Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Басқару іс-әрекетіндегі шешім қабылдау

Автор:   •  Ноябрь 21, 2023  •  Реферат  •  2,523 Слов (11 Страниц)  •  252 Просмотры

Страница 1 из 11

Ібіраш Мерейлім Жанарбекқызы М2-ХО-23-1к

Басқару іс-әрекетіндегі шешім қабылдау.

Басқару шешімдерін қабылдау үдерістері басқару іс- әрекетін ұйымдастыруда өзекті болып табылады, олар оның психоло- гиялық сипаттамаларын барынша толық көрсетеді. Олардың ең маңыздысы – басқару іс-әрекетінің синтетикалық типіне тиесілі, соңғысы іс-әрекеттің жеке және бірлескен (топтық) типтерінен тұрады. Басқару іс-әрекеті, тіпті ол жеке формада жүзеге асатын болса да, жалпы, бірлескен іс- әрекеттің құраушысы (компо- ненті) болып табылады. Оның айрықша осы бір ерекшелігі басқару шешімдерін қабылдау үдерістерінің өзіндік ерекше- лігіне толық қатысты болады.

Бұл екі бастаудың (жеке және топтық) басқару шешімдеріндегіпропорциясы әртүрлі болады, бірақ бастаудың осы екеуі де шешімдерде міндетті түрде қатысады. Бұл шешуші   сәт   ше-   шімдердің   мәліметтерін   сипаттайтын

«шешімдерді қабылдаудағыбірегей басқару және коллегиялық диалектикасы», «оларды қабылдаудағы субкоординациялық және координациялық (үй-лестірушілік) шешімдердің бірлігі» терминдерінде тіркелген. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің барлық ерекшеліктері төрт топқа бөлінеді. Біріншісі және екіншісі – бұлар жеке және топтық таңдау механизмдерін қосумен шартталатын ерекшеліктер.Үшінші топ

– оларға басқару іс-әрекетінің жалпы сипаттамала- рының ықпалымен шартталатын ерекшеліктер. Төртіншісі – олардың жеке, топтық және іс-әрекеттік ерекшеліктерін синтездеу нәтижесінде қалыптасатын басқару шешімдерін қабылдау про- цестерінің интегралдық сипаттамалары. Үшінші топ ерекшелік- терін қарастырудан бастаймыз.

Шешімдер қабылдау және басқару іс-әрекеті түсініктерінің өзара ұғымдылығы басқару шешімдерін қабылдау процестерінің

іс-әрекеттік қасиеттерінің ең жалпы ерекшелігі болып табылады. Мысалы, «жақсы жетекші» және «шешімді жетекші» сөздері синоним деп есептеледі. Басқару шешімдерін қабылдау процесі кәсіби шешімдердің ең күрделі типі. Бұл –басқарудың басты әрі өзіндік функцияларының бірі және басқару функцияларының басқаларының барлығын жүзеге асыру кезіндегі шешуші сәт.

Басқару іс-әрекетінің құрылымында басқару шешімдерін қабылдау процестері өзекті, иерархиялық басты орын алады. Олар оның нәтижелері мен процессуалдық мазмұнын анық- тайды.

Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің іс-әрекет құ- рылымында кеңінен берілуі – олардың тағы бір ерекшелігі. Олар іс-әрекетті жүзеге асырудың барлық кезеңдеріне қосылған, басқару іс-әрекетінің бүкіл құрылымына таралған. Бұл басқару шешімдерін қабылдау процестерін «бойлық өтпе» процестеріретінде тұжырымдауға мәжбүрлейді.

Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әртүрлі әре- кеттік міндеттер мен функцияларға кіруі олардың полифункцио- налдығын айқындайды. Сондықтан олар осы мәселелердіңжүзеге асуын қамтамасыз ететін тиісті әлеуетке ие болуға тиіс, бұған басқару шешімдерін қабылдау процестерінің тағы бір ерекшелігі – олардың полиморфизмі (түрлері мен формала- рының алуандылығы) ықпал етеді.

Басқару шешімдерін қабылдау процестері объективтік фак- торлармен қатар, субъективтік және субъективаралық (тұлға- аралық) бейнедегі факторлардың қосымша жүйесін қосып алады. Басқару шешімдерін бағыныштылар жүзеге асырады; солардың өзі жетекші үшін ақпарат алу арнасы болып та- былады; әлеуметтік қатынастар жүйесі басқару шешімдерін қабылдау процестеріне ықпал етеді.

Жетекші мәртебесінің маргиналдығыда басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әрекеттік сипаттамаларын шарттан- дырады. Олар қабылдайтын шешімдер басқарылатын құрылым- дар міндеттерін қанағаттандыруы, қол астындағылардың мүд- делерін

көздеуге тиіс. Жетекші бір мерзімде өз шешімдерін жоғары тұрған басшылық нұсқауларын жүзеге асыруы керек. Бұл қосжақтылық – мақсаттардың дәл келмеуі мен антагонистикалық ерекше құбылыс көзі және таңдау көрсеткіштері – басқару шешімдерін қабылдау процестерін жүзеге асырудағыбасты қиындық.

Бірнеше шешімдерді бір мезгілде өңдеу қажеттілігі басқару іс-әрекетінің сипатты ерекшелігі болып табылады және ше- шімдерге оларды дайындау мен қабылдаудың полипроцес- суалдық сипатын береді.

Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әрекеттік қа- сиеттері сондай-ақ жеке таңдау процестеріне тән ерекшеліктерге де ие. Шешім қабылдау процесі бұл тұрғыда іс-әрекетті ұйымдас- тырудың реттеулік, интегралдық процестерінің бірі ретінде көрі- неді және олардың негізгі психологиялық сипаттамаларын игереді:

...

Скачать:   txt (38.4 Kb)   pdf (140.6 Kb)   docx (203.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club