің рөлі зор. Бәсеке бұл- бір мақсатқа мүдделі бәсекелестер арасындағы бәсекелестік.Дәлірек айтқанда,барлық дерлік салаларда ұқсас өнімдер мен қызметтерді ұсынатын бірнеше компания бір уақытта жұмыс істейді, сол кезде бір-бірімен бәсекелеседі.Бәсеке қандай шарттарға негізделіп пайда болды? Бірінші жағынан, толық және экономикалық тәуелсіз өндірушілер. Екінші жағынан,барлығының қатысуымен бәсекелестік күрес. Үшіншісі – сұраныс пен ұсыныс көлемі. Мысалмен дәлелдейтін болсам: Бекзат жеке кондитерлік цех ашуды ұйғарды. Адамдар оған келе бастау үшін ол акция ұсынды- тортқа тапсырыс бергенде, сыйлыққа 6 кекс беріледі.
...