Кәсіпорынның бизнес стратегиясын жоспарлаудың рөлі мен маңыздылығын әзірлеу болып табылады
Автор: Mukhanbetova Ainur • Апрель 16, 2024 • Дипломная работа • 12,169 Слов (49 Страниц) • 131 Просмотры
бет | |
КІРІСПЕ | 3 |
1. КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС СТРАТЕГИЯСЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ | 5 |
1.1 Стратегиялық жоспарлау құралы-бизнес-жоспардың экономикалық мәні | 5 |
1.2 Бизнес стратегияның жіктелімі мен құрылымы | 8 |
1.3 Бизнес стратегиясын әзірлеудің шетелдік тәжірибесі | 13 |
2. «ҚАЗЫҒҰРТ» ЖШС ӨНДІРІСТІК-ЭКОНОМИКАЛЫ Қ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ | 20 |
| 20 |
2.2 «Қазығұрт» ЖШС бизнес бағытын бағалау және талдау | 26 |
2.3 «Қазығұрт» ЖШС бизнес стратегиясын талдау | 29 |
3. КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС СТРАТЕГИЯСЫН ЖАСАУ | 36 |
3.1 Кәсіпорынның бизнес стратегиясындағы тәуекелдер | 36 |
3.2 Кәсіпорынның бизнес стратегиясын жетілдіру туралы ұсыныстар мен мүмкіндіктер | 37 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 42 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 44 |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында озық елдер қатарына ену үшін экономиканы көтеру керектігі айтылған. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес- стратегия әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпкердің өз қызметін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада жоспарлау мүмкіндігі ерекше өзекті болып отыр. Сонымен қатар, бизнес-жоспар негізгі құжаттардың бірі, компанияның даму процесін компанияның жұмысының негізгі аспектілері мен бағыттарын көрсететін кешенді құжатқа рәсімдеуге мүмкіндік беретін тұрақты жұмыс құралы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Кәсіпорынның бизнес стратегиясын жоспарлаудың рөлі мен маңыздылығын әзірлеу болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға сай келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- қаржы саласында алған білімімді қолдану;
- өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
- қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы бизнес стратегиясын талдау;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кәсіпорынның қаржысын басқару және стратегиялық жоспарлау құралы екендігін негіздеу.
Зерттеу пәніне «Қазығұрт» ЖШС алынды.
Зерттеу объектісіне. Кәсіпорынның қаржысын басқарудағы бизнес- стратегиясын жасау.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «Қазығүрт» ЖШС компаниясының бизнес-стратегиясын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі ретінде логикалық, талдау, синтез, зерттеудің математикалық және статистикалық әдістері алынды.
...