Қазақстанның кәзіргі басты мәселелері
Автор: Arai6113 • Сентябрь 26, 2021 • Эссе • 262 Слов (2 Страниц) • 584 Просмотры
Біріншіден, қазақ тілінің, әрі мәдениетіміздің құлдырауы, себебі жылдан-жылға салт-дәстүрлеріміздің көбі ұмытылуда және шет елдердің ғаламтор арқылы әсерінен жаһандану жүруде, дегенмен ұлттық ерекшелігіміздің осы жаһандану үрдісінің әсерінен жоғалуы мәселесі туындауда.
Екіншіден, ақыл ойдың ағылуы, себебі көптеген жастар өз Отанынан кетіп, шет елдерге біржолата көшуі, әсіресе олардың ішінде басымы білікті, білімі жоғары жастар, әрине бұның нәтижесінде елімізде білікті маманды жастар азайып, болашақта еліміздің дамуы төмендейді, осымен қоса жастар азайғандықтан болашақта қарттар үлесі көбейіп, еңбекке жарамды халық үлесі төмендеп, бұл қайтадан экономикаға кері әсерін тигізеді және нәтижесінде ұлттың қартаюы деп аталатын үрдіс туындауы мүмкін.
Үшіншіден, гендерлік теңсіздік, елімізде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деңгейі жоғары, ал заңдар тиімсіз, сонымен қоса халық керісінше бұл мәселеге көзін жұмып қарайды немесе ұят деген ұғымның кесірінен осы жағдайларды жасыруға тырысады, тағы әйел мен ерлердің жалақыларының үлкен айырмашылығы және феминизм сияқты қозғалыстарға немесе жалпылай айтқанда әйелдерге қатысты қолдаудың болмауы, олар ТЕК ҚАНА үйде отырып, үй жұмысымен айналысу, бала туу керек, мансапқа оларға жетуге болмайды деген қате ұғымның әлі де қоғамның санасында болуы әйелдердің мүмкіндігін шектеуде.
Төртіншіден, коррупцияның жоғарғы деңгейі, ақшадан өлгендей одан басқа құндылықты көрмеу әлі де елімізде кездеседі (әсіресе жоғарғы органдарда), әрине ақшаның халыққа емес өзіндің мақсаттарға кетуі халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуына әкеледі. Халықта ақша жағдайымен
...