Химиялық байланыс
Автор: Темуркул Имомкулов • Март 2, 2021 • Реферат • 553 Слов (3 Страниц) • 715 Просмотры
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС.
- Химиялық байланыстың табиғаты және тузілуі, молекулалар құрылымы.
Химиялық байланыс-екі бөлшектің электрон бұлттары бүркеліп, жүйенің толық энергиясы азайғанда болатын екі атомның әрекеттесуін химиялық байланыс дейміз. Химиялық байланыс түзілуде ең басты рольді электрондар атқарады.Химиялық байланыс түзілген кезде атомдардың электрондық құрылымы өзгеріске ұшырайды. Химиялық байланыс түзілгенде әрдайым энергия бөлінеді, яғни түзілетін бөлшектің энергиясы бастапқы бөлшектердің жиынтық энергиясынан төмен болуы керек. Атомдардың электрондық құрылымы анағұрлым тұрақты болған жағдайда ғана химиялық байланыс түзіледі. Сыртқы электрондық қабаты ns2np6 типті болған жағдайда электронды октет және 1 s2 аяқталған, анағұрлым тұрақты болады.
- Байланыстардың эксперименталды сипаттамасы: энергия ұзындығы, бағыттылығы (кеңістіктегі ориентациясы. Орналасу бағыты).
Байланыс энергиясы – өзара байланысқан атомдарды не иондарды бір – бірінен ажырату үшін жұмсалатын энергия. Байланыс энергиясы көбейген сайын химиялық байланыстың беріктігі арта түседі. Екі атомды молекулалар үшін байланыс энергиясы диссоциациялану энергиясына тең. Периодтық жүйеде байланыс энергиясы жоғарыдан төмен қарай азаяды.
Байланыс ұзындығы – химиялық байланыстағы атомдар ядроларының арасындағы қашықтық. Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса, хим байланыс соншалықты берігірек болады.
химиялық байланыстарының бағытталуы – қосылушы атомдардың валенттілік электрондар бұлттарының (орбитальдары) тұйықтасып бірін-бірі қаптау бағыттары. Электрон бұлттарының пішіні әр түрлі болатындықтан, олардың өзара қауышуы әр түрлі әдістермен іске асады. Қауышу әдістеріне байланысты s-, p-, d- байланыстар болады.
- Ковалентгік байланыстың түзілу қасиеттері: бағыты, қаныққандығы, полярлануы. а және п - байланыстардың түзілуі.
Коваленттік байланыс – ортақ электрон жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Коваленттік байланыстың негізгі қасиеттеріне қанығуы, полюстенуі, бағытталуы жатады.
Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен анықталады. Химиялық байланыстың ерекшелігі – қанығуға қабілеті бар, яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады. Қанығуына сай молекулалық байланыстың да белгілі құрамы болады. Сондықтан, Н2, НСl, Н2О, BCl3,CH4 сияқты молекулалардағы байланыстар қаныққан, яғни атомдардың барлық орбитальдарында ортақ электрон жұптары орналасқан.
...