Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Автоматты басқару жүйелерінiн құрылу кағидалары, максаты мен мiндетi

Автор:   •  Октябрь 6, 2021  •  Реферат  •  3,074 Слов (13 Страниц)  •  788 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебі

Реферат

Тақырыбы: АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ                ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

 

                                                        Орындаған: Абитқанов Еркебұлан 18-МТК-1

                                                         Қабылдаған: Алибекқызы Карлығаш

Өскемен 2021 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Автоматты басқару...............................................................................................3

  1. Негізгі терминдер мен анықтамалар................................................................4
  2. Автоматты басқару жүйелері туралы негігі түсініктер.................................6
  3. Автоматты реттеу жүйесін құрудағы жалпы принциптер.............................8
  4. Автоматты басқару  жүйесінің құрылымы және автоматты жүйе элементтері.........................................................................................................9
  5.  Көпбайланысты басқару жүйесі....................................................................10
  6. Автоматты басқару теориясында қолданылатын негізгі терминдер..........10
  7. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................13
  8.  Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................14

КІРІСПЕ

Жалпы автоматтық басқару — қандай да бір объектіні (машинаны, приборды, жүйені, процесті) берілген алгоритмге сәйкес адамның тікелей қатысуынсыз басқару. АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ еңбек өнімділігін, басқарудың сапалылығы мен дәлдігін арттыру үшін, қолайсыз жерлердегі немесе денсаулыққа залалды жұмыстарды адамның қатысуынсыз атқару мақсатында қолданылады. Басқару мақсаты басқарылатын объектінің реттелу шамасының уақыт бойынша өзгеруімен тікелей байланысты. Басқару мақсатын жүзеге асыру үшін басқарылатын әр түрлі объектілердің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, объектіні басқару тетігіне әсер етерліктей әрекет (басқарғыш әрекет) жасалады. Басқарғыш әрекет басқару қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Өзара әрекетке түсетін басқару қондырғылары мен басқарылатын объектілер жиынтығы басқарудың автоматтандырылған жүйесін құрайды. Бұл негізінен өндірістік т.б. кешендер құрамына кіреді. Уатт бу машинасындағы (1784) центрден тепкіш реттеуіштен тұратын автоматты реттеу жүйесі техникада кеңінен пайдаланылған алғашқы тұйық басқарудың автоматты жүйесі болды. 20 ғасырдың 50-жылдарында өндірістік процестер мен өнеркәсіптік кешендерді электрондық есептеуіш машиналар арқылы басқарудың күрделі жүйелері дүниеге келді. Бұл жүйелер тобына басқарылатын шаманың мәнін тұрақты етіп сақтайтын автоматты реттеу жүйесі, басқарылатын шаманы белгілі бағдарлама бойынша өзгертіп отыратын бағдарламалы басқару жүйесі, басқару бағдарламасы алдын ала берілмеген қадағалауыш жүйе енеді. Басқарудың автоматты жүйелері техниканың түрлі салаларында (көшірмелеуіш фрезалау станогын басқаруға арналған қадағалауыш жүйе, металл кескіш станоктардағы магниттік лента, перфолента немесе перфокарта арқылы бағдарламамен басқаруға арналған жүйе) кеңінен пайдаланылады. Ол авиацияда, ғарыш және әскери техникада үлкен маңыз атқарады. Басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру принциптерін және оларда өтетін процестердің заңдылықтарын зерттейтін техникалық кибернетиканың бөлімі — автоматты басқару теориясы. Ол бірнеше бөлімге (сызықтық, сызықтық емес жүйелер, үздіксіз функциясы, дискретті функциялы, релелі, инвариантты, оптимальды, экстремальды, үлкен жүйелер теориясы, жүйелердің сезгіштік теориясы) бөлінеді. Негізгі проблемасы —басқарудың автоматтандырылған жүйесін синтездеу және анализдеу. АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ тек математикамен ғана емес, физикалық және техникалық ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстанда автоматты басқару теориясынан зерттеулер 60жылы басталды (Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы, Қаз ҰМУ, ҚазҰТУ, Қарағанды политехникалық институты т.б.). Республикада автоматты басқару теориясының негізін А.Қ. Беделбаев салды.

...

Скачать:   txt (47.6 Kb)   pdf (121.6 Kb)   docx (22.2 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club