Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кассадағы ақша қаражаттары есебі

Автор:   •  Апрель 4, 2023  •  Лекция  •  268 Слов (2 Страниц)  •  220 Просмотры

Страница 1 из 2

                                        Кассадағы ақша қаражаттары есебі

Кассадағы ақша қаражаттары есебі 1010 активті, негізгі,ақшалай шотында жүргізіледі.

Касса- арнайы жабдықталған бөлме онда  өртке төзімді шкафтар, сейфтар барлық есік терезелері темір тормен жабылған болуы керек, кассада операциялар жүргізу барысында барлық есік, терезелері ішінен жабылады, кассаның кілті 2 данада болады және оның біріншісі материалды-жауапты тұлғада, екінші көшірмесі конвертте мөрленген күйінде басшының сейфінде сақталады,ол кілтпен  төтенше жағдай болған кезде немесе жауапты тұлға жұмыста болмаған кезде ашылады. Кассада материалды- жауапты тұлға кассир болып табылады.

Кассаға қолма-қол ақша келіп түскен жағдайда Кассалық кіріс ордері рәсімделеді. Кассалық кіріс ордерінде кассир және бас бухгалтердің қолы қойылады және кассалық кіріс ордері бір данада толтырылады, құжаттың түбіртегі ақша жіберуші тұлғаға беріледі, оның негізі өзімізде қалады.

Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар Кассалық шығыс ордерінде немесе төлем тізімдемесі , ақша беру туралы өтініш құжаттарында рәсімделеді. . Кассалық шығыс ордерінде басшы, бас бухгалтер, ақша қаражатын алушы тұлға және кассирдің қолы болуы тиіс. Кассалық шығыс ордері бір данада толтырылады.

ККО және ШКО бухгалтерияда кіріс және шығыстарды тіркеу журналында тіркеледі.

Барлық кірістер және шығыстар туралы операциялар есепті күннің соңында Кассалық кітапқа тіркеледі. Егерде кәсіпорын шағын болған жағдайда кассалық кітап 3-5 рет ,Үлкен кәсіпорын болған жағдайда күнде бухгалтерияға өткізіліп отырады. . Кассалық кітапта кімнен алынғаны кімге берілгені және қанша ақша қаражаттары берілгені туралы немесе жіберілгені туралы  ақпараттар толықтай тіркелініп кассирдің және бас бухгалтердің қолы қойылып қанша кіріс және шығыс кассалық ордері алынғаны жазбаша жазылып бухгалтерияға өткізіледі.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (34.6 Kb)   docx (7.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club