Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының (эквиваленттерінің) есебі
Автор: alisher777 • Октябрь 4, 2018 • Лекция • 4,925 Слов (20 Страниц) • 3,036 Просмотры
Дәріс 1-2
Тақырып: Ақша қаражаттары мен олардың баламаларының
(эквиваленттерінің) есебі
Дәрістің мақсаты – білім алушыларға ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру
туралы мағлұмат беру
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
1. Ақша қаражаттарының танылуы және бағалануы
2. Кассадағы нақты ақшаның есебі: бастапқы құжаттар, есеп регистрлері
3. Қолма-қсл ақшасыз есеп айырысу нысандары және олардың сипаттамасы
4. Банктегі ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
5 Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бақылау жасау жүйесі
1 Ақша қаражаттарының танылуы және бағалануы
Бухгалтерлік есептің 7 ”Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп” деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражаттарына, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілгенге дейінгі салымдар жатады.
Аталмыш стандартқа сәйкес ақша қаражаттарына жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржы мекемелеріндегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол қаражаттар, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері) ақшалай аударымдар.
Ақша қаражаттарының баламасы (эквиваленті) деп - ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді, өтімділігі (ликвидтілігі) жоғары салымдарды айтады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақты ақша қаражаттары, әдетте, кассадағы бар нақты ақшаларынан, есеп айырысу, валюталық шоттарындағы және банкте ашылған арнайы шоттардағы нақты ақшаларынан тұрады. Нақты ақшаның осы аталған сақталу орындары бойынша есебі төменде қарастырылды.
Шаруашылық қызметі үдерісінде кәсіпорындар бір-бірімен, салық органдарымен, банкпен, жинақтық зейнет ақы қорымен әр түрлі кәсіпорындар және жеке адамдармен ақшалай қарым-қатынасқа түседі. Қазақстан Республикасының “Ақша төлемі мен аударымы туралы” заңына сәйкес, ақша - төлем және қор жинау құралы болып табылады, сондай-ақ ол құн өлшемі ретінде қызмет етеді . Ақша қаражаттары айналыс өрісіндегі қаражаттардың ең маңыздысы. Кәсіпорындардың меншік иелігіндегі ақшалары түгелдей ұлттық және акционерлік банктердегі есеп айырысу шотында сақталып, осы шот арқылы басқадай кәсіпорындармен есеп айырысу жұмыстары орындалып отырады. Жоғарыда аталған заңдық құжатқа сәйкес, ақша қаражаттары сатылған өнімдерден түскен ақшадан, банктерден алған несиеден тағы басқа көздерден құралады. Бұл қаражаттар кәсіпорынның банктегі ағымдағы шотында сақталады. Негізінен нақты жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу үшін, қызметшілерге еңбек ақы төлеу үшін, несие қайтарымын өте үшін, тағы басқалар үшін жұмсалады.
Әрбір кәсіпорын ақша қаражаттарын сақтау үшін, есеп айырысу, несие және касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыру үшін кез-келген банктен есеп айырысу және басқа да шоттарды ашуға құқықтары бар .
Банк кәсіпорынның тіркелген орнына байланысты оның талабы бойынша есеп айырысу шотын ашуға міндетті. Кәсіпорын шотында болып жатқан операциялардың құпиясын сақтауға банк мекемелері кепілдік береді. Бұл шоттар және операциялар бойынша анықтамаларды банктен кәсіпорынның өзіне, ал қажет жағдайда заң органдарына, тексеру және арбитраж органдарына, жоғарғы тексеру ұйымдарына және салық органдарына береді.
2 Кассадағы нақты ақшаның есебі
Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетінде нақты ақша қаражаттары қажет болып тұрады. Сондықтан қолма-қол ақша қаражаттарын кәсіпорын кассада сақтап, керекті бағыттарға жұмсап отырады.
Кәсіпорында касса қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.10.2011ж №1172 Қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлік есеп жүргізудің ережесіне (тәртібіне)» негізделеді. Аталмыш тәртіп бойынша кәсіпорында ақша қаражаттарының сақталуына жағдай туғызылуы керек.
Кәсіпорында кассалық операцияларды жүргізуші кассир. Оны жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату бас бухгалтердің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық берілгеннен кейін болашақ кассирді міндетті түрде “касса операцияларын жүргізу тәртібімен” таныстырады. Сонан соң, кассир “материалдық жауапкершілігі туралы келісім-шартқа” қол қойып, кассаның жауапкершілігін толық мойнына алуы керек. Содан кейін ғана арнайы комиссияның қатысуымен касса қаражаттары акт бойынша болашақ кассирге өткізіледі. Кассирге өз міндетін басқа біреуге сеніп тапсыруға және кассада кәсіпорынның меншігіне енбейтін ақша қаражаттары мен басқа бағалы заттарды сақтауға тыйым салынады.
...