Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық адамның оңтайлы (оптималды) шешім қабылдау үлгі-модельдері

Автор:   •  Сентябрь 19, 2021  •  Реферат  •  771 Слов (4 Страниц)  •  600 Просмотры

Страница 1 из 4

  Экономикалық адамның оңтайлы (оптималды) шешім қабылдау үлгі-модельдері. Экономикалық қорлар және өндіріс факторлары. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері.

Ұдайы өндіріс: фазалары, түрлері және үлгілері.

       Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде материалдық игіліктерді өндіру үдерісі табылған. Қоғам тек осы өндірістік үдерістерді жүзеге асыру және үнемі үздіксіз жаңартып отыру арқылы ғана тіршілік ете алады және дами алады. Сондықтан экономика кез келген қоғамның іргетасы болып табылады. Адамзат әрқашанда экономикамен және экономикалық таңдау жағдайында өмір сүреді.

          Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады.

Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді:

1) өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау үдерісі.

2) бөлу – өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.

3) айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі. 4) тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру

үшін қолдану.

         Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:

  1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,

материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.

  2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.

Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үдерісі.

        Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп атайды. «Ұдайы өндіріс» терминін экономикалық ғылымда алғаш рет физиократ Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» (1758 ж.) еңбегінде қолданған болатын. Ол жасалатын өнімнің қозғалысы меншіктенушілер, өндіруші-шаруалар және барлық қалған топтар сияқты қоғамның үш табы арасында орын алады деп қарастырады.

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (116.2 Kb)   docx (209.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club