Химиялық қарқындау ұғымы
Автор: Zharas107w5 • Октябрь 23, 2025 • Реферат • 1,443 Слов (6 Страниц) • 34 Просмотры
Мазмұны
б. | ||
Кіріспе | 3 | |
1 | Негізгі бөлім | 4 |
1.1 | Химиялық қарқындау ұғымы | 4 |
1.2 | Текстиль өңдеуде химиялық қарқындауды қолдану | 5 |
1.3 | Қарқындау әдістері | 6 |
1.4 | Экономикалық және экологиялық тиімділік | 7 |
Қорытынды | 8 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 9 |
Кіріспе
Текстиль өндірісі – маталарды, жіптерді және тоқыма бұйымдарын өндіретін маңызды сала. Бұл өндірісте химия ерекше рөл атқарады, себебі көптеген технологиялық процестер химиялық реакциялармен тығыз байланысты. Қазіргі таңда өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында химиялық қарқындату (интенсификация) әдістері кеңінен қолданылады.
Қазіргі уақытта өндіріс орындары қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін, энергияны аз тұтынатын және сапалы өнім беретін технологияларға көшу үстінде. Осы орайда химиялық қарқындау әдістерінің маңызы зор. Өйткені олар экологиялық қауіпсіз әрі экономикалық жағынан тиімді. Мысалы, бояу процесінде ультрадыбыс қолдану арқылы бояғыштардың маталарға тез әрі сапалы сіңуі қамтамасыз етіледі, сонымен қатар судың шығыны азаяды. Бұл – қоршаған ортаны қорғау мен шығынды азайтудың нақты жолы.
Химиялық қарқындау – химиялық процестің жылдамдығын, тиімділігін арттыратын әдістер кешені. Ол белгілі бір жағдайларды (температура, қысым, энергия көздері, катализаторлар) өзгерту арқылы іске асады. Қарқындау арқылы өңдеу уақыты азайып, ресурстар үнемделіп, өнім сапасы артады. Химиялық қарқындаудың тиімділігін арттыру үшін ультрадыбыстық әсер, инфрақызыл сәуле, микротолқынды энергия, катализаторлар және қысымды өңдеу сияқты әдістер қолданылады.
Химия-текстиль процестерінде химиялық қарқындауды қолдану арқылы өндіріс тек тиімді әрі сапалы ғана емес, сонымен қатар экологиялық тұрақты болуы мүмкін. Сондықтан бұл бағыт заманауи технологиялық жетістіктермен қатар, тұрақты даму мен ресурстарды ұтымды пайдалануға да зор үлес қосады. Осы ғылыми жобада химиялық қарқындау ұғымы, оның текстиль өңдеу процестерінде қолдану әдістері, тиімділігі және болашақ даму бағыттары қарастырылады.
1. Негізгі бөлім
1.1Химиялық қарқындатудың мәні
Химиялық қарқындату – бұл процестің жылдамдығын немесе тиімділігін арттыру үшін химиялық реагенттерді, катализаторларды немесе арнайы жағдайларды (температура, қысым, рН) қолдану әдісі. Мақсаты – уақытты үнемдеу, энергия шығынын азайту және өнім.Бұл ұғым өндірісте қолданылатын химиялық реакциялардың нәтижесін жақсарту мақсатында енгізілген және қазіргі заманғы химия-технологиялық өндірістің ажырамас бөлігіне айналды.Қарқындау әдістері арқылы өңдеу уақыты азайып, шығындар қысқарады, энергия тиімділігі артып, өнім сапасы жақсарады. Химиялық қарқындау бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ең кең таралған әдістерге:
– Температура мен қысымды көтеру;
– Катализаторлар қолдану;
– Ультрадыбыстық өңдеу;
– Микротолқынды сәуле арқылы әсер ету;
– Инфрақызыл сәулемен өңдеу;
– Плазмалық технологиялар;
– Электрохимиялық өңдеу сияқты тәсілдер жатады.
Химиялық қарқындау тек өндіріс тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар экологиялық жүктемені де төмендетеді. Дәстүрлі әдістерге қарағанда, бұл тәсілдерде зиянды қалдықтар аз түзіледі, су мен электр энергиясы үнемделеді, ал бұл – тұрақты даму принциптеріне сай келеді.
...