Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инвистиция түрлері

Автор:   •  Сентябрь 30, 2020  •  Реферат  •  970 Слов (4 Страниц)  •  357 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Инвистиция түрлері»

Орындаған: Махмудова Г.Қ.

Тобы: Мк3-20-1к

Тексерген: Асанова Ж.А.

2020-2021

Инвистиция түрлері

    Жоспары:

  1. Инвистиция дегеніміз не?
  2. Инвиститция түрлері
  3. Нақтылық инвестиция
  4. Қаржылық инвестиция
  5.  Тікелей инвестиция
  6. Портфельді инвестиция
  7. Венчурлық инвестиция

   Инвестиция – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвеститциялық қаражат. Инвестор қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде алынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде табыс табу болып табылады. Инвестиция бірінші уақытты, ал екінші тәуекелдікті талап етеді.

   Инвестиция нақтылық және қаржылық болып екі топқа ажыратылады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалынуы үшін салынатын салымдар болып табылады. Қардылық инвестиция дегеніміз – акцонерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, құнды қағаздарға банк депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

   Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай екі категорияға жіктеледі:

  1. Қысқа мерзімдік – иелену мерзімі біп жылға дейін;

ә)  Ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық.

  Қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста ағымдағы құнымен не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егерде қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы нарықтық құнмен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескере отыруға тура келеді. Қысқа мерзімдік қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып табылады, ал керісінше, яғни қаржылық инвестиция төмендесе, онда шығыс болып табылады. Бұл кезде сатып алынған бағасы нарықтық бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше болған жағдайда табыс ретінде танылады. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтауға болады:

  • Жалпы қоржындық жиынтығымен;
  • Инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
  • Жеке инвестициялары бойынша.

  Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асады.

  1. Жоспарлау. Алдымен мемлекеттік инвестиция қай салаға, неліктен, қандай мақсатта жұмсалуы керктігін жоспарлау.
  2. Бағдарламалау. Құрылған жоспарға сай мақсатты жоспар дайындау және оны бағдарламалау.
  3. Бюджетті дайындау. Бағдаламалу сәтті аяқталған соң, мемлекеттік қаржыны жоспарлаған бағдарламаға дайындау кезеңі. Яғни, нақтылы шығыстары мен кірістері анықталады.
  4. Орындау. Жоспар дайын, бағдарлама құрылған, бюджет бөлінген енді әрине, іске асыру қажет.

  Инвистиция бірнеше түрге бөлінеді:

  • Тікелей
  • Портфельдік
  • Венчурлық

   Тікелей инвестициялар – бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатысу  құқығына ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу. Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың басым секторларында тауарлар өндiрудi, жұмыс атқару мен қызмет көрсетудi, жеделдете дамытуды қамтамасыз ету үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау болып табылады. Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау экономиканың басым секторларында жүзеге асырылады.

...

Скачать:   txt (14.3 Kb)   pdf (119.6 Kb)   docx (557.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club