Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аудиторлардың мамандық этикасы

Автор:   •  Август 25, 2019  •  Реферат  •  855 Слов (4 Страниц)  •  2,028 Просмотры

Страница 1 из 4

Аудиторлардың мамандық этикасы

Жоспары:

  1. Аудиторлық қызметтің этикасы;
  2. Аудиторлардың кәсіби этика кодексі;
  3. Қорытынды.

Аудиттің кәсіби этикасы (professional audit ethic) – аудиторлық тексеру жүргізу және өзге де аудиторлық қызмет көрсету кезінде аудитордың адамгершілік мінез-құлық нормаларының жүйесі. Қаржылық есептіліктің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыра отырып, аудитор кәсіби этика нормаларын мүлтіксіз сақтауы тиіс. Бірқатар елдерде аудиттің заңдары, ережелері, кодекстері, кәсіби этикасының ережелері әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Атап айтқанда, аудиттің кәсіби этикасының негізгі ережелері "Аудиторлық қызмет туралы" Заң нормаларымен анықталып, сондай-ақ аудиторлық бірлестіктер деңгейінде де  қалыптастырылған. Мысалы, аудиторлар алқасы жариялаған Кодексте тәуелсіз аудиторлардың адамгершілік, моральдық құндылықтарын анықтайтын, кәсіби мінез-құлқының этикалық нормалары жинақталған. Біздің еліміздегі аудиторлық мамандықтың қалыптасуының маңызды міндеттерінің бірі аудиторлық қызмет үшін этикалық нормаларды әзірлеу болып табылады. Көптеген жылдар бойы аудиторлық практикада қалыптасқан мұндай нормалар аудиттің этикалық кодекстерінде бекітілген. Этикалық нормаларды бұзу әріптестері тарапынан, сондай-ақ аудиторлық палаталар жанынан арнайы құрылған соттар тарапынан соттауға әкеп соғады. Кейбір жағдайларда айып тағылғандарға ақшалай айыппұл және жұмыстан уақытша немесе мәңгі шеттету сияқты жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.            

Аудитордың  этикалық нормаларының  негізгісі – өзінің іс-әрекеттері мен шешімдерінде жалпы қабылданған моральдық нормалар мен қағидаттарды сақтау, ар-ождан бойынша өмір сүру және жұмыс істеу, шындық пен адалдық, пайымдаулар мен қорытындылардағы дербестік пен объективтілік, әділетсіздікке, моральдық және адамгершілік, сондай-ақ олардың барлық көріністерінде құқықтық нормаларды бұзбау болып табылады.

Аудитор кәсіби этика талаптарын бұзудың ықтимал тәуекелдерін анықтауы, оларды бағалауы және белгілі бір жауап әрекеттерін қолдануы тиіс.

Кәсіби этика талаптарын бұзу төмендегі жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:

- аудитордың пайымдауына немесе мінез-құлқына тиісті түрде әсер ететін оның қаржылық немесе басқа да жеке мүдделілігі ;

 - аудит барысында  бұрын өзі немесе аудиторлық ұйымның өзге қызметкері шығарған немесе көрсеткен пікірге аппеляциясыз сүйене отырып,  пайымдауды қалыптастыру кезінде өзін-өзі бақылаудың болмауы;

- клиент немесе аудиторлық ұйымның қандай да бір пікірін алға тарта отырып, аудитор оның объективтілігі күмән тудыруы мүмкін шекараға жетуі;

- клиентпен ұзақ және (немесе) тығыз өзара қарым-қатынас нәтижесінде туындауы мүмкін жақын таныстық салдарынан аудитор шектен тыс клиенттің мүддесіне қызуғышылық танытуы.

Көрсетілген тәуекелдерді жою немесе алдын-алу мүмкін сақтық шаралары аудиторлық кәсіппен, нормативтік құқықтық актілермен анықталып белгіленеді.

Өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде аудитор өзі мүшесі болып табылатын кәсіби аудиторлық бірлестіктер белгілеген нормаларды (кәсіби стандарттарды), сондай-ақ мынадай этикалық қағидаларды басшылыққа алуға тиіс:

1) тәуелсіздік;

2) адалдық;

3) объективтілік;

4) кәсіби құзыреттілік;

5) құпиялылық;

6) кәсіптік мінез-құлық;

7) кәсіби скептицизм.

Аудитордың тәуелсіздігі – аудитордың тексерілетін субъект тарапынан да, сондай-ақ кез келген үшінші тұлғалар тарапынан да ықпал етуден, қысымнан, бақылаудан еркіндігін, аудитордың тексерілетін фирмада қандай да бір қаржылық немесе мүліктік мүдделілігінің болмауын болжайды. Тәуелсіздік аудитордың пікірін қалыптастыру кезінде аудиторлық қызметтерді жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қатынастардан асатын аудиттелетін тұлғаның істеріне қаржылық, мүліктік, туыстық немесе қандай да бір өзге мүдделіліктің, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қандай да бір тәуелділіктің болмауы міндеттемесінен тұрады. Бұл ретте аудитордың тәуелсіздігі ресми белгілер бойынша да, нақты жағдайлар тұрғысынан да қамтамасыз етілуі тиіс.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (79.9 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club